170
сыртқы және ішкі ырғақтар бірлесе әсер етеді. Бұл құбылысты
биологиялық ырғақдеп атайды. Кез келген ағза өзінің тіршілік әреке-
тін мерзімге сай белгілі ырғақпен бір өткізуге бейімделеді. Сондық-
тан да уақыттың өзі негізі бір экологиялық әсердің бірі болып санала-
ды. Ағзалар сол уақыт өзгерісіне сай сыртқы ортаның табиғи ырғақ-
тық өзгерісіне бейімделеді. Биологиялық ырғақ - тәуліктік, мұхит-
тардың тасуы мен қайтуы, айлық және жылдық ырғақтар деп бөліне-
ді. Кез келген ағзаның басты тіршілік әрекеттері (өсуі, көбеюі, қорек-
тенуі) тәуліктің немесе жылдың қолайлы кезеңдеріне сәйкес келеді.
Әрбір ағзаға тән барлық физиологиялық құбылыстар маусымдық
температура өзгерісіне сәйкес жүріп отырады. Бірақ та температура
тіршілік әрекеттерінің жылдамдығына ықпалын тигізгенімен,
табиғатта болатын маусымдық құбылыстардың негізгі реттеуші рөлін
атқармайды. Ағзалар әрбір өзгерістерге алдын ала дайындық жасай-
ды. Мысалы, қысқы жағдайға дайындық жаз мезгілінің өзінде-ақ яғни
температура жоғары кезден басталады. Оған бунакденелілердің
жоғары температура кезінде қыстап шығуға дайындығын немесе жыл
құстарының жылы жаққа ұшар алдындағы түлеуін, денесіне қор
заттарын жинауын, т.б. атауға болады. Сондықтан да ағзалардың
маусымдық өзгерістерге бейімделуіне температурадан басқа да
сыртқы әсерлердің ауытқуыда ықпал жасайды. Ондай әсерлердің
біріне күн сәулесінің түсу ұзақтығы және күн мен түннің алмасып
отыруы жатады. Бұл әсер арқылы ағзалар жыл
мезгілдерінің алмасуы-
на сәйкес барлық тіршілік әрекетін өзгертіп, соған сай бейімделе
түседі.
Барлық ағзалардың тіршілік әрекетіңде байқалатын маусымдық
ырғақты өзгерістерде күн сәулесінің ұзақ түсуі негізгі рөл атқарады.
Сондықтан да ағзалардың күн сәулесінің ұзақ түсуіне қайтаратын
жауап реакциясын
фотопериодизм деп атайды.
Жер бетіндегі барлық ағзалар үшін күн сәулесінің маңызы өте
зор, олар күн сәулесі арқылы өніп-өседі, дамиды және өз тіршілігін
жалғастырып отырады. Соңдықтан да Күн тіршілік тірегі болып
саналады. Ағза үшін күн мен түннің алмасып отыруы, оның ұзақтығы
фотопериодизм құбылысына ықпал жасаушы негізгі әсер болып
есептеледі. Фотопериодизм құбылысы арқылы ағзалар алдын ала
сыртқы орта жағдайының әр түрлі маусымдық ауытқуларына бейім-
деле алады. Бірақ та фотопериодизм құбылысы барлық ағзаларға
түгелдей дерлік тән емес. Көптеген түрлерге оның әсері байқал-
171
майды. Мысалы, жыл маусымдарының алмасуы ерекше байқал-
майтын тропиктік аймақтардағы ағзаларда фотопериодизм құбылысы
болмайды. Фотопериодизм құбылысы жыл мезгілдері алмасып
тұратын ендіктердегі ағзаларда өте айқын байқалады.
Фотопериодизм құбылысының ерекшелігіне сәйкес
қысқа
Достарыңызбен бөлісу: