Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Жануарлар мен өсімдіктердің дамуын басқару



Pdf көрінісі
бет175/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Жануарлар мен өсімдіктердің дамуын басқару. Күн ұзақтығы-
ның  маусымдық  құбылыстарды  реттеудегі  рөлін  білу  ағзалардың 


173 
 
дамуын басқаруға зор мүмкіндіктер туғызады. Жасанды жарық түсіру 
арқылы  ағзалардың  дамуына  әсер  ете  отырып,  көкөністер  мен  түрлі 
сәндік  гүлдерді  жыл  бойы  өсіруге  мүмкіндік  туды.  Мұндай  әдістер 
соңғы  кезде  көбірек  қолданылып,  жыл  бойы  өсімдіктерді  өсіруге 
және  құс  фабрикаларыңда  құстардың  жұмыртқалағыштығын 
арттыруға  мүмкіндік  туғызады.  Мысалы,  Алматы  қаласының 
маңындағы  “Таугүл”  кеңшарында  жыл  бойы  түрлі  гүлдер  өсіріліп, 
астана  халқына  игілікті  қызмет  көрсетуде.  Тұқымның  суыққа 
төзімділігін  арттыру  арқылы  көктемде  егілген  күздік  дақылдардың 
масақтану,  сондай-ақ  көптеген  екі  жылдық  өсімдіктердің  алғашқы 
жылы-ақ  гүлдеп,  жеміс  беру  мүмкіндіктері  зерттелуде.  Құстар  мен 
сүтқоректілердің  дене  температурасы  тұрақты  екені  жануартану 
пәнінен  белгілі.  Сондықтан  да  олар  сыртқы  орта  жағдайындағы 
температураның  ауытқуына  онша  тәуелді  емес,  бірақ  та  олардың 
тіршілік  әрекетіне  (көбеюіне,  дамуына,  таралуына)  температуралық 
жағдайдың әсері байқалады.Мысалы, қызылшақа балапан шығаратын 
құстар  көбінесе  өз  балапаңдарын  денесінің  температурасымен 
қыздырады.  Құстар  мен  сүтқоректілердің  дене  температурасының 
тұрақты болуы олардың тіршілік  үшін күрес жағдайында  негізгі рөл 
атқарады  және  олардың  жер  шарында  кеңінен  таралуына  жағдай 
жасайды. 
 
Ылғалдылық. Ағзалардың таралуында ылғалдылық та басты рөл 
атқарады.  Кез  келген  ағзаның  қалыпты  тіршілік  етуі  үшін  оның 
денесінің  құрамына  кіретін  судың  маңызы  өте  зор.  Жер  шарының 
барлық  аймақтарыңда  жыл  бойы  жауын-шашын  біркелкі  жаумайды, 
соған орай әрбір табиғи аймақтарда ылғалдылық мөлшері де түрліше 
болады.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  көптеген  түрлері  ылғалды 
аймақтарда  таралған.  Ылғалдылықтың  жетіспеушілігінен  ағзалар 
тіршілігі мен таралуы шектеледі. 
 
Ағзаларда эволюция барысыңда ылғалды үнемдеп пайдалануға, 
оны айналадағы ортадан қабылдауға, жылдың қуаңшылық мезгілін 
физиологиялық  тыныштық  күйде  өткізуге  және  т.  б.  түрді 
бейімделушіліктер бірте-бірте қалыптасқан. Мысалы, шөлді жерлерде 
өсетін  көпжылдық  өсімдіктердің  (сексеуіл,  жантақ,  т.  б.)  тамырлары 
өте тереңге таралып, қажетті ылғалды алуға бейімделген. 
 
 
 
 


174 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет