Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет10/16
Дата11.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#128677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Биологиялық бағытқоғам эвалюция заңдылықтарына, жаратылыстану ғылымдарының принциптерін енгізді. А.Бастиян 1826ж.-1905ж. өмір сүрген. Герман рэвалюциянизмінің негізін қалаған. Еңбегі «Общий основания этнологии».

Әлеуметтік бағыт- негізін қалаушылар: Хонд, Дюргейм, К.Штарке.

  • Неке отбасының дамуы

  • Қоғамдық еңбектін бөлінуі

  • Жекеменшіктін шығуын зерттеді.

Географиялық бағыт - тарихи географиялық аспектілерін пайдаланды. Географиялық фактрдың маңыздылығына тоқталды. Андре, Надеждин негізін қалағандар. ХІХғ аяғында антропологиялық тарихи мектептін ашылуынан жабылды.

2. Диффузионизм.

Диффузиянизм- физикадан алынған ұғым, араласу, сіңу, бірігу деген мағына білдіреді. Негізін қалаған Фридрих Рацель лепциг университетінің профессоры, еңбегі «антропогеография». Адамның жер бетіне таралуын қарастырады. Мәдениет дамуының жалпы көрінісін географиялық жағдайда зерттеуге тырысады. «Халықтар, тілдер, рассолар жоғалады, пайда болады». Этнографияны зерттегенде заттар рөл ойнайды. Әшекей, киім, есірткі бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Ат әбзелдері, металл өз иелерімен бірге жүреді.

Тарихи географиялық бағыт-Скандинавия елдерінде тарады, мәденет таралуын зерттейді.

Мәдени шеңберлер мектебі. Алғашқы қоғам тарихын ғаламдық негізде қалпына келтіруге тырысты. Фриц Глебнер неміс этнологы ХІХғ. аяғы ХХғ. Бірінші жартысына дейін өмір сүрді. Этнология «Мәдениет шеңберлері» еңбегі бар. Вена өкілі, католик пастері Вильгелм Шмидт. Гребнердің идеясын жалғастырушы. Еңбегі «құдай идеясының шығуы». Ғылыми әдіс көмегімен биологиялық дәстүр бойынша моногамияның ежелден келе жатқаның, әке құқығының және тек бір құдайға сенушіліктің анық ақиқат екендігін айқындай түсті.

Геолиталық мектеп.

Бүкіл мәдениеттің шығуын Ежелгі Мысырмен байланыстырады. Негізін қалаушы дәрігер-невропотолог Уильям Риверс ағылшын диффузионизмінің өкілі болып табылады. Еңбегі: «Меланезия қоғамының тарихы». Эволюциялизммен диффузионизмнің ортасын қарастырды. Эллиот-Смит мәйітті мумиялау, күнге, отқа, жыланға табыну, пұтарды жасау, тоқыма кәсібі, сүндетке отырғызу, құлақты тесу және созу салты.



3. Функционализм.

Функциянализм ілімі: Англиядағы әлеуметтану мектебінің идеялық жалғасы және оның принциптерінің дамуы. Бронислав Малиновский ХІХғ аяғы ХХғ бірінші жартысы. Еңбегі:



  • «Тынық мұхитының батыс бөліктерінің аргонафтары»

  • «Тағылық қоғамдағы қылмыспен әдет- ғұрып»

  • «Мәдениет теориясы»

4.Қазіргі этнология.

Француз әлеуметтану мектебі. Бұл ағымның ірі өкілі және негізін қалаушы-философ, педагок, әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм 1858-1917 жж өмір сүрді. Қоғамның аһуалын, жалпы адамзаттық қоғамды емес, нақты адамзат бірлестігін зерттейді. Олардың әрқайсын дербес, басқа тәуелсіз бірлік ретінде қарастырды. Дюркгейм «жеке қоғамдар» үлгілерін жасауда оның негізін алғашқы орда, ру тәрізді ең қарапайым қоғамды алды.

Американдық мектеп. ХІХғ. аяғы АҚШ-та эволюционистік бағыттан басқа тарихи этнологияның «Американдық мектебі» деп аталған Франс Боас негізін құрған мектеп пайда болды. Ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық істермен де айналысты, отаршылдық, нацизм, алалаушылыққа қарсы шықты. Ғылымның жалпы міндеті әлеуметтік өмір құбылыстарының барлық жиынтығын (тіл, әдет-ғұрыптар, көші-қон, физикалық белгілер) зерттеу болып табылады және бұл зерттеу жалпы алғанда тек өркениетті ұлттардың ғана емес, барлық адамзат баласы тарихының мұз дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бүкіл кезеңдерін, яғни «адамзаттың тарихын» жасап шығу. Бұл үшін әрбір жеке халықтың тарихын оның ұлттық ерекшеліктерімен қоса алып зерттеу қажет.

Релиятивизм- барлық моральдық белгілердің салыстырмалы екенің және барлық халықтың мәдениетін салыстыруға келмейді.

5. Ресей этнологиясының дамуы.

ХІХ ғасырдың 40 жылдары К.М. Бэр, Н.И. Надеждин, К.Д. Кавелин деген орыс ғалымдары этнография ғылымынң негізін қалады. Бұлар Орыс география қоғамыны этнография бөлімінің мүшелері еді.

Орыс география қоғамыны құрылтайшысы Н.И. Надеждин (1804-1856), ол 1848 жылдан этнография бөлімінің басқарды. Ол орыс халқының этнографиясын зерттуді мәселе етіп көтереді. Этнографияның алдына міндеттер қойып, негізгі үш бағытын тілін, физикалық этнографиясын және психикалық этнографиясын қояды.

Этнография және этнология ғылымының қалыптасуы мен дамуына академик Д.Н. Анучин 1843-1923 жж. Өз үлесін қосты. Ол Мәскеу университетінде антропология кафедрасын құрып, басқарады. Сонымен қатар Этнология курсынан лекция оқыды.

Н.Н. Миклухо-Маклай 1846-1888 жж. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және мұхит аралдарының жергілікті халықтарын зерттеді.

Орыс этнография ғылымына ағалы-қарындасты Н.Н. Харузин және В.Н. Харузин өз үлестерін қосты. Н.Н. Харузин Мәскеу және Лазерев институттарында этнография курсынан сабақ берді. Фин, түрік, монғол халықтарына арналды. Қайтыс болғаннан кейін Этнография деген жалпы атаумен жарыққа шықты. В.Н. Харузин діни сенім және фольклор мен айналысты. Мәскеу археология институтында этнографи курсынан сабақ берді.



Лекция 3. Әлем халықтарының негізгі класификациясы.

Жиі кездесетін сөздер. Расса, морфология, физиология,тілдік мемья, мәдени-шаруашылық.

Жоспар

1.Географиялық класификация.

2.Антропологиялық класификация.

3.Лингвистикалық класификация.

4.Шаруашылық – мәдени класификация.

Мақсаты: Әлем халықтарының негізгі классификациясымен қарастыру.

1.Географиялық класификация.

2.Антропологиялық класификация.

Оларды антропологиялық жағынан қарау деп атаймыз. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата – бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ( физикалық, дене және тіс қыртыстарының) ерекшеліктеріне қарайды. Бұл белгілеріне анығырақ тоқталсақ, шаштың сыртқы көрінісі, беттегі тыныс жолдарының даму дәрежесі, шаштардың түсуі (пигмейтация), тері мен көздерінің түстері, бойдың ұзындығы, бас сүйектің құрылыс тұрпаты, әсіресе, жақ сүйектің, жақ еттерінің орналасу нышаны бойынша ажыратылады. Адамдардың мұндай нәсілдік белгілері палеолит (тас) ғасырында пайда болған сияқты.

Дүние жүзі халықтарын діни тұрғыдан да топтауға болады. Бірақ халықтарды дін жағынан топқа бөлу өте жасанды, сондықтан да бұл сала этнографтарға айтарлықтай жәрдем ете алмайды. Себебі дін дүние жүзінде ұлттар немесе мемлекеттер бойынша таралған емес. Жер шарын мекендеушілер негізінен: христиан, будда және ислам атты үш үлкен дінге бөлінеді. Бұл діндерді мойындаушылардың ішінде көптеген рулар, ұлыстар, тайпалар, халықтар және мемлекеттер бар.

3.Лингвистикалық класификация.

Халықтарды топтастырудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі – тіл. Ол басты этникалық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын – алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан – жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым – қатынастарының негізінен келіп шыққан.

Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принциптеріне негіздеп тіл семьяларына бөледі.

Морфологиялық жолмен жіктегенде дүние жүзіндегі барша халық тілі грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Бірақ морфологиялық жағынан тілді топтау әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттеліп бітпеген іс. Себебі тілдердің грамматикалық құрылыстың ұқсастығын, олардың өзара туыстық қарым – қатынастың қайдан, қалай шыққандығын толық белгілеу мүмкін болмай келеді. Көптеген халықтар туысқандық жағынан бір – бірінен қашық болса да, олардың тілдерінің грамматикалық құрылысы ұқсас келуі әбден мүмкін. Мысалы, Вьетнам тілінің грамматикалық құрылысы, Судан халықтарының тілдерінің грамматикалық құрылысы өте жақын. Сондай жақындықты ағылшын және полинезиялықтар жөнінде де айтуға болады. Морфология бойынша дүние жүзі халықтарының топ – топқа бөлудің осындай қиыншылықтарына қарамастан, кейбір туыстық жағынан жақын халықтарды түбегейлі зерттеп тану үшін, оның керекті жақтары да баршылық.

Генеологиялық (қандас, туысқандық) жағынан тілді топтау бір тіл мен екінші тілдің туысқандық байланыстарын ғана көрсетіп қоймай, бір халық пен екінші халықтың арасындағы тарихи туысқандық жақындығын айқын ашып көрсететін белгілердің бірі. Тілдің генеологиялық жағынан жақындағы халықтардың шығу тегін зерттеуде этнографтарға үнемі көмекші құрал бола алады. Мысалы, орыс пен украин тілдері бір –біріне жақын болса, қазақ пен ноғайлар, қарақалпақтардың тілдері бір – біріне тіпті ұқсас және бұл халықтар бір – бірін еш қиындықсыз түсінісе алады. Ал орыс пен неміс тілдері бір –бірінен өте алшақ жатыр. Олар бір – бірінің сөздерін түсінбейді. Сондықтан да бұл халықтардың арасында генеологиялық байланыстар бар деу қиын.

Тілдердің ұқсастығына қарай, тамырының бір тектілігіне қарай дүние жүзіндегі 2000-нан астам тілдерді бірнеше тіл семьясына бөледі. Ал бір – біріне тамырластығы жақындау тілдерді «тамырлас, туыстас» тілдер деп аталса, бір –біріне тіпті жақын тілдерді кішкене бөліктерге, тармақтарға, тармақшаларға қосып жіктейді. Сөйтіп, дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 10 үлкен тіл семьясына бөлінеді:

1.Үнді - еуропалық тіл семьясына Оңтүстік Азиядан Еуропаға дейінгі жерлерді мекендеуші халықтардың тілдері жатады. Кейінгі кездерде, әсіресе, халықаралық қарым – қатынас күшеюімен үнді – Еуропа тілінде сөйлейтін халықтар Америка, Оңтүстік Африка, Австралия мен Океания құрылықтарына көптеп таралған.

2.Семито-хамит тіл семьясында Солтүстік Африканы,Оңтүстік-батыс Азияны мекендеуші халықтар тілдері жатады.

3.Орал-Алтай тіл семьясында сөйлеушілерді угро-фин және алтай - деп екіге бөледі.Угрофин тілінде сөйлеушілер – Еділ өзенінің жоғарғы ағысын мекендеушілер және Венгрия мен Финляндия, Обь өзенінің төменгі жағына дейінгі жерлерді жайлаған халықтар.

Алтай тіл семьясындағы тілде Кіші Азияда Балқан жарты аралында, Якутинға дейінгі жерлерде тұратын халықтар сөйлейді. Анығырақ айтқанда,Орталық Азия,Еділ бойының,Оңтүстік Сібірдің кейбір халықтары осы тілде сөйлейді. Бұл тіл үш топқа бөлінеді: түрік, монғол және тунгус (тунгусманьжур) . Тунгус тілінде сөйлеуші кіші – гірім Азия халықтарына маньжурлар, эвенктер, тунгустар, нанай – гольдтер және басқа ұлт – ұлыстар жатады.

4.Қытай – тибет (сино-тибет) тілінде Шығыс, Оңтүстік – шығыс Азияның тұрғындары сөйлейді. Бұл семьяға қытай тілінен басқа да бірнеше кіші – гірім тан, мяо – яо т.б ұлыстар тілі жатады.

5.Малай –Полинезия тіл семьясында Үнді және Тынық мұхиттарындағы көптеген аралдардың, Мадагаскар мен Пасхи секілді аралдардың тұрғындары сөйлейді. Бұлардың ішіндегі ең ірі тілдің бірі – Индонезия, одан кейін Мальгаш тілдері. Меланезия, Полинезия және Микронезия тілдерінде сөйлейтін адамдар саны жағынан онша көп емес. Олардың тілдері оңтүстік –шығыс Азия халықтарының тіліне ұқсас келеді.

6.Дравид тіл семьясында Оңтүстік Үндістанның, Цейлон аралының бір бөлігінде мекендеушілер сөйлейді. Олар – тел, тамиль, каннар, малаяя және т.б.

7.Мунд тілінде (Орталық Индияны) мекендеушілер сөйлейді. Дравид пен Мунд тілдері алғашқы уақытта осы Индия жерінде пайда болған тілдер болуы тиіс.

8.Банту тіл семьясында Оңтүстік Африканың жарымынан көпшілігінде орналасқан халықтардың тілі жатады. Банту тілі Судан жерінде пайда болып, кейін сол жерден Оңтүстік Африкаға тараған болуы ықтимал.

9.Кавказ тілі Таяу Шығыста, Жерорта теңізінің төңірегіне тараған тілдердің бірі.

10.Мон –кхмер тілінде сөйлеушілер Үндіқытай, Камбудже жерін мекендейді. Кейбір тілшілер мон – кхмер тілін малая – полинезиялық тіл семьясына жатқан деседі.

Жоғарыда біз тоқталып өткен 10 тіл семьясынан басқа да алуан тілдер бар. әсіресе ондай тілдерді Американың, Азияның, Океанияның және Африканың аборигендерінің арасынан келістіруге болады.



4.Шаруашылық – мәдени класификация.

Барлық халықтардың мәдени –шаруашылығы жағынан ұқсастығына қарап топтауға болады. Бір табиғи – географиялық аймақта бірнеше тілдерде сөйлейтін ұлттардың мекендеуі мүмкін. Олардың тілдері бір –біріне ұқсас болмағанымен шаруашылықтары, тұрмыстары және заттай мәдениеттері ұқсас немесе мүлдем жақын болып келуі мүмкін. Міне, осындай ұқсастығына қарай отырып, дүние жүзіндегі халықтарды шаруашылық - мәдени тұрмысы жағынан топ –топқа таратып бөлуге болады. әрбір шаруашылық – мәдени бөліктерге өзінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы бойынша, шамамен біркелкі дамыған және ұқсас табиғи географиялық жағдайда орналасқан, ертеден әр халыққа тән болған, тамырлас шаруашылығына және мәдени тұрмыс ерекшеліктеріне ие болған халықтарды бір топқа жатқызуға әбден болады. әр халықтың мәдени – шаруашылықтарының ерекшеліктері. Сол халықтардың тарихи дамуынан келіп шыққан. Мысалы, адамдар жер бетіне таралған кездерде олар әртүрлі табиғи географиялық орталыққа шоғырланып, сол жердің табиғи өзгешілігіне икемделеді. өздерінің өндіріс құралдарын жасап.шаруашылықтарын дамытады, заттай және рухани мәдениеттерін өркендеткен.

Шаруашылық – мәдени ерекшеліктерінің барлығы бір уақытта емес, олар әр түрлі жағдайда, әр түрлі кезеңдерде пайда болған. Кейбір халықтарда мәдени – шаруашылықтың дамуы алғашқы заманнан бастап қалыптасса, қайсы біреулерінде кейінірек пайда болған. Сөйтіп, дүние жүзін мекендеуші халықтарды шаруашылық – мәдени тұрмыс белгілерінің ұқсастығына қарай отырып, төмендегішіне топтауға болады. Олар: қарапайым аңшылар мен терімшілер, ірі өзендердің жағалауындағы отырықшылар мен балықшылар, тундраның бұғышылары, қоңыржай және тропиктік аймақтың егіншілері, көшпелі малшылар тағы басқа болып жіктеледі.

Халықтарды жоғарыдағы тоқталып өткен этнографиялық тұрғыдан топтаудың осындай жүйелерінен басқа да бірнеше топқа жіктеп бөлушілік белгілері бар.


Лекция 4. Австралия және Океания халықтары.

Жиі кездесетін сөздер. Абориген, табу, мана, Австралия тілдері, «унгуд».

1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы.

2.Австралия және Тасмания халықтары.

3.Меланезия халықтары.

4.Полинезия халықтары.

5.Микронезия халықтары.



Мақсаты: Австралия және Океанияның географиялық жағдайын, этникалық тарихын, социогенезін, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.
1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы.

Австралия мен Мұхит халықтары.

Австралия мен Мұхит төрт аймақтан тұрады: Австралия мен Тасмания; Мелонезия мен Жаңа Гвинея; Полинезия мен Жаңа Зеландия және Микронезия.

Австралия мен Тасмания

Антарктиданы қоспағанда Австралия Жер шарының басқа құрлықтарынан бөлек орналасқанн. Оны мұхиттар мен теңіздер қоршап жатыр. Бұл жерге ең жақын тұрғаны солтүстіктегі Малай арзипелагтары. Осы архипелагтармен көптеген аралдар арқылы Австралия Оңтүстік Шығыс Азиямен байланысып жатады. Австралияның жер көлемі 7,7 млн. шаршы шақырым шамасында. Жер бедері біркелкі, аса биік таулары жоқтың қасы.

Тасмания аралы да Австралияның оңтүстік шығысына жақын орналасқан. Жер көлемі 68 мың шаршы шақырымға жуық. Геологиялық құрылысы бойынша ерте заманда Австралия құрлығы мен Тасмания бір болған. Тасманияның төңірегінде алғаш рет 1798 жылы Флиндереом және Бассом жүзіп келіп, осы аралдың бар екенін анықтаған. Оң жағасы көптеген шығанақтармен қоршалған. Тасмания аралын солтүстіктен оңтүстікке қарай екі тау жотасы басып өтеді. Бұл тау жоталары өсімдікке бай, оның бөктерлерінде ормандар көп. Климаты қоңыржай, дымқыл. Қыста жиі –жиі қар жауып тұрады.

Австралияның климаты тропикалық, субтропикалық, қоңыржай болып келеді. Тек оның шығыс және орталығында шөлді дала кездеседі. Олардың көлемі онша көп емес. Австралияда өзен мен көлдер көп емес.Ондағы ең үлкен өзен-Муррей-Дарлинг. Одан басқа да Виктория Орд, Балонн, Барку т.б. өзендер бар. Өзендері онша ұзын емес. Олардың көпшілігі жаңбыр аз жауған кездері құрғап өқалады. Бұл жердегі ұлкен-кішілі көлдердің жалпы саны 763-ке жетеді.

Австралия мен Тасмания аудандарының табиғи-географиялық жағдайларына бейімделген әртүрлі өсімдіктер өседі. Бұл жерлердерді климаттық жағынан бірнеше аймақтарға бөлуге болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарында қалың жасыл тропиктік орман болады. Бұл жерлерде: пальма, фикус арауктар, эфкалипт, акация, казуарин(темір ағашы) т.б. өседі. Австралияда эфкалипттің 150-ден, астам түрлері кездеседі. Австралияның шығысынан батысына қарай жүрген сайын ормандар, ағаштар сиреңкіреп барып, оның орта жеріндегі сахаралық шөл, шөлейт жерлерде мүлде ағаштар өспейді. Олардың ішіндегі ірі шөлдерде: Симпсон, Үлкен Виктория шөлі, Гиссон, Үлкен Құмды шөл.

Австралияда жануарлар әлемі де онша көп емес. Жергілікті жануарларда: кенгуру, вомбат(кеміруші), коал(қалталы аю);құстардан: тауық, эмо түйеқұсы, лира-құсы және т.б.Әртүрлі құрт-құмырсқалар, жабайы ара, бал құмырсқасы, қоңыз, балықтар, омыртқасыздар жергілікті австралиялықтар Жер бетіндегі қыбырлап жүрген осы жан-жануарлардың бәрін тамақ етеді.

Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеушілердің нәтижесінде Авсралияның жерасты байлықтарының көп екені байқалып отыр. Бұл құрлықтың: тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ , уран, темір, мыс, қалайы, хром және т.б. кен көздері бар.

1901жылдың 1қаңтарынан бастап Австралия өз алдына ерікті федеративтік мемлекет болып, Британиямен қарым-қатынастағы ел болып есептеледі. Халқының 97,1 %-ы қалада орналасқан. Олар құрлыққа біркелкі таралмаған. Жер шарының тарихи-географиялық қолайлылығына қарап, адамдардың көпшілігі Австралияның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік –батыс жақтарында тығызырақ орналасқан.

Австралия мен Тасмания осы күнгі халықтың басым көпшілігі еуропалықтардың, оның ішінде ағылшындардың ұрпақтарынан қрлыған. Аборигендердің Еуропадан келген отаршылдармен соғыстарынан нәтижесінде олардың көбі қырылған. Тірі қалғандарды шөл, құнарсыз жерлерге ығыстырып шығарған. ХІХ ғасырдың 70 жылында ең соңғы тасмандық –Уилльям Лэннин қайтыс болған.

2.Австралия және Тасмания халықтары.

Австралиялықтардың ата-бабалары бұл құрлыққа қайдан және қашан келген? Бұл мәселеге Австралия мен мұхитты ерттеген әр елдің ғалымдары бұл жөнінде көптеген пікірлерін қалдырған. Солардың бірі ол 1819-1821 жылдары антарктикалық экспедициясына қатысқан орыстың ғалымы И.М. Симонов. Бұл кісі австралиялықтардың ата-бабалары индиялықтардың төменгі кастасынан шыққан болу керек деген болжау айтады. 1847 жылы ағылшын антропологы Дж. Причард австралиялықтарды зерттеп, олар ертедегі мұхиттық аборигендердің қалдықтары болу керек деген пікірді білдірген. 1870 жылы әйгілі орыс ғалымы , саяхатшы Н.Н. Миклухо-Маклай да бұл құрлық халықтарының арасында болып, тұрғындардың тұрмыс мәдениетімен танысады, ғылымға керекті деректер жинайды. Н.Н. Миклухо-Маклай Австралияның көп жерлерін аралап, аборигендердің антропологиялық және тұрмыс жағынан біркелкі екенін байқаған. Австралиялық нәсілдің негізгі белгілері: түсі қара-қоңыр, шүаштары бұйра, беттері мен денелерінде түк көп өспейді, мұрындары жалпақ, жақ сүйектері қусырыңқы, бойлары ортадан жоғары. Бұл айтылған антропологиялық белгілерді австралиялықтардың басым көпшілігінен байқауға болады.

Тасмандықтардың пайда болуы өте нашар зерттелінген. Антропологиялық жағынан тасмандықтар меланезиялықтарға ұқсас. Австралиялықтардың шаруашылығы- күн көріп, тіршілік етуге бейімделінген. Олар аң аулап, құрт-құмырсқа , өсімдіктердің дәндерін жинап және теңіз жағалаулары мен көлдерден балық ұстаған. Аңшылық аборигендердің өміріндегі басты кәсібі болып табылады. Негізгі құралдары: найза, найзаны лақтыруға қолданылатын темірдер істелінген атқы тақта, бумерангтар. Осы құралдардың жәрдемімен австралиялықтар жердегі жүретін аңдарды ғана емес, ұшқан құстарды да ұстай берген. Кенгурудан кейінгі үлкен аңдардың бірі- эмо түйеқұсы. Ол- өте жүйрік құс. Бірақ эмоны аборигендер алдап ұстайды. Австралиялықтар жоғарыда көрсетілген ірі аңдармен қоса інді мекендеуші, бауырымен жорғалаушыларды да аулаған. Олады көбінесе әйелдер мен балалар ұстаған.

Балықшылық Австралия тұрғындарының өмірінде үлкен орын алады. Балықты шанышқы, қармақ, тор,сүңгі және т.б. құралдармен аулаған. Балық аулаудың бірнеше жолдары мен тәсілдері болған. Көп адамдар бірігіп, балықтарды судың таяздау жеріне үркітңп әкеліп, қолдарымен ұстаған. Австралия тұрғындары біздің түсінігіміздегідей егіншілікті білмесе де, әртүрлі өсімдіктерді жинап, олардан күнделікті тамақтар дайындаған. Себебі, бір аңшылықпен күн көру қиын болған. Егер де аңшыларлдың кейбір сапарлары сәтсіз болса, олардың отбасы тарығып, аш болып қалу мүмкін. Сондықтан австралиялықтар басқа да қорек түрлерін жинаушылықпен кең көлемде айналысқан. Жинаушылықтың көбірек орын алған жері құрлықтың –шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жақтары Олардың қонысы мен үйлері жөнінде этнографтардың ортасында дұрыс пікір болмай, олар жергілікті тұрғындарды үйсіз-күйсіз көшіп жүрген деп жазып жүрді. Жергілікті халықтардың тұрмысын жақсыра үйренудің нәтижесінде австралиялықтардың өздеріне тән үйлердің болғандығы байқалған. Олардың негізгі үйлері күркелер мен лашықтар болып келеді.

Австралиялықтар көлік дегенді білмеген. Олар жаяу жүріп-ақ көшіп қонған. Теңіз, мұхит және өзен алқаптарында тұрғындардың қайығы мен салы болған. Қайықты ірі ағаштардың қабығынан да, ағашты ойып та істеген. Оның жарылған және бір-бірімен қосылатын жерін тіккен.

Австралиялықтардың қоғамдық құрылысын зерттеуге еуропалықтар көпке дейін көңіл бөлмей келеген.Австралияқтардың арасында мүлік теңсіздігі болмаған. Қолға түскен материалдық байлық барлық тайпаның, оның бөліктерінің мүлкі болып есептелген.Олар өзара жыныстық жағынан жеке жастарына қарай бөлінген. Ерлер ер жеткен балаларымен тұрмысқа керекті болған қару-жарақтарды істеп аңшылықпен айналысып, өз тайпаларын сырттан келген дұшпандардан қорғаған. Мұндай әдет-ғұрыптар негізінде жастарды тәрбиелеуді «инециялар» деп атайды. Австралиялықтардың арасында «фратрияға» бөлінушілік кең орын алған.Кейбір тайпаларда кімнің қандай фратрияға жататыны аналық жағынан есептелсе, кейбіреулерін ата жолымен жүргізген. Әр фратрияның муквара,Кильпар, Дилби, Купатон және т.б. сияқты жеке-жеке аттары болған. Австралиялықтар өздерінің рухани мәдениетін ерте заманнан бері дамыта білген.Аборигендердің сенімі – тотимизм, олар өздерінің ата-бабаларының рухына, өздерін қоршаған табиғи заттарға соның ішінде жан-жануарларға, әр түрлі өсімдіктерге сиынған.Кеңес этнографтарының бірі А.М.Золотарев тотимизм дегеніміз – адамдардың ертедегі ру қарым-қатынастарын қиялында сәулелендірі деп көрсетті. Тотимизммен бірге австралиялықтар әр түрлі магиялық көңіл-күйлерге сенген. Мысалы, емшілік, сүйіспеншілік, зиян келтірушілік және т.б. қасиеттердің әсеріне қатты сенген.

Австралиялықтар ауыз әдебиетін, көркем өнер мәдениетін жақсы дамыта білген.Олардың арасында ертегілер, әр түрлі аңыздар, халық өлеңдері мен музыкалар кең орын алған. Әсіресе, ән салуға аборигендер өте құмар және үлкеннен кішілеріне дейін жақсы билейді. 1901 жылдан бері Австралия Одағы Ұлыбритания империясының бір бөлшегі штаттың провасын ие болды.Австралия Одағының ұйымдасуы – Австралия ұлтының ағылшындар, ирландықтар, шотландықтар және уелстердің қоспасынан құрылып, өз іштеріне басқа жақтан келгендерді де мол қамтыды. Халықтың көбірек топталған ірі қалалары: Сидней, Мельбурн, Брисбен, Аделаид, Перта, Хобарта. Ауылдық жерлерде жалпы халықтың 10%-ы ғана мекен еткен.

3.Меланезия халықтары.

Океания халықтары. Океания үшке бөлінеді:Мелонезия және Жаңа Гвинея, Полинезия және жаңа Зеландия, Микронезия аймағынан құрылған.

Океанияның климаты ыстық экваторлық болғанымен тропиктік климатқа ұқсас келеді. Мұхиттан және теңіздерден соққан жел ыстық ауа-райын жұмсартып, тұрғындар, өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдай тудырады.Окенаия аралдары жасыл желекке бай, мәңгі көгеріп тұратын тропиктік өсімдіктер мен ормандар мол. Әсіресе, тропиктік өсімдіктер батыс, оңтүстік аралдарды көп болса, шығыс және солтүстік аралдарда сиректеу.Кейбір өсімдіктердің тұқымдары мұхит, теңіз сулары арқылы океания жерлеріне келген болуы тиіс.

Океания жан-жануарларынан бұл аралдарға жабайы шошқа, кускус, кенгуру және әр түрлі құстар мол тараған.Тек Бисмарк архипелагінде жануарлардың түрлері өте аз.

Океанияның үлкенді-кішілі аралдардың бәрінде адамдар мекендейді. Океанияның этникалық құрамын жақсырақ түсіну үшін Мелонезия, Полинезия және Микронезия аралдарына қысқаша тоқталып өтейік.

Мелонезия (гректің «мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған.Мелонезияда папуастар мен милонезиялықтар тіршілік етеді.Олар өздерінң нәсілдік белгілері бойынша австронегроидтыққа жатады.

Полинезия - грекше «поли» - «көп», яғни көп аралдан құрылған ел деген мағына береді.Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Тонга және т.б. жатады.Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған болса, қазір не барі 450 мың тұрғын қалған.

Микронезия – грекше «микро» «кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар жиынтығы.океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар.

Сөйтіп, Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа,Азия, Америка және т.б. жерлерден келген адамдардан құралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет