Отандық көркем шығармаларымызда модерндік әдеби бағыттардың дәстүрлі романтизм, реализм секілді бағыттармен синтезге түсе бастауы


Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардағы романтизм, реализм әдісінің дамуы



бет3/4
Дата31.07.2022
өлшемі192.59 Kb.
#459853
1   2   3   4
Арайлым пр

2. Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардағы романтизм, реализм әдісінің дамуы. .

  • Романтизм жазба әдебиетте ХІХ ғ. қалыптасып, ХХ ғ. жаңа сипат алып, дами түсті.
  • ХІХ ғ. әдеби құбылыстар жаңа дәуірде жетіле, орныға, қалыптаса түсуінің үстіне талай жаңалықтарды қосып, тарихи сабақтастық даму үстінде екенін көрсетті. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал – романтикалық суреттеу тәсілі»

    ХХ ғ. басындағы әдеби процесс – қазақ әдебиетін түрлі бейнелеу тәсілдерімен байытқан, әрі прозаның өзіндік бағыт алып, байыптана түскен ерекше кезеңі. Оған сол кезеңдері жарық көрген М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, С. Ерубаев, т.б. шығармалары дәлел. Осы тұстағы романтикалық бейнелеу тәсіліндегі туындылар поэтикалық инверсиялар мен ассоциацияға бай, ырғақты, әуезді, қара сөзбен жазылған жыр жолындай әсер қалдырады. ХХ ғасырдың басында әдеби ойлау жүйесінің басты ұстанымы болатын «мәңгілік мәселелерді» талдау, адам болмысына жаңа көзқарас, жеке адамды рухани-психологиялық құбылыс ретінде бағалау – аталған суреткерлердің шығармашылығына тән

Көркем шығармалардағы романтизм әдісінің дамуы.

  • Көркем шығармалардағы романтизм әдісінің дамуы.
  • Махаббат пен зұлымдық тақырыбындағы С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы – қазақ прозасының алғашқы легіндегі романтикалық сипаттағы шығармалардың бірі. Қамар мен Ахмет сияқты жастардың өз бақыты, бас бостандығы, махаббаты үшін күресі баяндалған романның бас-аяғы өлеңмен көмкерілгенімен, негізі қара сөзбен жазылған. Өлеңмен жазылған сүйіспеншілік хаттары Қамар мен Ахметтің ойлары мен портретін берудің бір тәсілі ретінде көрінген.

    С. Торайғыровтың романтика-философиялық әлемі Ш. Бөкеевтің, Б. Күлеевтің, М. Дулатовтың көркемдік әлемі сияқты өзінің ерекшеліктеріне ие және ерекше тәсілді талап етеді. Бұл жағдайда романтизм ерекшеліктерін анықтаудың еуропалық өлшемдері аталған ақындардың романтизмін анықтауда толық сәйкес келе бермеуі мүмкін. Тұжырымдай айтсақ, еуропалық романтизмнен айырмашылығы қазақ романтиктерінің шығармаларында романтикалық таным ағартушылық идеяларымен сабақтасып жатты.


бір жағынан, ол – өз эмоциялары мен пікірлерінде субъективтілік танытатын автордың көркемдік еркіндігі
екінші жағынан – «субъектіге», индивидуумға деген ерекше ықылас, қайталанбайтын адам тұлғасына табыну, оның ішкі әлеміне басымырақ назар аудару. Мұның екеуі де романтикалық шығармалар стилінде түрліше көрініс табады. Жеке тұлғаға ерекше назар аудару мағынасындағы субъективизм лирикалық кейіпкердің ішкі дүниесіне үңіліп, көркем шығарманы психологизммен байытады.
Субъективтілік ұғымы көп ретте екі түрлі аспектіні қамтиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет