Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет150/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

1  санат  -  жойылып  бара  жатқандар.  Олар  туралы  соңғы  50 
жылда  ешқандай  деректер  жоқ.  Мысалы,  қызыл  қасқыр,  қара  күзен, 
қаблан, қызыл құм арқары т.б. 
 
2  санат  -  саны  азайып  бара  жатқандар.  Мысалы,  балқаш  ала 
бұғасы, сары құтан, жұпар, құлан т.б. 
 
3  санат  –  серек  түрлері  (қазір  жойылып  кету  қауіпі  жоқ,  бірақ 
өте  сирек  кездесетіндер).  Мысалы,  қар  барысы,  сілеусін,  жарқанат  – 
қара ләйлек т.б. 
 
4  санат  –  белгісіздер  (толық  зерттелмеген  түрлер).  Мысалы, 
шұбар кесіртке, қара шұбар жылан т.б. 
 
5  санат–  қалпына  келгендер  (қорғау  жұмыстары  нәтижесінде 
қайта көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көк құс т.б. 
 
«Қызыл  кітапқа»  енгізілген  жануарларды  аулауға,  өсімдіктерді 
жоюға тиым салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. Сондық-


138 
 
тан  оған  енген  жан  –  жануарларды  оқып  үйрену,  білу  баршаның 
міндеті болып табылады. 
 
«Қызыл  кітапқа»  енген  аң  мен  құстарды,  өсімдіктерді  біле 
отырып, біз оны  зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз.  «Қызыл кітап» 
әрбір отбасы мектептің кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз 
оларды қорғауға үлес қосатын боламыз. 
 
Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  жануарлар  мен 
өсімдіктердің  сол  немесе  өзге  түрін  енгізуге  және  оның  мартебесін 
айқындауға  санының  қисапсыз  азаюы,  таралу  аймақтарының 
қысқаруы,  тіршілік  ету  жағдайының  қолайсыз  өзгеруі  туралы 
деректер  немесе  оны  қорғау  мен  өсімін  молайту  жөнінде  шығу 
шаралар  қолданудың  қажеттігі  туралы  дәлел  келтіретін  кез  келген 
басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи 
ресурыстарды қорғау одағының тізіміне енген сирек кездесетін және 
жойылып  кету  қаупі  бар  жануарлардың  түрлері  ҚР  Қызыл  кітабына 
бірінші  кезекте  енгізіледі.  Жануарлар  мен  өсімдіктердің  кез  келген 
түрін  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізу  немесе 
Қызыл  кітаптан  шығару  туралы  ұсыныстар  Қазақстан  Республика-
сының  Қызыл  кітабы  жөніндегі  зоологиялық  және  ботаникалық 
комиссияларға  ұсынылады.  Жануарлар  мен  өсімдіктер  түрлерін 
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына, одан шығару және кез 
келген  түрінің  мәртебесі  туралы  мәселелерді  қарау  үшін  ведомство-
аралық,  зоологиялық  және  ботаникалық,  комиссиялар  құрылады, 
олардың  құрамына  қарамастан  осы  салалардың  жетекші  мамандары 
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Қазақстан 
Республикасының  Экология  және  биоресурстар  министірлігінің, 
табиғатты  қорғау  жөніндегі  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  – 
зерттеу  мекемелерінің,  қоғамдық  ұйымдардың  және  басқаларының) 
кіреді. 
 
ҚР  Қызыл  кітабы  «Жануарлар  дүниесін  қорғау,  өсімін  молайту 
және пайдалану туралы», Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 
жасалған және республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып 
келе  жатқан  әріқұрып  кету  қатері  төніп  отырған  жануарлар  мен 
өсімдіктер түрлерінің жай – күйі туралы мәліметтерді, оларды зертеу, 
қорғау  өсімін  молайту  және  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  қажетті 
шаралардың  жиынтығы  негізгі  құжат  болып  саналады.  Қазақстан 
Республикасының  Қызыл  кітабы  сонымен  қатар  жануарлар  мен 
өсімдіктер дүниесі мемлекеттік құрамдас бөлігі болып табылады. 


139 
 
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республика-
сының  аумаңында  құрғақта,  суда,  ауамен  жер  қыртысында 
еркін жағдайда  тұрақты  және  уақытша  мекендейтін  жануарлар  (сүт 
қоректілер,  құстар,  бауырмен  жорғалаушылар,  қосмекенділер, 
балықтар,  сондай  –  ақ  ұлутектілер,  жәндіктер  және  басқалар)  мен 
өсімдіктердің  түрлері  (түршелері,  популяциялары)  тіркеледі. 
Санымен  тіршілік  жағдайы  олардың  тектік  қорының  молаюы  мен 
сақталуына  қатер  төндірмейтіндей  шекке  жеткен  жануарлар  мен 
өсімдіктер  түрлері  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына 
шығарылуға жатады. 
 
Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген 
жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында  ерекше  қорғауға  алынады.  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында  көзделгеннен  басқа  жағдайда,  бұл  түрлерді  аулауға 
(жинауға)  бүкіл  республика  аумағында  тыйым  салынады.  Қазақстан 
Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген  жануарлар  мен 
өсімдіктер  түрлерінің  (түршелерінің,  популяцияларының  )  жойылып 
кетуіне,  сандарының  азаюына  және  тіршілік  ететін  ортасының 
нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол берілмейді. 
  
Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген 
организмдердің  әр  түрі  үшін  мынадай  негізгі  деректер  келтіріледі: 
түрдің  латынша,  қазақша және орысша аталуы;  мәртебесі (жойылып 
бара жатқан, саны азайған, сирек кездесетін); түрдің сыртқы бейнесі; 
Қазақстанда бұрын және қазіргі кезде таралуы картасымен; саны мен 
оның  өзгеру  барысы;  негізгі  шектеуші  факторлар  және  саны  мен 
таралу  аймағының  өзгеру  себептері;  жасанды  жағдайда,  қолда  және 
қалыпты  ортада  өсіру  мүмкіндігі  туралы  мәләметтер;  түрдің  тектік 
қорын  сақтауда  Қазақстан  Республикасы  аумағында  мекендейтін 
популяцияның рөлі; қорғаудың қолданылған және қажетті шаралары; 
ақпарат  көздері.  Қажет  болған  жағдайда,  сондай  –  ақ  организмнің 
жастық маусымдық ерекшеліктері де сипатталады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет