26
5. Липидтер — корға жиналған заттар рөлін атқарады. Жануарлар
мен өсімдіктер әртүрлі мүшелерде жиналған май қорын тіршілік
барысында біртіндеп жұмсайды.
Биологиялық молекулалардың пайда болуы. Тірі ағзаларда әр
түрлі кіші органикалық молекулалар пайда болады. Оларды мономер-
лер («моно» - бір) деп атайды. Мономерлер қосылып, ірі молекулалар
- полимерлерді («поли» - көп) немесе макромолекуланы («макро» -
үлкен) құрайды. Ондай органикалық қосылыстар: жүн, каучук, жібек
және мақта адамға бұрыннан белгілі. XX ғасырдан бастап химиктер
жасанды полимер - пластмассаны ала бастады. Ағза өсімдіктекті және
жануартекті азық- түліктің құрамынан энергиясы мол полимерлер
қабылдайды. Олар әр түрлі ферменттердің әсерінен мономерлерге
дейін ыдырайды. Ол мономерлерден сол ағзаға тән полимер молеку-
лалары синтезделеді. Барлық тірі ағзалар органикалық қосылыс-
тардың төрт түрінен тұрады. Олар: көмірсулар, липидтер және ақуыз
бен нуклеин кышқылдары.
Достарыңызбен бөлісу: