Жеке капиталдың инвестициялық белсенділігі 2011 жылдан бастап байқалады, оның негізгі факторы үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру болып табылды. 2014 жылы аудан бойынша инвестиция көлемі рекордтық жетістік белгісіне жетті және 11 млрд. теңгеден астам қаржы көлемін құрады.
2015 жылдың 11 айы ішінде аудан экономикасына инвестировано 5,7 млрд. теңге инвестиция құйылды, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 3,9 млрд. теңгеге кем. Физикалық көлем индексі 57,8% тең. Инвестицияның облыстық мөлшеріндегі үлес салмағы 4,1% жетті, бұл облыс аумақтары арасында төртінші көрсеткіш.
Көлемінің қысқаруы, 2014 жылы жалпы сомасы 6 млрд. теңгеге үш инвестициялық жоба пайдалануға енгізілді және іске қосылуымен тығыз байланысты болуымен түсіндіріледі.
Ауданда процестік инновациясы бар бір кәсіпорын жұмыс істейді ( «Варваринское» АҚ). Инновациялық қызметі белсенділігінің деңгейі 2,9% құрайды. Инновацияға шығындар кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен 40,6 млн. теңгені құрады.
2.1.2. Ауданның әлеуметтік саласын талдау
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Таран аудан аумағында 432 бала тәрбиеленетін 4 бала бақша, 543 бала баратын, оның ішінде 10-ы - толық күн болатын, 25 шағын орталық бар.
Мектепке дейінгі оқыту және тәриелеу ұйымдарының сапалы қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандыру және мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын төмендету мақсатында 2011 жылдың қыркүйк айынан бастап «Балапан» бағдарламасы жұмыс істейді.
Бағдарлама шеңберінде 3 бала бақша: Май – 90 бала, Калинин бақшалары 50 бала, Таран (40 бала) 159 баланы қамтитын сегіз шағын орталық жұмыс істейді.
Небары 25 шағын орталық жұмыс істейді, дегенмен мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбиені балалар бала бақшаларда алады, ал мектеп жанында ашылған шағын орталықтар ауылдарда жоқ балабақшаларды уақытша ауыстыру ретінде құрылған.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерімен балаларды қамту 95,3 % құрайды, облыстық көрсеткіш 90,6%.
2014 жылы «Балапан» бағдарламасы шеңбернде 72 жаңа орын ашылды, Таран бала бақшасын кеңейтуіне (40 жаңа орын), Б. Майлин ат. Таран СШ қасындағы шағын орталығын толық күнге ауыстыруына 32 жаңа орын құрылды.
Күшті жақтары
- шағын орталықтар толық күнге ауыстыру;
- шағын орталықтарды қайта құру бала бақшада толық күнімен.
Әлсіз жақтары
- ауданда бала бақшаның жеткіліксіз желісі.
- МДБҰ спорт залдары, жүзу бассейдері және музыкалдық залдарының жоқтылығы.
Ұсынымдар:
Аудан бойынша МАБ педагогикалық құрамының жалпы құрылымындағы жоғары білімді педагогтар үлесін арттыру.
Орта білім
Ауданда 3708 оқушы оқитын (мектепалды даярлық сыныптарымен бірге) 29 жалпы білім беретін мектеп, оның 12-і орта, 12-сі негізгі, 5 –еуі бастауыш, 2014 жылғы деңгейден 45 көбірек.
Мемлекеттік тілде оқитын №1 орта мектебі (182 оқушы), аралас тілмен оқыту – 9 мектеп (1341 оқушы).
2015 жылы 4 мектеп оңтайландырылды 4 мектеп: 2 негізгі мектеп бастауыш мектепке, екі орта мектеп – негізге.
Кепілдік мемлекеттік норматив ұйымдары желісіне- 8 мектеп (Барсуков БМ, Баталы НМ, Евгенов НМ, Киров НМ, Мақсұт НМ, Смайлов НМ, Щербинов НМ, Приозерный ОМ) сәйкес емес. Бұл мектептердегі бір оқушыға орташа шығын 544,5 мың теңгені құрайды, ал барлық 29 мектеп бойынша толығымен аталған көрсеткіш 294 мың теңгеге тең.
Мынадай ұсыныстар бар:
Бір бастауыш мектепті (Барсуков БМ) жабу және оқушыларды жақын орналасқан негізгі мектепке (Апанов НМ) тасымалдауды ұйымдастыру;
- екі негізгі мектепті (Мақсұт және Смайлов НМ) оларды бастауыш мектепке ауыстыру жолымен оңтайландыру;
- жақын орналасқан елді- мекендегі орта мектепке (Красносельск ОМ) қосу арқылы негізгі мектепті (Щербинов НМ) қайта құру.
Бұл мәселе оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және интернатқа орналастыру арқылы шешілетін болады. Бұл үшін ағымдағы жылы «Варваринское» АҚ қаражаты есебінен Таран интернатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балаларды тасымалдау 22 елді- мекеннен 11 мектепке тасымалдау жүзеге асырылады, соның ішінде 12 елді- мекенде мектеп жоқ. Күнделікті тасымалдаумен 237 оқушы қамтылған.
Ыстық тамақпен тамақтандыру- 16 мектепте, буфеттік тамақтандыру - 13 мектепте ұйымдастырылған.
Жаңа модификация кабинеттерімен қамтамасыз етілген мектеп үлесі 48,2% немесе 14 метепті құрайды.
Бір компьютерге 7,5 оқушы саналады, 27 мектеп кең жолақты Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар.
«Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 34 мемлекеттік жалпы білім бер мектептерінде жалпыға міндетті оқу қорлары құрылды.
2015 жылы жалпы оқу қорына қарастырылған қаржыландыру аудан бойынша 18498 мың теңгені құрайды (2014 жылы – 11908 мың теңге), оның ішінде киім алуға, ыстық тамаққа, - 14629 мың теңге (2014 жылы – 7769,7 мың теңге), табысы аз отбасы балалары мен жетім балаларға каникул кезінде демалыс лагерлеріне жолдама -3271,8 мың теңге ( 2014 жылы - 3522,8 мың теңге) жаңа жылдық сыйлықтар - 596,8 мың теңге (2014 жылы- 615 мың теңге).
Ауданда мектептер жанында 3 интернат бар, оларда 2013 жылдың аяғында 77 оқушы болды. Интернат оқушыларын тамақтандыруға 2015 жылы 3464мың теңге, 80% бюджеттен есебінен есептегенде, 2014 жылы 3832 мың теңге бөлінді.
Аудан мектептерінің жабдықтауына жыл сайын ақшалай қаражаттар бөлінеді.
Осымен қатар, 2014 жылы аудан мектептері үшін республикалық бюджет қаражат есебінен Асенкритов ОМ және Юбилейное ОМ 7046,8 мың теңге сомасына екі химия кабинеттері сатып алынды.Май орта мектебі үшін ГАЗель автокөлігі сатылып алынды.
2014 жылы аудан мектептері үшін 1054,5 мың теңгеге 10 дана компьютер, 3310,4 мың теңгеге көмір, газ қазандықтары, сорғыштар-3310,4 мың теңге, 4011 мың теңгеге жиһаз, 715 мың теңге – медициналық жабдықтаулар, 565 мың теңгеге интерактивтік тақталар, 297 мың теңгеге сынып тақталары, парталар, 6940 мың теңгеге спорттық жабдықтар сатып алынды. 9310 мың теңге сомасына оқулықтар сатып алынды.
Ауданның жалпы орта білім беру саласындағы келелі мәселелердің бірі – аз жарақталған мектептердің басымдылығы. 23 мектеп немесе 79,3% - аз жарақталған мектептер, оларда оқушылардың 43,65% оқиды және ұстаздардың 62,8% жұмыс істейді. Аз жарақталған мектептердің келелі мәселелерінің бірі кәсіби алдын ала дайындық пен кәсіби дайындық мүмкіндігінің шектеулігі, қосымша білім берудің жоқтығы, жинақтама сыныптарда заманауи әдістер мен оқу технологияларын нашар қолдану, мамандандырылған педагог кадрларының жетіспеушілігі және басқа да көптеген мәселелер болып табылады.
Аз жарақталған мектептер мәселелерін шешу үшін Б. Майлин атындағы Таран орта мектебі негізінде ресурстық орталық - тірек мектеп құрылды.
2015 жылы «Варваринское» АҚ қаражаттары есебінен 29 млн. теңге мөлшерінде №1 Таран ОМ интернатында ағымды жөндеу жүргізілді. Балалардың бос уақытын мазмұнды өткізу, баланың жеке басын дамытудың маңызды шарты қосымша білім беруді дамыту болып табылады. Қосымша білім беру ұйымдарының желісі 2 бірлікті құрайды - Өнер мектебі мен БЖСМ, оларда 760 оқушы оқытылады.
Күшті жақтары
- апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;
Әлсіз жақтары
- педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);
- мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;
Қауіп-қатерлер
- мектептегі жиһаздар мен жабдықтардың тозығы жетуі.
Мүмкіндіктер:
- бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және 1 компьютерге бір немесе екі адамнан келетін мектеп оқушыларының саны мен мектептерді компьютерлік техникалармен толтыру және кең жолақты Интернет желісіне қосу деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
Денсаулық сақтау
2015 жылдың басында Таран ауданы аумағында медециналық қызмет көрсеткен орталық аудандық аурухана, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт және 3 дәрігерлік амбулатория.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан медицинасы дамудың жаңа кезеңіне көшті. Денсаулық сақтауға соңғы нәтижеге бағытталған ДСҰБЖ жаңа моделін енгізу, төлемді сапаны бақылау, медицина қызметі үшін төлемдердің айқындығы негізінде жүргізуга мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесін ендіру 2020 жылдары ҚР кереуеттік қорды тиімді пайдалануға және стационарлық көмек шығындарының үлес салмағын БМСК ауыстыруға мүмкіндік береді.
Стационардан БМСК шығындарды қайта бөлу, медициналық қызмет көрсету жүйесінің алдын ала көмек көрсету бағытын, стационардың орнын басатын технологияларын, СӨС, ауаыруды ертерек анықтауды, профилактикалық дәрі терапиясын күшейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде күтулі өмір ұзақтығын арттыруға, өлім – жітімді төмендетуге әкеледі.
2010 жылғы 1 шілдеден бастап, Таран ОАА науқастарды аудандық аурухана мен аймақтық клиникаларға жоспарлы жатқызуды ауыруханаға жатқызудың Портал Бюро арқылы жүргізуде. Порталдың мақсаты – шұғылдылық, өзектілік, шынайылық, адами факторды ықшамдау, айқындылық.
Ауданда 29 дәрігер мен 133 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Ауданда дәрігерлік кадрлармен 85%, орташа медициналық қызметшілер 100% қамталған.
2016 жылғы 01 қаңтарға қарасты керует қоры 6 керуетке қысқартылды және 56 керует құрды.
2011 жылмен салыстырғанда 29 керуетке қысқартылды.
2015 жылғы 11 айына демографиялық көрсеткіштер:
Туу -9,2, 2011 жылы -13,9
Жалпы өлім - жітім- 3,5 (бір адам) 2011 жылы -9,3 (255 адам)
Тұрғындардың табиғи өсуі +0,4, 2014 жылы +2,7.
Балалар өлімінің көрсеткіші – 3,9 (бір жағдай) 2011 жылы – 12,9 (үш жағдай).
Таран ОАА толық жүктемелі жұмыс жасайды.
Ауданның медициналық мекемелерінде дәрігерлерге келушілер саны 58781,адам болды, былтырғы жылмен салыстырғанда 9865 келушілердің саны азайды.
Ауданда стационар ауыстыру технологиясы жұмысын жалғастыруда: стационар жанындағы күндізгі стационар. Емханалардағы күндізгі стационарда 1404 ауыру емделді, 2014 жылдың мерзіммен салыстырғанда 140 ауруға артық.
Ауданның барлық ЕАМ тұрындрды мақсатты профилактикалық қадағалау жүргізді.
Медициналық қадағалауға жататындардың 98% скринингтік қадағалаудан өткізілді.
Қатерлі ісік қызметібойынша 2015 жылдың 11 ай ішінде көрсеткіші мынадай болды:
|
2015 жыл
|
2014 жыл
|
«Д» есепте тұрғандар
|
397
|
373
|
Есепке жаңадан алынғандар
|
93
|
79
|
Өткізіліп алған жағдайлар
|
11
|
12
|
Қайтыс болғандар
|
33
|
24
|
5жылдық өмір сүру
|
211
|
201
|
3-4сатыдағы өтіп кеткен визуалдық локализация жағдайларын анықтау
|
3
|
5
|
Туберкулездік қызмет бойынша жағдай тұрқты. Д есепте 2015 жылы барлығы 50 науқас тұр, оның 1-еуі бала, жасөспірімдер жоқ, 2014 жылғы есепте 47 науқас тұрды, оның 2-еуі бала. Туберкулезден 2 науқас қайтыс болды, өлім 1 000 тұрғынға шаққанда 7,4 құрады, 2014 жылы да 2 өлім болды, көрсеткіш - 7,3 тең.
2015 жылы аудан бойынша 273 бала туылды. Үйде босану жағдайы ауданда тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың 12 айы ішінде участкілерге 397 бала келді. Бұл баларадыңденсаулық индексі 71,2% құрады, (2012 ж.-81,5%).
Ауданда үйде босанушылар болған жоқ.
Медициналық көмектің кепілдік көлеміне сәйкес «Д» есепте тұрған топтардың бәрі 2011 жылғы 04.11. № 768 бұйрыққа сәйкес тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау
Елбасымыз еңбек нарығының тиімділігін арттыру, аз қамтылғандарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыс жасайтындарды тиімді жұмысқа қолдау бағдарламаларына белсендітарту бойынша міндет қойған болатын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы жұмыссыздыққа қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болды.
Еңбек нарқының негізгі индикаторлары
Көрсеткіштер атауы
|
2011 ж.
|
2014 ж.
|
2014ж. 2011 жылға қарасты, %.
|
2014 ж. к 2011 жылға қарасты (+,-)
|
Экономикалық белсенді тұрғындар
|
17506
|
16209
|
92,6
|
-1297
|
Жұмыс істейтін тұрғындар, оның ішінде:
|
16868
|
15635
|
92,6
|
-1233
|
Жалдаған жұмысшылар
|
6998
|
9252
|
132
|
2254
|
Өз бетінше жұмыс істейтіндер
|
9870
|
6383
|
64,6
|
-3487
|
Жұмыссыздар –барлығы
|
638
|
574
|
90
|
-64
|
Жұмыссыздық деңгейі,%
|
3,7
|
3,5
|
95
|
-0,2
|
Халықтың көшіп қонуына байланысты, экономикалық белсенді тұрғындар саны 2011 жылы 17,5 мың адамнан 2015 жылы 16,2 мың адамға немесе 1297 адамға қысқарды.
Жұмыспен қамтуға көмектесу шараларымен жоспар бойынша 600 адамның орнына 896 адам немесе 149% қамтылды.
Ағымды бос орындарға жұмысқа қабылдау мақсатында жоспар бойынша 329 адамның орнына 508 адам жіберілді немесе жоспарға 154%;
- әлеуметтік жұмыс орындарына 15 қатысушы немесе жоспарға 125% жіберілді (жоспар 12 адам);
- жастар практикасына 20 жұмысқа орналастырылды немесе жоспарға 200% (жоспар 10 адам.);
- «Аспазшы» мамандығы бойынша 1 адам қайта даярлыққа жіберілді (3 айлық курс);
- 39 адам нысандандырылуға жататын болған, жоспар бойынша 9;
- Аумақтарды дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жоспар бойынша 5 адамның орнына 6 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспарға 120%.
- қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 220 адамның орнына 276 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспарға 125%;
- 2015 жылы кішігірім кредит беруге 64,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: 29,8 млн. теңгені жеке меншік істерін кеңейтуге 11 қатысушы алды, 34,9 млн. теңге 18 қатысушыға жаңа бизнес ашуға бөлінді. Бұл шарамен барлығы 31 адам қамтылды, жоспар бойынша 14 адам.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан бері 230,5 млн. теңге сомасына 115 кішігірім кредит берілді, 75 кредитов немесе жалпы санынан 65% мал шаруашылығын дамытуға келеді.
Қолданылған шаралар нәтижесінде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5%-ға дейін төмендеді, 550 жұмыс орны құрылды.
Аудан бойынша орташа айлық ақы өткен жылмен салыстырғанда 11 % -ға артып 109346 теңгені құрады, бұл облыстық орташа айлық ақыдан 23%-ға артық.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.
Ауданымызда күнкөрісі кедейлік шегінен төмен азаматтар жоқ.
Үйдегі мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 14,9 млн. теңге игерілді, бұл шара 119 қарт азамат пен 11 мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет көрсетуге бағытталды.
18 жасқа дейінгі балаларға 6,2 млн. теңге сомасында мемлекеттік жәрдемақы төленді, алушылардың орташа жылдық саны 461 адам.
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 14,9 млн. теңге игерілді, бұл шара 119 қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі 11 балаға қазмет көрсетуге жұмсалды.
Тұрғын үй көмегі 6,1 млн. теңге сомасына көрсетілді, 2014 жылдың аяғында алушылар саны 2011 жылғы 457 адамнан 480 көбейді.
Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2011 жылғы 1249 адамнан 2015 жылы 461 адамға дейін қысқарды.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдармен 37 мүгедек, жеке көмекші қызметімен 5 адам қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 1,2 млн. теңге төленді.
Дегенмен, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау саласында позитивтік өзгерістермен қатар, шешілмеген мәселелер де бар:
кедейліктен шығу бойынша белсенді шаралардың төмен тиімділігі;
кедейлік пен теңсіздіктің сақталуы;
мүмкіндігі шеткеулі адамдарды толық қамтымау;
көп балалы отбастарында кедейшіліктің басымдылығы;
әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының жетілмегендіктері.
Бұндай жағдайда, табыстары ең аз белгіленген деңгейден төмен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына әлеуметтік көмеке көрсету жергілікті атқарушы органдар жұмыстарының стратегиялық бағыты болып табылады.
Күштi жақтары
- еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.
- жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.
- әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.
- медициналық - әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.
- мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.
Әлсiз жақтары
- ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы.
-еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.
-азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.
Қауiп-қатерлер
-
Бүркемелі жұмыспен қамту.
-
Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.
-
Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).
-
Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында ҮЕҰ құру бойынша ынталы топтардың болмауы.
-
Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.
Мүмкiндiктер
- қоғамдық жұмыстар;
- әлеуметтiк жұмыс орындары.
- жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.
- бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.
- әлеуметтiк қобалжушылықтың төмендеуi.
- әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Таран ауданында 53 мідениет объекті жұмыс істейді, оның ішінде мемлекет желісінің 30 кітапханасы мен мемлекет желісінің 23 клуб мекемелері бар.
Ауданда 49 тарихи және мәдени объект бар, оның 22 ескерткіші жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер.
Таран ауданында 53 мәдениет объектілері, оның ішінде 30 кітапхана, 23 клуб қызмет етеді.
Кітапханалық жүйеде 30 кітапхана, оның біреуі – орталық аудандық кітапхана, 28-і ауылдық және 1-еуі ауылдық балалар кітапханасы, кітап қоры 415904 дана, оқырман саны -13900, берілген кітап саны -303900 дана.
2015 жылда ішінде 2004 кітап қорын толықтыруға 1500 мың теңге.
2015 жылы Таран аудандық кітапханасының балалар абонементі шатырының ағымды жөндеуі жүргізілді.
2015 жылы клуб мекемелерінде 1509 мың іс-шара өткізілді
Мәдениет саласының бюджеті 2015 жылы 102,6 млн. теңге, былтырғы жылдың мерзіміне салыстырғанда 7,9 млн. теңгеге азырақ (2014 ж. – 110,5 млн. теңге).
Клубтық мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 2015 жылы 5,5 млн. теңге бөлінді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 4 млн. теңгеге төмен. Бірінші жартыжылдықта 2,5 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 1,6 млн. теңге костюмдер тігіуге жіберілді.
Калинин Мәдениет үйінің төбесін жөндеуге тартылған қаражаттардың 5 млн. теңгесі жұмсалды .
Ауданның мәдениет мекемелерінде 38 компьютер бар, оның 27-сі кітапханаларда, 11-і клуб мекемелерінде. Ғаламтор желісіне 5 кітапхана мен 1 клуб мекемесі қосылған.
Ауданда 83 шығармашылық ұжым жұмыс істейді, оның екеуінде «Халықтық» деген атақ бар, ұжымдардағы адамдар саны – 907.
Ауданда мемлекеттік тілдің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелі үйлесімді тіл саясаты жүргізіледі.
Тіл саясатын жүзеге асырумен ауданда Тілдерді дамыту орталығы айналысады, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға 8,5 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат бағытталды, 2011 жылмен салыстырғанда 3 рет көбейді.
Социологиялық зерттеу қорытындысына сәйкес, мемлекеттік тілді меңгерген есерсек тұрғындар үдесі 2014 жылы аудан бойынша 63% құрады.
2014 жылына кезеңімен салыстырғанда Орталықтағы тыңдаушылар саны 40 артты, 821-ден 861 тыңдаушыға жетті.
2013-2014 жылдар ішінде 34 адам сертификат алды, оның 14-і мемлекеттік қызметшілер.
Бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі - мәдениет ұйымдарын Ғаламтор желісіне қосу бойынша және «Достық» КПЦ төбесінің жөндну жұмыстарын жалғастыру болып табылады.
Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан мемлекеттік тілдің дамуында проблемалар:
1. Қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің тұрақсыз деңгейі;
2. Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі болып табылады.
3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын нығайту мен сақтау қажеттігі.
Тілдік мәдениетті арттыру, қазақстандық қоғамның лингвистикалық капиталын нығайту аясында антропонимика мен ономастика салаларындағы мәселелерді шешу, тіл мен жазу мәдениетін жетілдіру, сондай – ақ толеранттық тілдік орта қалыптастыру басым бағыт болып табылады.
Дене шынықтыру және спорт
2015 жылы аудандағы спорт ғимараттарының саны 139 бірлікті құрайды, 2011 жылмен салыстырғанда 7 бірлікке көбірек.
2015 жылы Асенкритовка ауылында «Варваринское» АҚ қаражаты есебінен 1 млн.500 мың теңге сомасына жасанды жабынды шағын футбол алаңы салынды.
Таран ауылындағы хоккей кортын жөндеуге «Варваринское» АҚ қаражаты есебінен 300 мың теңге бөлінді және қысқы маусымға Таран ауылындағы «Целинниктер» саябағында ұзындығы 1 шақырым жарық түсетін шаңғы жолы дайындалуда. Жолды жарықтандыруға және дайындауға аудандық бюджеттен 1 млн. теңге бөлінді.
Ауданда материалдық-техникалық базаның дамуы
-
№
|
Спорт ғимараттарының атауы
|
2011 жыл
|
2015 жыл
|
|
Барлық спорт ғимараттары
|
132
|
139
|
1.
|
Спорт залдары
|
28
|
29
|
2.
|
Спорт кешендері
|
3
|
3
|
3.
|
Жазықтық ғимараттар
|
83
|
87
|
4.
|
Бейімделген жайлар
|
15
|
15
|
5.
|
Ату тирі
|
1
|
1
|
6.
|
Хоккей корты
|
2
|
2
|
7.
|
Шаңғы базасы
|
0
|
2
|
2015 жылы 2 млн. 205 мың теңгеге құрал жабдықтар сатып алынды: дартс- 7 дана, волейбол добы - 26 дана, спорт костюмдері – 18 дана, шағын футбол доптары – 20 дана, футбол формасы – 18 жиынтық, футбол қолғаптары – 2 жұп, кимоно қазақ күресі – 6 дана, бейсболкалар – 18 дана, кроссовкалар – 18 жұп, волейбол формасы – 10 жиынтық, шаңғы құрал-саймандары -7 жиынтық (шаңғылар, таяқшалар, бекіткіштер, ботинкалар).
Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың арқасында ауданда дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатындар саны артуының тұрақты беталысы байқалуда.
2015 жыл ішінде олардың саны 8751 азаматты құрады, 2014 жылға қарсты – 100%.
Көпшілік дене тәрбиесі мен спорттың дамуы
Атауы
|
2014
|
2015
|
Дене тәрбиесі және спортпен тұрақты шұғылданатын аудан тұрғындарының саны
|
8745
|
8751
|
Оның ішінде:
|
|
|
жалпы орта білім беру мекемелері мен КТМ
|
2359
|
2204
|
кәсіпорындар мен ұйымдарда
|
6386
|
6547
|
Дене тәрбиесі және спортпен үнемі айналысатындар саны 2011 жылы 27,1% болса, 2015 жылы 33% дейін артты.
Өткізілетін сауықтыру дене тәрбиесі мен көпшілік спорт іс шараларының саны артты, оларға жыл сайын 20мыңнан артық адам қатысады.
2015 жылы дене тәрбисінің ұжымдары 345 спорт іс шараларын өткізді.
Ауданда БЖСМ жұмыс істейді, оның жұмысы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, Қостанай облысының дене тәрбиесі мен спортын дамыту аймақтық бағдарламасын орындауға бағытталған.
Спорт мектебінде спорттың 7 түрі дамытылған (жеңіл атлетика, дзюдо күресі, волейбол, футбол, грек-рим күресі, шаңғы жарыстары, үстел үсті теннисі). 2015 жылы спорт мектебінде 550 оқушы оқытылды. 20 жаттықтырушы - ұстаздардың 8-і штаттық (48 %), 14 жаттықтырушы жоғары кәсіби біліммен, 3 адам II санатты, 1 адам I санатты.
БЖСМ балансында 2014 жылдан 3 ірі спорт объекті бар: Тарн а. БЖСМ с/залы, Таран ауылының «Қайсар» спорт кешені, Тобыл к. спорт залы.
Көпшілік –спорт іс шараларын өткізуге 2015 жылы аудан бюджетінен 1 млн. 462 мың теңге бөлінді.
Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі. Жүлделі орындарға шығу үшін және мықты олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет.
Күшті жақтары
- тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;
Әлсіз жақтары
- материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;
- спорт залдарының жеткіліксіздігі;
- ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.
Мүмкіндіктері
- аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу.
- барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).
Қауіп-қатерлер
- халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.
Туризм
Экономиканың дамыған сегменттерінің бірі - туризм.
Ауданда екі орналастыру орны тіркелген, оның ішінде «Тобыл» қонақ үйі және «Дружба» туристер базасы, оларда 57 нөмір бар, біржолғы сыйымдылығы 160 кереует-орынды құрайды.
2014 жыл ішінде олар 6849 адамға қызмет көрсетті, көрсетілген қызмет сомасы 10,8 млн. теңге. Тәуліктік кереуеттің орташа бағасы 3012 теңгені құрады.
2013 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген келушілер саны 4,6%-ға немесе 301 көбейді.
Туристік саланы жамытудағы өзекті мәселелердің бірі жолдардың жүруге жарамсыздығы, газ бен ғаламтор желісінің жоқтығы, бұлар туристік базаның тәулік бойы қызмет көрсетуіне мүмкіндік бермейді.
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмысты талдау
Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау АІІБ қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.
2015 жылдың 11 айы ішінде қылмыстық жағдай тіркелген қылмыстардың 10,7%-ға төмендеуімен сипатталады немесе 48 қылмыс ( 2014 ж. – 449 бірлік, 2015 ж. – 401 бірлік).
Ауыр қылмыс түрлері өсті, 2014 жылы 14 болса, 2015 жылы 42 дейін жетті. Қылмыстарды ашу пайызы 90% құрады.
2015 жылы кісі өлтіру фактісінің өсуі байқалады ( 2-ден 4-ке дейін), оларды ашу 100% құрады.
Тонау саны 3 фактіге, бұзақылық 4 фактіге, автокөліктерді ұрлау 6 фактіге, пәтерлерді тонау 48 фактіге, қоғамдық орындардағы қылмыс 64-тен 57 қылмысқа төмендеді.
Мас күйінде жасалған қылмыстар саны 24%-ға немесе 75-тен 93 қылмысқа дейін өсті.
2015 жыл ішінде кәмелетке толмағандар жағынан 6 қылмыс жасалды, 2014 жылдың тиәстә кезеңінде бұл қылмыстың саны 3 болған, қылмыстың бұл түрін ашу 100% құрады.
Тіркелген қылмыстар динамикасы, бірлік.
2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы қылмыстар саны 67% өсті, олардың ауыртпалық санаттары бойынша: шағын ауыртпалық 15-тен 63-ке дейін 4 есе, орташа ауыртпалық 250-ден 398 бірлікке дейін 60%-ға.
Сонымен қатар, ауыр қылмыстар саны 16-дан 14-ке дейін немесе 12,5% -ға, аса ауыр қылмыстар саны 4-тен 2-ге дейін немесе 50% азайды.
Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру саны 6-дан 3-ке дейін немесе 50% -ға қысқарды, ұрлық саны 215-тен 321-ге дейін немесе 49% -ға, тонаушылық 6-дан 10-ға дейін, немесе 67%-ға артты.
Ішік істер органдардың қызметшілерімен келесі алдын – ала шаралар мектептерде, еңбек ұжымдарда әңгімелесулер, мектептерде зерттеулер өткізіледі, аудан газетіне мақалалар жариялайды Таран аудан аумағында су тасқыны, тұрмыстық, орманды дала өрттер және қыс мерзіміндегі т өтенше жағдайлар болып тұрады.
2015 жылы ауданда 45 өрт тіркелді, 8 адам құтқарылды, оның нәтижесінде 2 адам қайтыс болды.
Аудан көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға аудандық бюджет қаражаты есебінен 300,0 мың теңге бөлінді, су тасқынынан болған 3000 шаршы метр аумағында кептіру жұмыстары жүргізілді.
Төтенше жаңдайлардың алдын алу үшін Тобыл кенті, ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарының жанында 13 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған, ауданның кәсіпорындарында 8 мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыс істейді. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары төтенше жағдай туындағанда тартылатын 12 өрт машинасымен, 35 бірлік басқа да техникамен қамтамасыз етілген.
2.1.4. Инфрақұрылымның талдау
Коммуникациялық және байланыс
Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 100%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 1 Мb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.
Қазіргі кезде аудан әкімі аппараты мен 8 мемлекеттік мекеме арасында локалды – есептеу жүйесі жұмыс істейді, ал қалғандарымен ақпарат алмасу электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Барлық ауылдық округ әкімдері аппараттарында локалды- есептеу желісі ұйымдастырылды.
Ауданда облыс әкімінің www.taran.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда 45 ақпараттық бөлім және 4 интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, сауалдама жүргізу қызметі, жаңалықтарға жазылу) бар. Сайттың мобильдік нұсқасы мен нашар көретіндер үшін нұсқалары, бейне галереясы бар.
Аймақ басшысының тұрғындармен интерактивтік қарым-қатынаста болуы мақсатында 2011 жылдың қазан айынан Қостанай облысы мемлекеттік органдарының блог-платформасында аудан әкімінің ресми блогі жұмыс істейді.
В Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында бірқатар мемлекеттік мекемелерде ХҚКО ИАЖ, «е-әкімдік» ақпараттық жүйелері енгізілген. 2012 жылдың қыркүйегінен аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҰАБЖ) жұмыс істейді. 2013 жылдың қараша айынан бастап аудан әкімі аппаратының жұмысында ҚР мемлекеттік органдарының интернет порталы (МОИП) қолданылады.
Таран АТТ жергілікті желісінде 2012 жылғы 31.12. қарасты жағдай бойынша 16 АТС бар, олардың ішінде: сандық -12 дана, ВТS WLL CDMA 450-4 дана. 2012 жылғы 31.12. қарасты жағдай бойынша телефондар саны 7271 абонентті құрайды, Megaline байланыс қызметін пайдаланушылар саны 1938, IP VPN пайдаланушылар 28 таксофон, Ғаламтор желісіне қоғамдық қол жеткізудің 5 пункті, ұжымдық қол жеткізудің 4 пункті және Таран АТТ сервис бюросында орналасқан ID TV, Megaline қызметтерін көрсетудің 1 demo нүктесі жұмыс істейді.
ID TV интерактивтік теледидар қызметі өзінің жұмысын күшейтті және абоненттерді һзіне тартып жатыр. Бұл қызметке қосылушы абоненттер саны күн сайын өсуде. Қызметті әрі қарай жылжыту және жарнамалау үшін ақпан айында демо – нүкте ұйымдастырылды. Мысалы 2012 жылдың 31 желтоқсанға қарасты 220 коммерциялық нүктелер орнатылды. Осындай мүмкіндіктің өсуі және порт көлемдері кірістің өсуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар тұрғындардың сұранысын қанағаттандырады. Телефон тығыздылығы 100 тұрғынға 25,3%, 100 отбасына 84,9%, 100 үй басына 85,5%.
Құрылыс
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі оң беталыста дамуда.
Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп құрылысы есебінен 2012 жылы ең ірі құрылыс жұмыстары орындалды.
2015 жылдың 11 айы ішінде құрылыс жұмыстары 2835 млрд. теңге мөлшерінде орындалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 514 млн. теңгеге көп. Физикалық көлем индексі 118,5% құрады.
2015 жылы ізбес қоймасының, «Варваринское» АҚ өнеркісіп алаңы аумағында 50 орындық вахталық жатақхана, Тобыл кентінде автокешен құрылысы, Валерьяновка ауылында ұсақ тас зауытының ұсақтау-сұрыптау кешенінің құрылысы жүргізілді.
Бюджеттік қаражаттар есебінен Тобыл кентінде екінші көтерілістегі сорғы стансасынан айыру желісі қалпына келтірілді, Таран-Варваринка-облыс шекарасы автожолына күрделі жөндеу жүргізілді.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы ауданы 2014 жылы 1117 шаршы метрді құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 7,8% кем.
Тұрғын үйді енгізу, шаршы метр
2015 жылдың 11 айы ішінде пайдалануға 2326 шаршы метр енгізілді, бұл «Варваринское» АҚ вахталық жатақханасын пайдалануға беру есебінен 2014 жылдың деңгейінен 2,2 есе артық.
Ауданда паспортталынған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның 51 объекті бар, олардың 11 объекті немесе 21,6 % мүгедектер үшін қол жетімді.
Жолдар және көлік
Автомобиль жолдары – тиімді жұмыс және тұрақты даму жаңа замандық шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыруға және шарттарын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болып отырған ауданның көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.
Ауданның автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы: 276,5 км –елді мекендердегі көшелер, 286 км. – аудандық маңызы бар жолдар, 150 км – облыстық маңызы бар жолдар, 65 км – республикалық маңызы бар жолдар
Аудан экономикасын дамыту міндеттері көлік – коммуникациялық желісін жаңартуды талап етеді. Жоспардың негізгі міндеті аудандық маңызы бар автомобиль тас жолдарын қалпына келтіру және жөндеу болып табылады.
Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Облыста жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.
Қысқы уақытта автокөліктердің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін аудан аумағында жол тазартумен алты мердігерлік ұйым айналысады.
2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін бюджет қаражатынан 20,5 млн. теңге бөлінді. 2011 жылмен салыстырғанда бюджеттік қаражаттар тапшылығынан қаржыландыру мөлшері 53% немесе 26,5 млн. теңгеге қысқарды.
Ауылішілік жолдарды қыста күтіп ұстау үшін 12,4 млн. теңге қарастырылған.
2011 жылы Таран ауылында 41 млн. теңгеге ұзындығы 10250 шаршы метр асфальтбетондық жабынға орташа жөндеу жүргізілді.
2013 жылдан бері облыстық маңызы бар «Таран-Варваринка-облыс шекарасы» автомобиль жолының бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілуде, жобаның жалпы сметалық құны 989 млн. теңгеге бағалануда:
2013 жыл - 2 км 198,9 млн. теңге сомасына;
2014 жыл - 3 км 298,3 млн. теңге сомасына;
2015 жыл - 5 км 491,7 млн. теңге сомасына.
Достарыңызбен бөлісу: |