158
уақытқа
созылған
өте
күрделі
құбылыс.
Атақты
ғалым
Я.Я. Рогинскийдің пікірі бойынша адам эволюциясында негізінен
мынадай морфологиялық өзгерістер басты рөл атқарады. Ол
біріншіден - қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеруі арқылы тік
жүруге көшуі; екіншіден - мидың дамуы мен көлемініц ұлғаюы;
үшіншіден - жақсүйектердің кішірейіп, сөйлеу мүмкіндігіне көшуі
екенін атап көрсеткен. Бұларға қоса ғалым әлеуметтік әрекеттер,
еңбек құралдарын жасап, пайдалана білу және оларды жетілдіре түсу,
қоғамдасып тіршілік ету, айқын сөз арқылы бір-бірімен қарым-
қатынас жасау, ақыл, ой мен мәдениеттің дамуы адам эволюция-
сындағы сапалық өзгерістердің пайда болуына тікелей ықпал жасаған
деп қорытындылайды.Қазіргі кезде де жеке адамдарда болатын
тұқым қуалайтын өзгерістер (яғни мутациялар) кездесіп тұрады. Ал
оларды басқару, зиянды белгілердің болуынан сақтаңдыру тек
биологиялық заңдылықтарды жақсы білген кезде ғана жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: