4.2 Биологиялықмаңызды қосылыстардың негізгі типтері
Жасушаның органикалық заттары. Тірі жасушаның құрамында
өлі табиғатта кездесетін көптеген органикалық қосылыстар болады.
Ондай қосылыстарға: көмірсулар, липидтер, ақуыздар, нуклеин қыш-
қылдары және т. б. органикалық қосылыстар жатады.
Органикалық қосылыстар дегеңіміз-құрамына көміртегі немесе
оның қосылыстары кіретін, сондай-ақ ауада және оттегінде жаңа
алатын заттар.Тірі жасушадағы органикалық заттардың барлығы
биополимерлерге жатады. Полимер молекуласы қарапайым заттардан
құрылады, оларды мономерлер деп атайды. Егер «А» әрпі бар
мономер болса, оңда мынадай тізбектен: А-А-А-А-А-А-А...А полимер
молекуласы, яғни көптеген мономерлерден биополимер молекуласы
түзіледі. Ондай полимерлерге: крахмал, гликоген, жасунық, (клет-
чатка), ақуыз, нуклеин қышқылдарын, т. б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |