Қостанай облысының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН


Экономиканы дамыту басымдықтары



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі345 Kb.
#8647
1   2   3   4

3. Экономиканы дамыту басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңде экономикалық даму жеке және мемелекеттік қаржы есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға өсіп келе жатқан инвестицияларға бағдарлауымен ішкі сұранысқа бағытталатын болады.

Жоспарланған деңгейдегі тұрақты экономикалық өсу орта мерзімдік кезеңдегі саясаттың экономикалық мақсаты болады. Экономикалық өсу 2015-2019 жылдары жыл сайын орташа 3,5-4%-ға бағаланады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт, көлік инфрақұрылымы және жайлы үй қамтамасыз ететін теңгерімді, бәсекеге қабілетті және серпінді дамитын экономиканы құру болып табылады.

Дамыған экономикаға және халық өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін облыстың дамуындағы басым бағыты экономиканың шикізат емес секторының дамуы болып табылады Экономиканың өндеу секторына инвестициялар тарту және облыста қолайлы инвестициялық климат жасау облыс экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Өндеу өнеркәсібінің дамуы облыстың экономикасына тау-кен өндірісінің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қоса моноқалалардағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтайды.

Қазіргі заманға сай экономиканың дамуына актуалды қызықты жобаларды іске асыру үшін облыста маңызды резервтер бар.

Болашақ перспективада облыс экономикасының өсіміне маңызды әсер тигізетін:

2010-2013 жылдарда Индустряландыру картасы шеңберінде енгізілген жобалардың жобалық қуаттылығына шығуы;

2014 жылы Индустряландыру картасы жобаларының пайдалымға енгізілуі, атап айтқанда:

Рудный қаласында жылына 500 мың тонна қуаттылығымен цемент зауытын салу

Экономиканың индустриалды және агроөнеркәсіптік секторларының инвестициялық жобалары шикізаттық емес салаларын, шағын және орта бизнесін дамыту және облыстың экономикасына озық технологияларды тарту негізгісі болады.Облыс экономикасының тұрақты өсіміне қол жету үшін:

бәсекеге қабілетті өндірістер құру, шағын және орта бизнесті тарта отырып, номенклатураны кеңейту және жоғары үстеме құнымен терең қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту;

еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсуіне әсер ететін егін шаруашылығының қазіргі заманға сай технологиялары мен озық әдістерін өндіріске енгізу;

ауыл шаруашылығы жер-суларының өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымдарының құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;

облыс халқын сапалы білім мен жұмыспен қамтамасыз етуді жоғарылатуды қамтамасыз ету арқылы еңбек ресірстары сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданады.

Жайлы экономикалық ортаның қалыптасуына сондай-ақ отандық өндірушілерге сыртқы нарыққа қолжетімдігін қалыптастыруға бағытталған тиімді сауда саясаты және жауапсыз бәсекелестікті жою әсерін тигізеді. Бәсекелестікті дамыту мен көтеру және облыс кәсіпорындарына инвестицияларды тарту үшін тұғырнама ретінде Қазақстан, Ресей және Белорус елдерімен қалыптасқан және Кеден одағы және Біріңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы болып табылады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

2019 жылға дейінгі мерзімге алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын айтарлықтай күшейту денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық болады. Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі, бұл ана, бала және жалпы өлім-жітімді төмендетуге себеп болады.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептер салу, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру себеп болады.


4. 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар
2015-2019 жылдары экономика өсімі көбінесе жеке және мемлекеттік қаражаттардың есебінен индустриалық және инфрақұрылымдық жобаларда өсіп жатқан инвестицияларға бағдарлап, ішкі сұранымға сүйенеді.

2015-2019 жылдары нақты ЖӨӨ жылына орташа есеппен 3-4%-ға өсуі болжамдалып отыр.

2019 жылы 2014 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімі көлемінің 55,1%-ға ұлғаюы күтіледі. Облыс экономикасы қайта өндеу салаларының көрсеткіштерін өндіруші салалардың деңгейіне дейін ұлғайтуға талпынатын болады.

Облысты индустриаландыру экономика өнімділігін кешенді жоғарылатуға көздеп, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

шикізат өндірістерін кейін аса жоғары қайта өңдеуге көшіріп, тау-кен өнеркәсібін дамыту;

шикізат секторымен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістерді дамыту;

2019 жылы 2014 жылға қарағанда кен өндірудің – 14,5%-ға, өндеу өнеркәсібі көлемінің 2,1 есе ұлғаюы күтіледі.

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.

Экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторды кеңейтуге жаңа өндірістерді дамыту көзделіп отыр.

Осылайша, жер қойнауын пайдалануға шартты ұзартқаннан кейін 2017 жылы 245,8 млрд. теңге сомасына «ССКӨБ» АҚ 3 жобаны іске асыратын болады:

жоғары сапалы концентраттың байыту кешені: жылына қуаттылығы 7 млн. тонна ДОФ-2, ММО-4;

Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет өндіретін металданған өнім өндіру зауытының құрылысы;

өнімділігі жылына 5 мың тонна күйдіру машинасының құрылысы.

Баламалы энергетиканы дамыту мақсатында Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт жел паркінің құрылысы бойынша мәселені пысықтау жоспарланып отыр.

Облыс ішіндегі шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және қайта өңделген өнімдерді өндіру тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте саясаттың басты мақсаты болады.

Қойылған мақсатты іске асыру:

шикізат алу және оны кешенді қайта өңдеу технологиялары, өнімдердің жаңа түрлерін барлау бойынша инновацияларды дамыту және инновациялық үдерістерге саланың ғылыми-техникалық белсенді енуі;

салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

минералдық-шикізаттық базаны қайта өндіруді кеңейту және қамтамасыз ету;

саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орташа техникалық буындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

облыс аумағындағы бар пйдалы қазбалар қорының барлауын өткізу;

ішкі нарықта шикізатты және металлургиялық өнімді алға жылжытуға көмектесу;

сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету арқылы жүзеге асырылатын болады;

«жасыл» экономиканы дамыту.

Өнеркәсіп салаларын дамытуға өнеркәсіп өнімдерін өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту, ескірген жабдықтарды мүлдем жаңаларына ауыстыру, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту, әрекет ететін Кеден одағының шеңберінде жергілікті кәсіпорындардың Ресей Федерациясы және Беларусь нарықтарына шығуы.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылмен салыстырғанда 2019 жылы мынадай салалар бойынша өндірісті ұлғайту жоспарланып отыр:

Азық-түлік өнімдері өндірісінде номенклатура бойынша: шұжық өнімдері – 17,4%-ға, нан – 25%-ға, кондитерлік өнімдер – 20,5%-ға, макарон өнімдері – 1,2%-ға, ұн – 35%-ға және т.б. өсім жоспарланып отыр.

Жеңіл өнеркәсіпте аяқ-киім және тігін өндірістері басым, олар импортталатын тауарлардың үлесін төмендетіп, сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.

Жүн өндірісінде 2014 жылмен салыстырғанда 2019 жылға жоспарланып отырған өсім 5,3% құрайды (үй шаруашылығы), сыртқы киім – 11,3% («Большевичка» өндірістік кооператив, «Азурит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) және басқа), басқа да тоқылған және тоқыма өнімдері – 1,4%.

Машина құрылысында автокөлік өндірісі 2019 жылы 1,8 есе өседі және 14,7 мың бірлікті құрайды («Агромаш Холдинг» АҚ, «Сарыарқа Автопром» ЖШС).

2019 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2014 жылмен салыстырғанда 1,6 есе ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, оның көлемдері аталған сала табиғи жағдайларға сәл ғана тәуелді болуына байланысты айтарлықтай дәрежеде ұлғаяды.

Мал шаруашылығында көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді мал үлесінің ұлғаюы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмысты жалғастырудың және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандырудың арқасында өсімге қол жеткізіледі.

Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, оның ішінде әрі қарай көбейту үшін асыл тұқымды жануарларды импорттау және ҮИИДМБ бағдарламасының шеңберінде мал шаруашылығы фермалары, көбейткіш шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдары, мал шаруашылығы кешендері сияқты жаңа объектілер құрылысы есебінен жалғастырылады. Көбейтуші шаруашылықтар, мал шаруашылығы фермалары және мал бордақылау алаңдарының құрылысы жүргізілуде: «Global Beef KZ» (Глобал Биф КЗ).

Сонымен қатар, «Сыбаға» етті тұқымның жас төлін өсіру үшін аналық ІҚМ және асыл тұқымды өндіруші-бұқалар сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру есебінен.

Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларын дамыту үшін айдама мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданады. Сондай-ақ, жарма өндірісін дамыту және бұзылған жайылым жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.

Өсімдік шаруашылығында орта мерзімдік кезеңге тұрақтылықты сақтау және өндірістің құлдырауына жол бермеу жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдарға өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды ескеріп, майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту, ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алқаптарын кеңейту, тұқым айналымының, жоғары селекциялы сорттардың сұлбасын енгізу, ауыл шаруашылық айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді қатыстыру, жоғары өнімді техниканы сатып алып, машина трактор паркін жаңарту.

Бидай өндірісі инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінетін болады, өйткені бидай дақылдары ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымында үлкен үлесті алады. Элеваторлар мен дәнді дақылдар тасымалының жетіспеу проблемасы бидайды өңдеуге және сақтауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады. Осы мақсаттарда «Енбек 07» ЖШС, «ПКФ «Кайрат» ЖШС, «Элеватор «Торгай-07» ЖШС, «Каркен» ЖШС, «Раскуль» ЖШС, «Восток-1» ЖШС, «Сарыколь-Астык» ЖШС, «Ряжское» ЖШС бидай қоймалары пайдалануға беріледі. 2014 жылдың қаңтар-қарашасында «Пресногорьковское-250» ЖШС-да желілік элеваторды пайдалануға беру «Макс» ЖШС, «Olzha Storage» ЖШС бидай қоймаларының құрылысы жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасауға өндірісті технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қала береді.

Сондай-ақ, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдерді өндіруді ынталандыру үшін де жағдайлар жасалатын болады. 2019 жылы ИСО және ХАССП стандарттарын жалпы саннан 15%-ға дейін енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының саны ұлғайтылады.

Тұтынушыларға өнімдерді жеткізу және сақтау логистикасын дамыту арқылы базарды отандық өндірістегі азық-түлік тауарларымен әрі қарай толықтыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіру жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

Кіші және орта бизнесті әрі қарай дамыту мемлекеттік қаржылық қолдаудың барлық құралдары есебінен жүзеге асырылатын болады.

Өңірдің минералды-шикізат әлеуетін игеру мақсатында құба көмірдің Орловское кен орнын әзірлеу және «Приозерный» кесіні базасында Тургайская (Кушмурунская) ЖЭС құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізілуде.

Индустриалдық аймықты және көлік логистикалық орталығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.

2014 жылы ұзақтығы 214,4 км магистральдық желілер «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы аяқталды. Бұл Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарының тұрғындары мен кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін шубаркөл көмірін Арқалық станциясы арқылы ең қысқа желімен тасымалдауды жүзеге асыруға, қазіргі жеткізу схемасынан айырықша көмірдің өзіндік құныдағы теміржол тарифтік құрамын төмендетуге, Қостанай облысының оңтүстік бөлігінің және Қарағанды облысының солтүстік-батыс бөлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуын айтарлықтай дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыста Қостанай қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және әуевокзалын қайта жаңарту мәселесін шешу жоспарланып отыр. «КазАэроПроект» АҚ Қостанай қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және әуевокзалын қайта жаңартуға ЖСҚ және ТЭН әзірледі (мемсараптаманың 30.12.2013 жылғы № 01-1049/13 оң қорытынды).

Жобаны іске асыру үшін оны Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған бағдарламаға қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2019 жылы байланыс қызметтерінің көлемі 2014 жылға қарағанда 11%-ға ұлғаяды. Өсім телекоммуникация желілерін және объектілерін пайдалануға беру және жаңғырту есебінен жоспарланып отыр.

2018 жылға дейін инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде – 6-8% болады, кейін 5-7%-ға дейін төмендеумен.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге азық-түлік тауарларының қалыптастырылған тұрақты қоры, бидай және май дақылдарының, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайту, қолданыстағы жылыжайлардың және көкөніс қоймаларының құрылысы және жаңғырту әсер ететін болады.

Облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының, нарықтардың, супермаркеттердің басшыларымен және көтерме сауда жеткізушілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және сауда орындарының жалдамалы төлемақысын төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қойылады. Азық-түліктер базар бағасынан 15-30%-ға төмен бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда нарығындағы ахуалдың мониторингі үнемі өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға ден қою шаралары қолданылады.

Шараларының бірі азық-түлік тауарлары бағаларының болжамды дәлізін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат берілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу арқылы оларды болжауды анықтау болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді бір қалыпта ұстау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.

2019 жылға қарай сыртқы сауда айналымы 4792,5 млн. АҚШ долларына дейін өседі, өсу қарқыны 2014 жылы 27,2% құрайды.

2014-2019 жылдарға болжамдалып отырған сыртқы сауда айналымы орташа есеппен жылына 5,4%-ға өседі.

2014-2019 жылдары экспорт орташа есеппен жылына 5,3%-ға өсетіні болжамдалып отыр.

2014-2019 жылдары импорттық түсімдер орташа есеппен жылына 5,8%-ға өсетіні болжамдалып отыр.

Орта мерзімдік кезеңде сыртқы сауда саясаты облыстың бәсекегк қабілетті экономикасын құруға бағытталатын болады.

2014-2019 жылдарға арналған сыртқы экономикалық қызметінің басым бағыттары болып:

Кеден одағы, Европалық одақ елдерімен, Қытаймен және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

сыртқы нарықтарға тауарлардың экспорттық жеткізуінің (темір рудасы, асбест, өңделмеген алтын, бидай және ұн) өсу қарқынын сақтау;

шикізат емес бағыт өнімінің экспорт үлесін жалпы экспорттың көлемінде ұлғайту;

экономиканың жетекші салаларындағы және қайта өндейтін өнеркәсіптегі жаңа бәсекеге қабілетті өндіріс саласында байланыстарды жетілдіру және ретке келтіру;

жаңа өткізім нарықтарын іздестіру және қолда барын кеңейту;

Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының шектес облыстарымен және өңірлерімен және басқа елдермен өңіраралық ынтымақтасты дамыту.

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған және 2011-2015 жылдарға арналған Қостанай облысы аумағындамыту бағдарламалары мемлекеттік бағдарламаларымен және Бес жылдық кезеңге арналған аумақты дамыту бағдарламасымен белгіленген, басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өңірлердің экономикасын дамыту үшін мәслихат 2013-2015 жылдарға арналған кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ведомоствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды, оларда олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңірлердің шаруашылық ерекшеліктерін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген. Жұмыс өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздеуге және пайдалануға бағытталады.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламамен мынадай индикаторлар анықталды:

2015 жылға:

1. Төмен экономикалық әлеуетті моноқалалардың өнеркәсіп өндірісі көлемін бір немесе бірнеше «якорлық» инвестициялық жобаларды – кемінде 20% (2011 жылмен салыстырғанда) іске асыру нәтижесінде ұлғайту;

2. Моноқалалардағы белсенді әрекет ететін кіші кәсіпорындардың санын 2 есе (2011 жылмен салыстырғанда) ұлғайту;

3. Моноқалалардағы ең төменгі күкөріс деңгейінен төмен кірістері бар халықтың үлесін көбінде 6% деңгейіне дейін төмендету;

4. Моноқалалардағы жұмыссыздықтың деңгейін көбінде 5,5% деңгейіне дейін төмендету.

2020 жылға:

1. Моноқалалардағы белсенді әрекет ететін кіші кәсіпорындардың санын 4 есе (2011 жылмен салыстырғанда) ұлғайту;

2. Моноқалалардағы ең төменгі күкөріс деңгейінен төмен кірістері бар халықтың үлесін көбінде 6% деңгейіне дейін төмендету (2015 жылы Ең төменгі күкөріс деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып);

3. Моноқалалардағы жұмыссыздықтың деңгейін көбінде 5% деңгейіне дейін төмендету.

Орта мерзімдік кезеңге арналған өңірлік дамудың негізгі бағыттары:

әлеуметтік салада – әлеуметтік объектілердің құрылысын оптимистік демографиялық болжамдары және даму перспективалары бар елді мекендерде жүзеге асыру;

индустриялдық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстар, кадрлар және басқалар) болуын ескеріп, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға көмектесу;

бюджеттік саясатта – ресурстарды тиімсіз шығындарды бір мезетте қысқартып, перспективалық, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру керек.

Білім саласында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Балапан» Бағдарламасының міндеттері мен іс-шараларын іске асыру басым бағыт болып қалады.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту, шағын орталықтарды толық күн оқытуға көшіру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғасады.

2015 және 2016 жылдары 1 балабақшадан салу жоспарланып отыр.

«Балапан» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы 1013 орын, 2016 жылы – 1370 орын енгізу жоспарланып отыр.

Барлық деңгейлерде білім сапасын жоғарылатуға айрықша назар салынады. Аталған міндетті шешу педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа үлгісін енгізуді жалғастыру, «e-learning» электрондық оқыту жүйесін кезең-кезеңмен енгізу, облыстың жалпы білім беру мектептерінің 12-жылдық оқыту бағдарламасына біртіндеп көшуі есебінен жоспарланып отыр.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептердің құрылысы, оларды жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау себеп болады.

Өңірдің техникалық және кәсіби білім жүйесіне дуалдық оқу жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіби тәжірибені кеңейту мақсатымен облыс колледждері мен кәсіпорындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделіп отыр.

Еңбек нарығында мамандар қажеттілігінің болжамын ескеріп, техникалық және кәсіби білім мамандары бойынша мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1-бағыты бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде білім объектілері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

2019 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай күшейту басым бағыт болады.

Халықты тексерудің ұлттық скринингтік бағдарламасын іске асыру, оның ішінде сапалы жоспарлау, уақытында және сапалы денсаулығын жақсарту.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды алдын алу, ерте диагностика мәселелері, оның ішінде адамның өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік бойынша халықтың хабардарлығын жоғарлату жалғастырылады.

Облысқа жыл сайын кемінде 60 жас маманды тарту, кемінде 500 дәрігердің және 2000 орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады.

2014-2016 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен 1,1 млрд. теңге сомасына медициналық жабдық және санитарлық автокөлік (64 кесінді компьютерлік томограф, сараптамалық класстағы УДЗ аппараты, телепатологияға арналған жабдықтар, гастроскопы бар эндовидиостойка, колоноскопы бар эндовидиостойка, жедел жәрдем үшін реанимобиль және т.б.) сатып алу көзделіп отыр.

«350 дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушерлік пунктердің және емханалардың құрылысы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014-2016 жылдарға 1 млрд. теңге сомасына 10 жуық дәрігерлік амбулатория және 1,7 млрд. теңге сомасына 1 емхананы (Қостанай ауданының Затобол кентінде ауысымына 300 келушіге арналған) салу көзделген.

2015-2016 жылдары Рудный және Арқалық қалаларында ауысымына 500 келушіге арналған 2 емхананың құрылысы жоспарланып отыр.

Бұл шаралар аналардың, балалардың және жалпы қайтыс болуды төмендетуге әсерін тигізеді.

Болжамдалып отырған кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыты онкологиялық ауыру мен одан қайтыс болуды төмендету болып табылады. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде 2,4 млрд. теңге сомасына Қостанай қаласында 300 келушіні қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғастырылады.

Облыстың мәдениет саласын әрі қарай дамыту мынадай бағыттарды:

инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

облыс өңірлері бойынша мәдениет мекемелерінің желісін дамытудағы сәйкессіздікті болдырмауды;

өнер және кино ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеуін өткізуді;

мәдениет мекемелерініңқатысушылық деңгейін жоғарлатуды;

облыс өңірлерінде жаппай іс-шараларды өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын дамытуды қарастырады.

Жұмыссыздықты төмендету және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде аудандар және қалалар бюджеттерінің қаражаттары есебінен, сондай-ақ Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде өткізіледі.

Жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған және күнкөрісі төмен халықтың өнімді жұмыспен қамтуын жоғарлату мақсатында облыста кейін жұмысқа тұрғызу шартымен кәсіби оқуға 1 мың адамға дейін жыл сайын бағыттау, 10 мыңға жуық адамды тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыру, 4 мыңға дейінгі адам қоғамдық жұмыстармен уақытша қамтамасыз етіледі. Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Экономика саласының біліктілік кадрлармен қажеттілігінде болжамның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы мемлекеттік (салалық) бағдарламалардың шеңберінде өңірледрің және мамандардың кесінінде жұмыс орындарын құру бойынша мөлшерлік көрсеткіштер болжамдалатын болады.

Көзделген іс-шараларды орындау нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2019 жылға қарай 4,7%-ға дейін қысқарады.

Орта мерзімдік кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттар асыраушылықты қоспағанда, атаулылыққа және тиімділікке негізделген әлеуметтік көмекті беруге бағытталады.

2015-2019 жылдары халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету белсенді нысандарын қолдану есебінен атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны жыл сайын төмендейтіні және ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі ұлғаю есебінен шығыстар жылдық сомасының шамалы ұлғаюы күтіледі. Жоспарланып отрыған мерзімде мемлекеттік балалық жәрдемақы бойынша 200-220 алушы адамға және шығыс сомасына жыл сайынға шамалы ұлғаю күтілуде.

Жұмыспен қамту жол картасымен көзделген күнкөрісі төмен халықты кәсіби оқыту және жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы кедейшілік деңгейін төмендету кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінен төмен халықтың үлесін 2014 жылы 4%-дан 2019 жылы 3,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Психоневрологиялық интернат-үйге кезектілікті қысқарту үшін (кезек 170 адамды құрайды) кемінде 100 орындық психоневрологиялық интернат-үй ашу есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезекте ауыл халқы үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға шағын үйлер салу жөніндегі мәселені талқылап жатыр.

2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет