Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет123/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Табиғи сұрыпталу - белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін 
сақтап  бейімделу.  Тіршілігін  сақтап  қалу  үшін  табиғатта  ұдайы 
(үздіксіз)  тіршілік  үшін  күрес  жүреді.Осындай  күрделі  өзара 
байланысты Ч. Дарвин  тіршілік үшін күресдеп атады. 
 
Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы 
күрделі  қарым  –  қатынастың  жиынтығы.Ч.  Дарвин  тіршілік  үшін 
күрестің 3 түрін анықтады: 
1. Түраралық күрес. 
2. Түрішілік күрес. 
3.  Сыртқы  ортаның  қолайсыз  жағдайларына  қарсы  күрес.
 
Түраралық күрес – бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес:
 
а) жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік – қасқыр мен түлкінің 
аулайтыны  қоян  болғандықтан,  қасқыр  мен  түлкінің  арасында  қорек 
үшін бәсекелестік туады;  
 
ә) паразиттік жағдайдағы бәсекелестік – ағаштары қалың болып 
өсетін  ормандарда  басқа  өсімдіктерге  оралып,  сүйеніп  өсетін 
өрмелегіш өсімдіктер. 
 
Түрішілік  күрес  -  бір  түрге  жататын  даралардың  қорек,орын, 
жарық, ылғал үшін күрес. Бір ортада, бір жерде егілген (өскен) қайың, 
емен,  қарағай,  үйенкі  және  т.б.  ағаштардың  өсу  қарқыны  бірдей 
болмайды. Қайыңды орманда бірі биік, діңі жуан болып өссе, екіншісі 
аласа,  діңі  жіңішке  болып  өседі.  Демек,  қайыңдардың  арасында 
жарық,  қорек  үшін  бәсеке  туады,  бір  түрге  жатса  да  қорек,  жарық 
үшін  түрішілік  күрес  жүреді.  Табиғаттың  әр  түрлі  қолайсыз 
жағдайлары  организмдердің  қалыпты  тіршілік  етуіне  кедергі 
жасайды.  Өте  қатты  аяз,  әсірежер  астын  мекендейтін  организмдерге 
(көртышқан,  шұбалшан  және  т.б.)  өте  қауіпті,олардың  көбі  қыры-
лады. Қыста оттектің жетіспеуі су жәндіктеріне қолайсыз жағдайы. 
 
Тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің 
пайда болуна негізгі себеп – табиғи сұрыпталу.  


110 
 
Бейімделушіліктің түрлер: 
1. Бүркеніш рең (жасырушы) және оның түрлері. 
2. Түйсік-сезімдік бейімделу. 
3. Ұрпағына қамқорлық. 
4. Физологиялық бейімделу 
 
Бүркеніш рең  - жауы тез байқайтын ашық жерде  тіршілік ететін 
организмдердің  жауынан  қорғануы  үшін  қажет  болып  табылтың 
бейімделушілік.  Басқа  орта  жағдайында  бейімделу  үшін  жануарлар-
дың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым қуалайды. 
 
Организмдердің  тіршілік  ортасына  түрліше  бейімделуіне  негізгі 
себепші - сұрыпталу. 
1.  Бүркеніш  рең  -  ашық  жерде  тіршілік  ететін  организмдердің 
жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік. 
2. Сақтандырушы рең - улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән 
бүркеніш реңнің түрі. 
3. Қызықтырушы рең - организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш 
реңнің түрі. 
4.  Қауіп  төндіруші  рең  -  жауынан  қорғану  үшін  айбар  шегіп 
құтылу тәсілі. 
5. Еліктеуші рең (мимикрия) - табиғаттың өлі заттарына және тірі 
организмдердің  еліктеуі  -  өздігінен  қорғана  алмайтын,  баяу  қозғала-
тың дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет