Мелонезия мен Жаңа Гвинея халықтары
Меланизияға қарайтын үлкенді-кішілі аралдардың барлығына ел ертеден мекендеген.18 ғасырдың ақырындағы мағұлұматқа қарағанда, Мелонезияда шамамен жергілікті халықтардың саны 1,5 млн-ға жеткен. Кеңес антропологтарның, соның ішінде Я.Я.Рогинский мен Н.П.Чебоксаровтардың пікір бойынша, Мелонезилықтар экваторлық, негро-австралиялық нәсілге жатқызады.
Жаңа Гвенияның тұрғындарын этнографиялық тұрғыдан терең зерттеген Н.Н.Миклухо-Маклай. Оның еңбектерінде Мелонезияның аборигендерінің тарихы, сан-салалы тұрмыстары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және мәдениеті ғылыми негізде қарастырылған.Аборигендердің антропологиялық белгілері: шаштары бұйра, түстері күңгірт қоңыр, мұрындары жалпақ, еріндері қалыңырақ.
Мелонезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды төрт бөлуге болады: 1) аласа бойлы негроидтық (олар Жаңа Гвинеяның ішкі аудандарының тұрғындары); 2) негізгі меланезиялықтар; 3) Жаңа Каледондықтар; 4)Папуастар.
Мелонезиялықтардың этникалық дамуына ру-тайпалық тұрмыс өзінің қолайсыз әсерін тигізген.Мелонезия аборигендерінің тілін екіге бөлуге болады. Олар мелонезия мен папуас тілері. Папуас тілдері Жаңа Гвинеяның ішкі бөлігіне, аралдың батыс жартысынан және оның жағалауларына жараған. Папуас тілдері ертеректе Мелонезияның басқа да аралдарын мекендеушілердің араларына, сондай-ақ Жаңа Британия, кейбір Соломон аралдарына таралған болуы тиіс.
Мелонезилықтардың тілдері – полинезиялықтардың, микронезиялықтардың және индонезиялықтардың тілдерімен туысқан тіл. Кейінгі жылдарда Кодрингтон Реед пен А.Капперлер мелонезия тілін көбірек үйренуге енбек еткендіктен олардың еңбектерінде мелонезиялықтардың тілдері жөнінде бағалы деректер бар.
Мелонезия аборигендері егіншілікпен өте жақсы айналыса білген.Олар егін егуге жарайтын алақандай бос жер қалдырмайды.Аборигендердің пікірі бойынша, жер шарындағы жалықтардың ішінде егіншілікпен айналыса алмайтын ел жоқ.Бұлардың өсімдік өсіретін плантациялары еуропалықтарды таң қалдырған.
Мелонезилықтардың егіншілігі тропикалық табиғи- географиялық жағдайына бейімделген.Бұл өсімдіктер барлық жерге тарамаған. Себебі әртүрлі өсімдіктер өздеріне қолайлы жерге ғана жақсы өсетіні белгілі. Меланезиялықтардың егін шаруашылығы пайдаланатын өздеріне керектіқұралдары болған. Олардың ішінде неолит заманынан келе жатқан тас балта, тас пышақ сияқты әртүрлі тас құралдар бар.
Балық аулау кәсібі мелонезиялықтардың тұрмысына елеулі орын алады. Олар балықты өзен-көлдерде, теңіздерден де аулаған. Балық аулаушылықпен тек ерлер айналысады. Балықты тормен, қармақпен, сүңгімен аулайды.
Мелонезия аралдарында жабайы жануарлар жоқтың қасы. Тек ірі аралдарда жабайы шошқа мен жабайыланған иттер ғана болды.
Еуропалықтар келгенге дейін мелонезиялықтар адамды елітетін есірткілік сусындарды ішпеген. Кейінгі кездері есірткілік «каваң», «бетель» сусын әзірлеуді үйренген.Кава сусынын өсімдіктің тамырын қазып аладыда, оны ұсақтаған соң, бір ыдысқа жинап су құйып ашытқан.
Мелонезилықтардың негізгі шаруашылығы егіншілік болғандықтан, аборигендер ерте заманнан бері отырықшы деревняларды мекендеген. Мелонезилықтар барлық жерде үйлерді біркелкі етіп салады. Жуан ағаштардан тіреулер қойып, төбесін бамбук және пальма ағашының жапыр ақтарымен су өтпейтін етіп жабады.
Мелонезилықтардың тұрмысына кең пайдаланылатын басты көліктері – қайық. . Қайықты ірі ағаштардың қабығынан да, ағашты ойып та істеген.Оның жарылған және бір-бірімен қосылатын жерін тіккен.
Мелонезилықтар киімнен гөрі денелерін әсемдеуге көбірек көңіл бөледі. Мұрын желбезегіне қыстыратын шыбық, иттің тісінен тізіп істеген моншақтар, бамбук ағашын жасалған тарақ, теңіз малюскасының қабыршағынан жасалған білезіктер,сырғалар т.б. сол сияқты көптеген әсемдік заттарын пайдаланады.
Мелонезиялықтардың арасында матриархат пен патриархат дәстүрі қатар өмір сүрген.Мысалы, Жаңа Гвинеяда, жаңа Каледонияның оңтүстік-шығысында, Фиджи, Жаңа Гебридтің оңтүстігінде патриархат дәстүр үстемдік етсе, Меланезияның Соломонв, Ваникор, Банкс және т.б. қалған аралдарында жұртты мариархат басқарған.
Мелонезиялықтардың отбасы ынтымақты болған. Бірақ отбасында экономикалық дербестік болмаған соң көп әйел алуға рұқсат етілген. Кейбіреулерінің әйелдерінің саны 30-60-қа жеткен. Мелонезиялықтар жасбалаларын есейгенше өздерінің жанында тәрбиелеп ұлдарды ер жеткен кезде, олардың ерлердің үйлеріне апарып қосқан.
Мелонезиялықтрдың рухани мәдениетіне тоқталсақ олардың ортасында Жаратушыға сену күшті болған. Сонымен бірге, аборигендер Жаратылыстың құбылыстарына, белгілі адамдардың рухына, ру, тайпа көсемдеріне, әсіресе, одақ көсемдеріне сыйынған және олардың дәрежесін үнемі көтермелеп, дәріптеп отырған. Ел арасында тәуіптер (знахарлар) көп болған.
Аборигендер «ұшатын сиқыршыдан» қатты қорқып, оның пері, албасты («вуьм») деп түсінген. Бұл сиқыршыны әйкумдер, «попова» дп атаған.Поповалар әйелдерден шығып, олар теңізде өлген адамдардың етін жеген, қыздарын кішкентайынан тәуіптікке тәрбиелеген. Тұрмыстың дамуына ру, тайпа көсемдері өлгеннен кейін, оны сол рудың құдайы деп те санаған.
Халық медицинасында массаж жасау, қан алу, оташылық әр түрлі шөптерден дәрі даярлау істері көбірек тараған. Керек десе, адамның бас сүйегін тесіп, ішіне дәрі жіберіп емдейтін дәрежеге жеткен.
Фиджи аралына бірінші болып ХІХғасырдың 30 жылдарында еуропалықтар келген. Миссионерлер болып келген олардың көпшілігі жергілікті тайпаларды, руларды өзара өшіктіріп, оларға басқа мылтық және тағы басқа қару-жарақтар берген.Аборигендердің көбірек сақталған жері – Жаңа Гвинея. Мұнда екі милионнан астам папуастар тұрады.
Мелонезияны отарлаудың өзінше ерекшелігі болған. Еуропалықтар келгенге дейін Мелонезия аралдарында көптеген жергілікті адамдар тұрып, олар өздерінің тарихи дамуы бойынша алғашқы қоғам құрылыстарында тіршілік еткен, содан да олар адамның адамды қанатынын жақсы түсінбегендіктен де еуропалықтардың қанай бастағанына аборигендер қатты қарсылық көрсеткен. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, жергілікті халықтың саны өте азайып кетті. Осы кезде 80 мыңдай болған Жаңа Каледониялықтардың жалпы саны 37 мыңға төмендеді. Еуропалықтардың саны өсіп, 28 мыңға, Азиаттардың саны 8 мыңға жеткен.
Меланезия аралдары жер асты байлықтарына, әр түрлі минералдарға бай. Мысалы, Жаңа Гвинейде: мұнай, алтын, теңіз маржаны басқа да байлықтар өндіріледі. Жаңа Гвинейде саяси-экономикалық толқулар болса, бұл аралдың батыс бөлігінде папуас пен мелонезиялықтардың ұлт-азаттық күрестің жеңіске жетуі, мелонезия, соның ішінде Жаңа Гиней халықтарын жігерлендіре түсті.
Лекция 5. Азия халықтары.
Жиі кездесетін сөздер. Кетпенді егіншілік, номадизм, шаманизм, арий, конфуцианство, будизм, монғолойд, семит, суармалы егіншілік.
1.Батыс азия халықтары.
2.Оңтүстік Азия халықтары.
3.Оңтүстік – шығыс Азия халықтары.
4.Шығыс Азия халықтары.
5.Орталық Азия халықтары.
6.Сібір халықтары.
Мақсаты: Азия халықтарының этникалық тарихы, этномәдени ерекшеліктерін қарастыру.
1.Батыс азия халықтары.
Шетел Азиясы құрылығының үлкен бір бөлігі – Таяу Азия, оның жер көлемі 6 млн. шаршы километрден астармырақ шақырым. Ол Еуропа және Африка құрлықтарымен шектесіп жатыр. Ол Кіші Азия жарты аралы, Месопатамия, Левант, Аравия, жарты аралы және Иран таулы жотасы аймақтарынан құрылған. Жалпы алғанда, Таяу Азияның жері құрғақшылықты. Дегенмен, Жерорта теңізінің, Қара теңіздің, Каспий теңізінің, Аравия жарты аралының жағалауларының ауа – райы ылғалды, субтропиктік болып келеді. Бұл жердегі ірі өзендер – Тигр және Ефрат. Олардың алқабына орналасқан Месопатамия ойпаты – ежелден отырықшы мәдениет орталықтарының бірі. Оның тұрғындары егіншілікті қолдан суару жолымен жүргізіп, Месопатамияның құнарлы топырағынан тұрақты, мол өнім алып келген.
Таяу Шығыс жерінде үлкенді – кішіл 20 – ға жуық мемлекет орналасқан. Олардың ішінен ірілері: Түркия, иран – Ислам Республикасы, Ауғанстан, Асуд Арабиясы, Ирка, Иемен, Сирия, Ливан, Иордания, Израиль, Оман және тағы басқалар.
Таяу Шығыстағы мемлекеттерді ұлт жағынан бір ұлтты және көп ұлтты деп екіге бөлуге болады. Бірінші топқа Араб және Түркия, Израиль елдеріне жатқызамыз. Бұл мемлекеттің халықтары, негізінен, өз ұлтынан құрылған. Түркияның негізгі халқы – түріктер. Олар өз елдерінің тұрғындарының 88 процентін құраса, Израильдің 90 процентін еврейлер тұрады. Бұл құрылықта араб мемлекеттің тұрғындары да, негізінен, өз халықтарынан құрылған. Екінші топқа, Иран, Ауғанстан және т.б. елдері жатады. Иранның негізгі халқы парсылар, олар өз мемлекетінің тұрғындарының 50 процентін, Ауғанстанда – ауғандар өз елінің тұрғындары 50 құрайды. Қалғандары әзербайжан, курд, түрік, тәжік, қазақ және т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Таяу Азияның халықтарын антропологиялық жақтан еуропойдтық, монғолойдтық, негройдтық деп үш нәсіоге бөлуге болады. Сан жағынан басым көпшілігі еуропойдтық нәсілдің өкілдері болса, монғолойдық нәсілге түріктер, хазарлықтар; негройдтыққа Аравия жарты аралының тұрғындары, әсіресе, Қызыл теңіздің жағалауларындағы тұрғындар жақынырақ келеді.
Таяу Шығыс халықтары үндіеуропалық, түрік, семит – хамиттік үш үлкен тіл семьясында сөйлейді. Үндіеуропалық тіл семьясына тәжіктер, парсылар, курдтар, белуджар, турлар, хазарлықтар, чор – аймақтар, гилянцтар, талышар, гректер, армяндар, албандықтар, боснийлықтар және басқасы; түрік тіл семьясына түріктер, қазақтар, әзірбайжандар, түркімендер, қашқарлақтар, қарақалпақтар және басқалар; семит – хамиттік тіл семьясына арабтар, еврейлер, айсорлар.
Этногенез және этнткалық тарихы. Таяу Шығыс алғашқы адамдарың көне қоныстарының біірі Сирия жіне Палестина жерлерінен палеолиттің ертедегі сатыларын көзге елестетін археологиялық заттар табылды. Бұл аймақтардан шелль және ашелль кезеңіндегі адамдардың қолданған құралдары табылса, Эт – Табун үңгірінен ашелль кезеңінде өмір сүрген тұрғындарының баспаналарының қалдықтары ашылған. Мұнан кейінгі, мусьте дәуірінде, өмір сүрген неандерталь адамының сүйегі Иран және палестина жерлерінен табылған. Осы кезеңге жататын Кармель тауындағы Эт – Табун және Эс – Схуль үңгірлерінен 12 адамның қаңқасы шықты. Тас кезеңге жататын құралдар Кіші Азиядан және Жоғарға Месопатамиядан кездескен. Бұл құрлықтардың басқа да аймақтарынан палеолиттің соңғы кезеңдеріне әсресе, неолитке жататын заттар біраз жерлерде табылған.
Жаңатас ескерткіштері Таяу Азия жерлерінде кенң тарған.Месопатамия және Сирия, палестина, Иран, Ирак, Кіші Азия елдерінде жаңа тес кезеңдерінің ескерткіштері көп ашылған. Мұанан кейінгі энеолит, қола кезеңдерінде бұл жердің тұрғындары егіншілікпен айналысатынын, олардың қыштан, қоладан, темірден жасаған құралдарй дәлел бола алдаы. Б.д.д. 4 мыңыншы жылдары жергілікті тұрғындары алғашқы қауымдық қарым – қатынаста өмір сүріп, олар аңшылық, балықшылық, егіншілік кәсіптерімен айналыса бастаған. Олар қой мен ешкі, шошқаны қолға ұстап, отырықшы өмір сүрген, баспаналар салған. Осы деректерге қарағанда, неолит кезінде Таяу Шығыс жерінде алғашқы адамдар кең тарап, қоныс тепкені байқалады.
Сол кездің өзінде Таяу Шығыстағы әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар мекендеген. Месопатаминяның оңтүстігінде – шумер, аккад, элам; шығысында – касситтер, мидиялықтар; солтүстігінде – хеттар,; батысында – палестиналықтар мекендеген. Тигр мен Ефрат өзендерінің алқаптарын халықтар ертеден мекендеп, олар алғашқы адамзат өркениетінің іргетасын қалаушылардың бірі болды.
Месопатамияның оңтүстігінде шумер мемлекеті бой көтерді. Олар кейін Эль – Обейда, Урука және Джемдет – Наср мәдениеттерін қалыптастырды. Бұл мәдениет үлгілері аккадтылықтармен тығыз қарым – қатынаста дамыды. Ал Месопатамияның орта шенінде келіп шыққан сематикалық тілде шумерлер сөйлесе керек. «Шумер» деген терминін (атама) аккадшылардың сөзінен шыққан. Б.з.д. 4 мыңыншы жылдарда пайда болған шумерлердің жазуындағы адам есімдері Оңтүстік Месопатамияға кең тараған. Бір ғасырдан кейін 3 мыңыншы жылдардың ортасында Месопатамияның солтүстік аудандарында тағы бір ғасырдан соң, оңтүстігіндеге шумер атауы семитикалықтармен алмасқан.
Шумерлердеп басқа Месопатамияның шығыс бөлігінен Иран қаратына қарай жайылған кеңістікте бір – біріне тіл жағынан жақын әр түрлі халықтар орналасқан. Солардың ішінен осы күнгі Хузистан жерінде эламиттер өмір сүрген. Бұл маңда жүргізілген археологиялық зерттеулер көптеген жаңалықтар ашты. Соның бірі б.д.д 4 – 3 мыңыншы жылдары жазылған пиктографиялық ескерткіштер. Сол дәуірдің 3 мыңыншы жылдардың орта шенінде эламиттер аккадшылардың жазуын өз тіліне қарай икемдеп, өздерінң жазу – сызуын жасады.
Загроса тауларынд, осы күнгі Луристанда эламиттермен көршілес каситтер өмір сүрген. Б.д.д 2 мың жылдықтың 1 жартысында олар саяси жағынан үстемдікетіп, Месопатаминың мәдени тарихының дамуына өз әсерлерін тигізген. Каситтер – Вавилондағы жылқыны жақсы өсірген деген сөздер бар. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, касситтердің, лулувистердің тілдері бір – біріне жақын болған. ОЛар туысқандық және тіл жағынан каситтердің тобына жатады. Кастий тобындағылар: кастиилер, геловтер, тапуровтар. Бұл тайпалар 5 ғасырда Каспий теңізінің жағалауын мекендеген. Аты аталған тайпалар ертедегі Оңтүстік Әзербайжанды, Батыс Иранда мекендеген кутий, парсуа, манней тайпаларының ұрпақтары болуы мүмкін. Осы тайпалар ертеректе саяси жағынан басқаларға ықпалын жүргізген. Мысалы кустин б.д.д 3 мыңыншы жылдың аяғында Қосөзеннің бойларын мкендеп, сол жерде өздерінің үстемдігін жүргізген.
Каспий теңізінің солтүстік – батыс жағасындағы осы күнгі Армения мен Курд қөараттарында, Кіші Азияның шығыс бөлігінде Месопатамияның солтүстігінде көп түрлі халықтар тіршілік еткен, олардың барлығы «алародиялықтар» деп аталған. Зертеушілердің пікірлеріне қарағанда, ол халықтардың тілдері кавказдықтардың тілдеріне жақынырақ болғанын көрсетеді.
Б.д.д. 4 -ншы жылдардың аяғында 3 мыңыншы жалдардың бас кезінде семиттік нәсілдер бас кезінде семиттік нәсілдік халықтар Таяц Азия жерінде кең тарған. Олар жоғарыда аты аталған – аккадшылықтар. Осы кезде шумерлердің жазуы аккадалықтарға тән болған. Себебі: кісі есімдерінде көп ұқсастықтар көп. Кейін осы семит тілін ығыстырып, аккадшылардың тілі үстемдік етті.
Кейінгі кездерде аккадшылар күшейіп, сол жердегі сөйлеуші халықтармен бірлесіп, Ефрат пен Тигр өзендерінің орта, тқменгі ағысында Вавилия мемлекетінің өркениетін жасайды. Аккадшылар Вавилия тілінде сөйлейді. Бұл тіл б.д.д 2 мыңыншы 500 жылға дейін өмір сүріп, кейін арамиялық диалектімен алмасқан. Басқа да Қосөзеннің оңтүстік – батыс атырабын б.д.д. 3 мыңыншы жылдары семиттік тілде сөйтейтін хананейлер, аморейлер, еврейлер, арамейлер мекендеген. Осы мыңжылдықтың екінші жартысында оңтүстіктен Аравия жарты аралына арабтар келіп қоныстанған, жергілікті аборигендермен араласып кетті.
Үндіеуропалық тілде сөйлейтін халықтардың бар екені жөнінде алғашқы деректер б.д.д. 2 мыңыншы жылдардың ортасында тура келді. Осы кездерде Таяу Азияда хетталардың ірі мемлекеті пайда болды . Б.д.д. 9 ғ Арменияда және Кавказдың оңтүстігінде Урарту мемлекеті дәуірлеп өмір сүрген. Армения халықтарының қалыптасқаны б.д.д 7 ғ жатады. Бұд халық өзінің мемлекетін орнатып, оны бір мың жылдан артық сақтай білген. Б.д.д. мыңыншы жылдарда әр түрлі үндіеуропалық тілде сөйлеуші нәтижесінде бірлесіп, Мидия, Персия кейінірек, Бактрия, Прафия секілді бірнеше күшті мемлекеттер пайда болған. Орта ғасырдың кейінгі кезеңдерінде осы мемлекеттің халықтардың өзара қарым – қатынастары нәтижесінде отырықшы иран тілдес парсылар, мазхадаранд, курдтар, лурлар, бахтиарлар және қазіргі Иранның, Ауғансттанның тұрғындары келіп шыққан.
Таяу Шығыс Азияда құл иеленуші мемлекеті ерте заманнан – ақ ұйымдасқан. Олардың қатарына жоғарыда аты аталған, б.д.д. 3 мың жылдарындағы Месопатамиядағы Шумер және Аккад мемлекеттері жатады. Осы құл иеленушә мемлекеттер бір – бірімен бақталасы отырып, алдымен шумерлер үстемдік етсе, билік кейіннен аккадшыларға ауған. Өзара соғыстардың барысында жеңген жағы жеңілген жақты құлға айналдырып, оларды егін суару жүйелерін салуға кеніштер қазздырған және т.б. ауыр жұмыстарға жыққан.
Осындай алғашқа қауымның ыдырап, б.д.б 3 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдардың батысында саны көп аморилер тайпасчы Месопатамия жерінде үлкен құл иеленуші Вавилония мемлекетін құрған. Олар эламит тайпасында өздерін еқосып, билікті аморилер тайпасы үргізген. Аморилеп мемлекетінің гүлденген кезеңі оның патшысы Хаммурабидің тұсында тура келді. Б.д.д 18 ғ ортасында өзара тартыстың нәтижесінде Вавилон ия мемлекеттері каситтер, онан кейін хеттар бағындырғын. Жаулап алушылар вавмлония мәдениетін жазу – сызуын қабылдап, жергілікті халықтарға араласып, кеткен. Хеттар мен Мысыр арасында ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде хеттар жеңіліп, бұрынғы үстемдігінен айырылған.
Таяу Азия халықтарының этникалық тарихында б.д.б 1 мыңыншы жылдары Ассирия мемлекетіне үлкен ықпалын тигізген. Сол дәуірдің 2-1 мыңыншы жылдарында Ассирияның гүлдену мен құлдырау кезеңдері де болған, б.д.д 13 ғ Ассирия күшті мемлекетке айналып, оның әскерлері Митанияны, вавилонияны басып алағн. Бірақ ХІІ ғ Вавилония қайта көтеріліп, олар ассириялықтарға соққы берген. Уақытша сәтсіздікке ұшырағанмен, б.д.д ІХ ғ ассириялықтар қайта күшейіп, оның патшасы Ашшурнасирапал2 күшті әскер ұйымдастырып, Месопатамиядағы арамейлерді бағындырып қана қоймай, Жерорта теңізіне дейін шапқан.
Таяу Шығыс Азия халықтарының кәсіптері мен тұрмысы. Таяу Шығыс елдері ғасырлар бойына аграрлық ел болып келді, соданда өндіріс орындары нашар дамыды. Сондықтан мұнай, газ, басқаде кен байлықтарын жергілікті халықтар жақсы пайдаоана алмады. Өндірілген өнімдер шетелдерге шикізат ретінде сатып келген еді. Кейінгі жылдарды бұл елдер отырықшылықтың бұғауыннан босаған соң, өздерінің ұлттық кәсібімен шұғыл дамытып отырды. Оламен достық қарым – қатынастағы біраз елдерде Азия халықтарының экономикасын, мәдени дәрежесән көтеруге көмектесіп, көптеген өндіріс орындарын слуға жәрдемдесті.
Таяу Шығыс елдерінің басым көпшілігі егінмен, мал шаруашылығмен айналымты. Ефрат, Тигр және басқа да өзендерінің алқаптарындағы тұрғын ертеден – ақ егіншілікпен айналысқан. Содан да оның әр түрлі аудандарындағы егіншілік кәсібі бір – біріне өте ұқсас. Жалпы бұл өлкені ауа – райы ыстық, құрғақ болып келетіндітен, егіншілік кәсібі суармалы болып келеді. Жергілікті халықтардйң әл – ауқаты осы егіншілктен алынатын өнымге байланысты. Бұл үшін каналдардан үлкенді – кішілі арықтар қазып, осы су жүйелері арқылы егіндерін суарған. Биік жерлерге суды шығыр арқылы көтерген. Иран мен Ауғанстан жерінде са тапшы болғандықтан, диқандар жер асты суларынан керіз қазып, бір жерге суды жинайды да содан соң суды суарған. Мұндай тәсілді Түркменстан, Өзбекстан диқандары да қолданған.
Араб елдерінде бидай, арпамен қатар, кендір, зығыр секілді техникалық дақылдар егілді. Түркияда дәнді дақылдармен бірге темекі, мақта ,жүзім. Иранда күріш, жеміс ағаштары, жібек құрты, бау – бақша егі үрдісі бар. Егіншілкеке пайдаланатын құралдар көне заманнан келе жатқан күрек, кетпен, қол орақ, темір соқа, жер ағаш, шығыр сияқты болып келеді. Күш көліктері - өгіз, түйе. Осы күнгі егіске пайдаланатын техниканы тек фермерлер, қуатты шаруаларға ғпнп қолға түсіре алады. Ірі каналдар мен арықтарды күрек, кетпен сияқты құралдармен қазған. Өндіріс орындары артты қалғандықтан бұл елдердің диқандаы егістік жерлерге минералдық тыңайтқышты пайдаланбайды деуге болмайды.
Ираннның суармалы егістікті дамытқан жерлерінің бірі – Исфахан ойпаты. Мұнда да негізініен, кәріз қазып, жер асты суын егіншілікке пайдаланаған. Шахта құлатқанға дейін иран диқандары жер иеленушілерпді 6 түрлі дәрежеге бөлген. Олар помещиктер – арабтар, мемлекеттік- халиса, діншілдер – уақым, көшпелілердің қарауындағы жерлер – иляти, кішігірім жерлерді бұларды – хурдамалик және қоғамдық жерлер – умуми. Иранның егісмтікке жарайтын жерлерінің 94 пайызы помещиктер мен дін иелерінің , мемлкетті басқарушы адамдардың қолдарында. Қалған 5 – 6пайызы ғана диқандардың үлесіне тиген.
Мал шауашылығына келсек, бұл кәсіп көшпелі, жартылай көшпелі халықтардың арасында кең тараған. Отырықшы жерлерде мал аз өсірілген. Шөлді, таулы жерлерде арабтар, пуштуандар, түрктер, курдтар, ирандықтар мен ауғандардың бір бөлігі мал бағумен айналысқан. Көшпелілер қой, ешкі, түйе, есектерді көп өсірсе, жылқа малын аз ұстайды. Уақ малдың жүні экаспортқа шығарылды.
Көшпелілер әр маусыа сайын, қоныс аударып, шөлді жерлерде құдықтың, қоршап қойған қақ, тоған суын пайдаланды. Сауд Арабиясының малшылары мен бәдәуйлер түйе мен араб арғымақтарын өсірді. ХІХ ғ. мал шаруашылығының маңызы нашарлай бастады. 1920 жылдан бастап, бәдәуйлер бірлескен отырықшылыққа айналды. Бірақ оларды түгелдей отырықшы етіге жағдай тумай келеді,. Жартылай көшпелілер Арабия жарты аралында, Түркияның, Ираның таулы аймақтарында мекендейді. Олар жаз бойы, малды жаз бойы биік таудағы жайылымдарға жайса, қыста ықтасын, шуаақты тау етегіне жайған. Күш көлітері ретінде жылқы, түйе, есек малдары пайдаланған. Сиырдың мал мен сүтін қолданған. Таяу Шығыстағы елдердің өсіретін малдары біркелкі емес. Себебі, бұл құррлықтың табиғи – географиялық жағдайы әртүрлі. Сондықтан таулы, әсресе, шөлді жерлерде қой, ешкі және түйе малдары кең өсіріліп, жылқының өсіп - өнуінен қоайлы болды.
Түркияның мал шаруашылығы Анатолия жарты аралының орталық және шығыс жақтарында жақсы дамыған. Мемлекет меншігіндегі малдары түлік түрдлері бойынша бөліп – бөліп өсіруге негізделген. Және аймақта сауын малдар өсірген, екінші аймақта еттік бағыттағы малдар бағылған, ал үшінші жерлерде жүн беретін малдар бағылған. Құйрықты қой және ангор ешкілері көп өсіріледі. Бұл ешкінің ұзын, жібек сияқты жұмсақ жүндеріене өте бағалы маталар және орамалдар тоқылады.
Темірден құрал – сайман, әр түрлі асыл тастан зергерлік бұйымдар, ағаштан түрлі мүліктер жасаған. Ауылдық жерлерде тоқымашықлық кәсіп үлкен қанат жайып жібектен, мақтадан. Жүннен мақта тоқыған.
Тұрмысы. Таяу Шығыс халықтарының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Түркияның халықтары ойпаттар мен теңіз жағалауында көп шоғырланған. Ал ауғандар тау шатқалдарында, етектерінде орналасқан. Көшпелілер тіршілігінде жүйелі қоныстар өте аз. Ал қыстақтарында базар, мешіт, медресе, моншасы болды.
Егіншілердің үйлері Орта Азия халықтарының үйлеріне ұқсас, шикі кесектен, саздан тұрғызылған. Ағаштан салынаған үй сирек кездеседі. Көшпелілердің, жартылай көшпелілердің үйлері бір не екі бөлмелі келсе, отырықшы үйлері бірнеші бөлмелі болып салынды. Отырықшылардың егістік жерлері қорасы үйінің қасында болған. Үйлердің безендірілуі әр түрлі. Үйдің еденіне кілем төселді, биік сәкіде отырып сол сәкіде ұйықтады. Қымбат мүліктер тек қана байларда кездесті. Жарлылыардың тіршілігі жетіспейтін дүние, көне, тіпті азық – түлігі тапшы.
Күйдірілген қыштан істелген ыдыстарды пайдаолланады. Мыстан, екпе қабақтан, су құятын ыдыс жасаған. Тамақты шойын қазанда пісірді. Көшпелілер қысы –жазы қос, не шатырда өмір сүреді. Түркмендер көбінесе киіз үйде тұрды. Сырт киімдері – желең, жамылға, тон, шапан, оларды көбіне мал терілерінен тоқыды. 19 ғ бастап, еуропалықтардың келуі бюұрынғы бәстүрлі киімдер біраз өзгерген.
Отбасы. Бұл елдердегі отбасының барлығы да ислам дінінің тікелей ықпалы негізінде құрылған. Көп әйел алуға әркімде ерікті, тек қалыңмал төлеуі шарт. Таяу Шығыс елдерінде көпшілігінде ағайынды кісілер бір – бірімен құда бола береді. Үйленетін жастан бір анадан болмаса болғаны. Мұны эндогамдық үйлену тәртібі дейміз. Көшпелілірде қауымдық, не рулық туыстық кеңірек тараған. Израильде еврейлер тек еврейлерге ғана үйленуі шарт, әрі діни наным күшті болған.
Мысалы, хазарлықтар бір тайпаның ішінен қыз берні, қыз алысады. Туыстық жақтан жақын адамдарды құда бола береді. Үйленуші жігіттің әкесі тұрмысқа шығатын қыздың үйіне келіп, құдасының алдындағы орамалдың үстіне аздап ақша қояды. Оны қыздың әкесі алғаннан кейін екі жақтың қатынасып отырған адамдарына шақпақ қант үлестіреді. Бұд құдалыққа келісілді деген сөз. Үйленуге бір жыл қалған кезде жігіттің туысқандары қыздың үйіне келіп ата – анасының батасын алады. Бұны кішігірім той ретінде өткізеді. Бұдан кейін үш күннен соң жігіттің туысқандары үйіне әкеліп, болашақ құдаларына үлестіріп береді. Осыдан соң екі ортада қалыңмал жөнінде келісім жасалады. Оны «сурфай риза» деп атайды. Осы сапарда қалыңмалдың өлшемін белгілеп, екі жақ келісімге келеді. Мұнан кейін бір жылдан кейін үйлену той өткізіледі.
Ирандықтардың үйленуі отбасын құруы Шығыс халыөқтарының әдет – ғұрпына ұқсас келеді. Қызды 10-13 жастан тұрмысқа берсме, жігіттер 14-15 жастан үйлене береді. Қалалаы жерлерде құда түсу ісімен айналысатын адамдары болады, олар «дел – лалеарус»» деп атайды. Құда түсушілер қыздың әкеісне шариғат жолман «махр» төлейді. Сонан кейін ана сүті – «ширбехе» үшін деп қыздың ата - анасына кәде жасайды. Ұзатылар қыздың туысқандары жасау – жабдық, төсек – орнын т.б. заттарын дайындайды. Бұл ғұрыптар қалалақ тұрғындар арасында көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |