Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет178/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Әлемдік  мұхит  биомассасы.  Жер  ғаламшарының  -  негізгі  әрі 
көпшілік  бөлігін  гидросфера  алып  жатыр.  Сондықтан  біздің 
ғаламшарды  көгілдір  ғаламшар  деп  орынды  атайды.  Ондағы  судың 
көлемі  құрлықтағыдан  15  есе  артық.  Су  тіршіліктің  алғаш  пайда 
болған және дамыған ортасы. Оның тірі ағзалар үшін маңызы өте зор. 
Сулы  ортаның  да  өзіне  тән  қасиеттері  бар.  Оларға  тығыздығы, 
қысымның  шұғыл  ауытқуы,  оттегі  мөлшерінің  салыстырмалы  түрде 
аз  болуы,  күн  сәулелерін  күшті  сіңіруі,  т.  б.  жатады.  Суда  тіршілік 
ететін  ағзаларды  гидробионттар  деп  атайды.  Сулы  ортаның  жылуды 
жақсы  сіңіруінің  нәтижесінде  мұхиттар  мен  теңіздерде  температура 
едөуір  тұрақты  болады.  Су  жылуды  жақсы  өткізеді.  Мұның  бәрі  де 
тіршілік  үшін  қолайлы  жағдай  туғызады.  Ағзаларда  жүретін  барлық 
тіршілік  өрекеттері  судың  тікелей  қатысуымен  жүреді.  Мұхит 
суының  құрамында  минералды  тұздар  және  70-ке  жуық  химиялық 
элементтер  кездеседі.  Суда  оттегі  мен  көміркышқыл  газы  жақсы 
ериді.  Судағы  жасыл  балдырлар  фотосинтез  әрекеті  арқылы  суды 
оттегімен байытады. 
Мұхит  суының  химиялық  құрамы  бірқалыпты  тұрақты 
болғандықтан,  тіршілік  үшін  өте  колайлы.  Онда  су  ағысымен  беткі 
қабатыңда қалқып жүріп тіршілік ететін ағзаларды - планктондар деп 
атайды (геркще. “планктос”- кезеген). Оған бір жасушалы балдырлар, 
қарапайым  жәндіктер,  медузалар,  кейбір  былқылдақ

денелілер  мен 
шаянтәрізділер, т. б. жануарлар жатады. Планктондар мұхиттағы 


181 
 
ағзалардың қоректену тізбегінде елеулі орын алады. 
Мұхиттарда  планктондар  және  басқа  да  еркін  жүзіп  жүріп 
тіршілік  ететін  жануарлардан  басқа  су  түбіңде  бір  нәрсеге  бекініп 
немесе жорғалап жүріп тіршілік ететін ағзаларды - бентостар (грекше. 
“бентос”-"су  түбінде  жатушы"  деген  ұғым)  деп  атайды.  Мұхитта 
бұлардан  басқа  да  көптеген  ірі  жануарлар  (балықтар,  кальмарлар, 
тасбақалар,  ескекаяқтылар,  киттәрізділер,  т.  б.)  да  көптеп  кездеседі. 
мұхит  биомассасы  шашырап  таралған  және  барлық  қабаттарда 
біркелкі  болмайды.  Мұхит  суының  беткі  200  метрге  дейінгі  қабаты 
тіршілік үшін өте қолайлы болып саналады. 
Мұхиттың  түбінде  органикалық  заттарды  бейорганикалық 
заттарға  ыдырататын  бактериялар  да  кездеседі.  Мұхитта  тіршілік 
ететін  кейбір  қарапайымдылардың  және  былқылдақденелілердің 
денесінің  сырты  кремний  немесе  әктаспен  қапталған  қабыршақтан 
немесе  бақалшақтан  тұрады.  Бұл  жануарлар  өлген  кезде  мұхит 
түбіңде  шөгеді.  Олардан  миллиондаған  жылдар  ішінде  шөгінді 
жыныстар  пайда  болады.  Өзіміз  күнделікті  керіп  жүрген  әктас,  бор 
құрамынан сол жануарлардың қалдықтарын көруге болады. 
Құрлықпен 
салыстырғанда  Әлемдік  мұхиттарда  ағзалар 
биомассасы 1000 есе аз. Бұған қарап мұхит суының тірі ағзаларға бай 
еместігін бірден аңғаруға болады. Әлемдік мұхит суы Жер шарының 
климаттық жағдайын реттейді. Ондағы бір жасушалы балдырлар ауа 
құрамыңдағы  оттегі  мөлшерінің  тұрақты  болуын  қамтамасыз  етеді. 
Қазіргі  кезде  мұхит  суларын  жан-жақты  пайдалану  және  оның 
құрамынан  пайдалы  қазбалар  өндіру  ісіне  көптеген  мемлекеттер 
басты назар аударуда. Мысалы, Жапония 1975 жылдан бастап мұхит 
суының  құрамынан  уран  өндіріп  келеді.  Мұхит  суын  тұщыландыру 
шаралары  да  көп  елдерде  қолға  алынған.  Мұхитта  тіршілік  ететін 
кәсіптік  мәні  бар  жануарларды  (балықтарды,  киттерді,  т.  б.)  қорғау 
мәселесі де қолға алынып отыр. 
Жалпы  алғанда  гидросфераның  биосфераға  әсері  күшті. 
Биосферада  болатын  судың  айналымы  үлкен  немесе  геалогиялық 
айналым  деп  аталады.  Үлкен  айналымда  да  негізгі  энергия  көзі  Күн 
сәулелері болып саналады. Үлкен айналымға да тірі ағзалар белсеңді 
түрде қатысады. Биологиялық айналым кезінде биосферада негізінен 
химиялық  жұмыстар  атқарылса,  ал  геологиялық  айналымда  механи-
калық  жұмыстар  орыңдалады.  Мұхит  пен  құрлықарасында  болатын 
судың  айналымы  атмосферадағы  климаттық  әсерлерге  ықпалын 


182 
 
тигізіп,  жалпы  биосферада  болып  жататын  зат  пен  энергия 
алмасуының тұрақтылығын және біртұтастылығын қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  кезде  Әлемдік  мұхиттан  мұнай  өндіру  ісі  ерекше  қолға 
алынған.  Осындай  мұнай  өндіру  және  мұнай  өнімдерін  тасымалдау 
кезінде, ғалымдардың есебі бойынша Әлемдік мұхитқа жылына 6-10 
млн. тонна. мұнай өнімдері төгіледі екен. Төгілген мұнай судың бетін 
тұтасымен  жауып,  ондағы  тіршілікке  орасан  зор  зиянын  тигізді. 
Қазіргі кезде Атлант мұхитының ластанғандығы ерекше көзге түседі. 
Сондықтан  да  Әлемдік  мұхитты  қорғау  -  бүкіл  адамзаттың  басты 
міндетті. 
Адамның  ғаламшар  биомассасына  тигізетін  әсері.  Соңғы 
жылдары  адамның  бүкіл  биосфераға  әсері  күшті  байқалуда.  Адам 
санының  ұдайы  өсуі,  табиғатқа  ғылыми-техникалық  прогрестің 
ықпалының тездеуінен адамзат әрекетінің әсері ұлғайып отыр. 
Адамзат  табиғатты  пайдалану  кезінде  жыл  сайын  ғаламшарда4 
трлн.  тоннадан  астам  заттардың  орнын  ауыстырып,  жаңадан 
мыңдаған  химиялық  қосылыстар  жасап  шығаруда  және  олардың 
көпшілігі  табиғатта  болатын  зат  айналымына  қосылмай,  биосферада 
көптеп  жиналып,  оны  ластайды.  Өнеркәсіптерден  шыққан  улы 
заттардың  нәтижесінде  ірі  географиялық  аймақтарда  күн  радиация-
сының  мөлшерінің  кемуі,  озон  қабатыңың  жұқаруы,  қышқылды 
жаңбырдың  жаууы,  т.  б.  жағдайлар  байқалуда.  Адам  өз  іс-әрекетін 
биосферада  жүретін  табиғат  заңдылықтарына  сай  жүргізуі  тиіс. 
Сонда  ғана  биосферадағы  зат  айналымы  бұзылмайды,  әрі  ғаламшар 
биомассасы  азаймайды.  Мұның  өзі  қазіргі  өмір  талабы  болып  отыр. 
Биосфераны қорғау адамның өзін қорғау мәселесімен сабақтас екенін 
естен шығармау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет