Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет171/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Табиғаттағы  маусымдық.  Халқымыз  «алты  ай  қыс,  алты  ай 
жаз»  деген  ұғымды  жиі  айтады.  Мұндағы  «алты  ай  қыс»  деп 
отырғаны күз бен қыс, ал «алты ай жаз» деп көктем мен жаз айларын 
айтады.  Жыл  маусымдарының  әрқайсысына  тән  белгілерді  Абай 
атамыз өз өлеңдерінде дәлме-дәл айшықты теңеулермен өте орынды 
келтірген. 
 
Елімізде  таралған  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігі  үшін 
жылдық  температура  өзгерісі  негізгі  рөл  атқарады.  Бұл  аймақ  үшін 
алты  айға  жуық  кезең  (көктем  мен  жаз)  тіршілікке  өте  қолайлы  деп 
есептеледі.  Өлкемізде  қар  кете  салысымен,  көктемнің  белгілері 
білінеді.  Ең  алғаш  бәйшешектер  шығады,  оның  артынша  басқа 
өсімдіктер  де  өркен  жайып  өсе  бастайды,  жыл  құстары  да  ұшып 
келеді, қыстап шыққан басқа жәндіктердің тіршілігі жандана түседі. 
 
Жаз ортасында табиғаттағы өзгеріс ерекше көзге түсіп, көптеген 
өсімдіктердің  жемісі  пісіп,  өсуі  баяулайды  немесе  толық  тоқталады. 
Бұл  кезде  гүлдеп  түрған  өсімдіктер  сирей  бастайды.  Құстардың 
көбею кезеңі де аяқталып, балапандарының қанаттары қатаяды. Күзге 
қарай өсімдіктер  тіршілігінде ерекше өзгерістер  болады да, олардың 
бойында қоректік қор заттары жиналады. Жануарлар тіршілігінде де 
қысқа  дайындық  жағдайлары  байқалады.  Көптеген  сүтқоректілер 
түлейді,  ал  жыл  құстары  топтанып  жылы  аймақтарға  қарай  ұша 
бастайды. Мұның бәрі де жылдық маусымдық өзгерістер деп аталады. 
Күн  суытып  қыс  түсе  бастаған  кезде  табиғатта  қысқы  тыныштық 
кезеңі басталады. 
 
Қысқы  тыныштық  кезеңі  -  төменгі  температураға  байланысты 
өсіп дамудың жай ғана тоқталуы емес, ол өте күрделі физиологиялық 


169 
 
бейімділік  құбылыс  болып  саналады.  Әрбір  ағза  үшін  қысқы 
тыныштық  күйі  сол  ағзаның  дамуының  бір  сатысында  ғана 
байқалады.  Мысалы,  өсімдіктер  қысқы  тыныштық  күйге  көшкен 
кезде онда зат алмасу жағдайы мүлде тоқтамайды, ол өте баяу болса 
да  жүріп  жатады.  Қысқы  тыныштық  кезеңде  қор  заты  жиналған 
тұқымдары немесе жер бетіндегі және жертасты бөлімдері, ал кейбір 
өсімдіктердің  тамыр  маңындағы  жапырақтары  қыстап  шығады  да, 
көктем шығысымен олар өркен жайып, өсе бастайды. 
 
Жануарлар  әлемінде  де  қысқы  тыным  кезеңі  айқын  байқалады. 
Әсіресе бунақденелілерде қысқы тыныштық күйі олардың дамуының 
бір  сатысына  сәйкес  келеді.  Мысалы,  безгек  масасы  мен  қалақай 
көбелектері  ересек  күйінде,  орамжапырақ  көбелегі  -  қуыршақ 
сатысында, ал жібек көбелегі - жұмыртқа сатысында қыстап шығады. 
Кейбір  сүтқоректілер  қысқы  тыныштық  кезінде  ұйқыға  кетеді, 
олардың  денесіңде  май  заттары  қорға  жиналады  да,  соның  есебінен 
зат  алмасу  баяу  жүреді,  ал  өсімдіктерде  қоректік  қор  заттары 
тұқымдарында,  тамыр  түйнектерінде,  пиязшықтарында,  т.  б. 
мүшелерінде  жиналып,  қысқы  тыныштық  кезеңдегі  зат  алмасуды 
қамтамасыз  етеді.  Осындай  ерекшеліктердің  арқасында  барлық 
ағзалар  тыныштық  кезеңі  арқылы  қыстың  қатаң  жағдайларына  ұзақ 
шыдай алады. Мұның өзі ұзақ тарихи даму кезінде бірте-бірте пайда 
болған физиологиялық бейімділік қасиет болып саналады. 
Биологиялық ырғақтын, себептері.    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет