Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет168/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Күн  сәулесі  өзінің  спектрінде  биологиялық  әсері  жөнінен  үш 
топқа  бөлінеді:  көзге  көрінетін,  инфрақызыл  және  ультракүлгін 
сәулелер.Жер  бетіне  ультракүлгін  сәулелердің  тек  ұзын  толқыңды 
сәулелері ғана келіп жетеді, ал тірі ағзалар тіршілігі үшін өте қауіпті 
қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерді атмосфера қабатының 20—
25  км  биіктігіндегі  жұқа  озон  қабаты  тұтып  қалады.  Озон  қабаты 
тіршілік  үшін  қорғаныштық  қызмет  атқарады.  Орасан  зор  энергия 
көзі  болып  саналатын  ұзын  толқынды  ультракүлгін  сәулелердің 
химиялық  маңызы  ерекше.  Ал  олардың  көп  болуы  ағзалар  үшін  өте 
зиянды.  Жер  бетіндегі  ағзалар  тіршілігі  үшін  олардың  аздаған 
мөлшерінің  өзі  жеткілікті.Жер  бетіне  жететін  күн  сәулесінің  көзге 
көрінетін сәулелері ағзалар үшін өте маңызды. 
 
Жасыл  өсімдіктер  үшін  жарықтың  маңызы  орасан  зор. 
Жарықтың түсуінен жасыл өсімдіктерде органикалық заттар түзіледі, 
оны  басқа  ағзалар  пайдаланады.  Сонымен  қатар,  жарық  жасыл 
өсімдіктердегі  зат  алмасуға,  судың  булануына,  ақуыздардың  және 
нуклеин  қышқылдарының  синтезделуіне,  кейбір  ферменттердің 
түзілуіне әсер етеді, ал кейбір өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі 
үшін  жарық  болуы  міндетті  емес.  Көптеген  ағзалар  топырақ  ішінде, 
үңгірлерде,  судың  терең  қабатындағы  қараңғыда  тіршілік  етуге 
бейімделген. 
 
Жануарлар  үшін  жарық  та  елеулі  рөл  атқарады.  Қоңыржай 
белдеулерде  тіршілік  ететін  жануарларға  күзгі  күннің  қысқаруы 
(жарықтың  аз  уақыт  түсуі)  олардың  көбею  жағдайына  әсер  етіп, 
тоқтатады.  Ал  көктемгі  күннің  үзаруы  жануарлардың  көбеюіне 
жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының 
көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет