132
қалыптасуы. Негізінен өсімді алуантүрліліктің көбеюінен басқа түр-
лердің әсіресе, бунақденелілер мен басқа жануарлардың санының
қарқынды өсуі байқалады. Алайда табиғатта қауымдастықтың
климаксті түрі де бар. Бұл қауымдастықтар дамудың ең соңғы
кезегінде басқа қалыптасу кезеңдерінде тіршілік еткен саны жағынан
мол болып келетін түрлерге өз орнын береді. Мұндай климаксті
қауымдастықтарға түрлік құрамның қалыптасуына басқа факторлар
әсер етеді. Мұндай факторларға ағзалардың мөлшерінің үлкеюі
жатады. Бұл қасиеттердің арқасында мұндай жануарлар қолайсыз
кезеңдерде тіршілік үшін күрес барысында үлкен роль атқарады.
Ортаның қолайлылығы топтанудағы түрлер санының артуына
елеулі ықпал тигізеді. Қорегі аз мекенететін жерлерде жануарлар
жемтігінің әртүрлі типтерінен елеусіз қалдыра алмайды. Ал қорек
көп жерлерде олар едәуір күй таңдағыш болады және өзінің тамақ
ішу рационың ең жақсы қоректік объектілермен шектеуге мүмкіндігі
бар. Көптеген организмдер өсіп-өнген ортаның қолайлы жағдай-
ларында өздерінің санын тезкөбеюге қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: