Отандық көркем шығармаларымызда модерндік әдеби бағыттардың дәстүрлі романтизм, реализм секілді бағыттармен синтезге түсе бастауы


Қазақ прозасындағы романтикалық тенденциялар мен оның ұлттық сипаттары



бет4/4
Дата31.07.2022
өлшемі192.59 Kb.
#459853
1   2   3   4
Арайлым пр

Қазақ прозасындағы романтикалық тенденциялар мен оның ұлттық сипаттары.

Кеңес дəуіріндегі əдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дəуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің əдебиетке əкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани əлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды.


ХХ ғасыр басындағы əдеби процесте ұлттық психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға ерекше үлес қосқан жазушы Жүсіпбек Аймауытов болды

Романтизм еуропалық мəдениетте əдеби бағыт ретінде ағартушылық дəуіріне қарсы болса, қазақ қаламгерлерінің (Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов) шығармаларында романтикалық таным ағартушылық идеялармен сабақтасып жатты. Бұл — қазақ жəне еуропалық романтизмнің айырмашылығы.

  • Романтизм еуропалық мəдениетте əдеби бағыт ретінде ағартушылық дəуіріне қарсы болса, қазақ қаламгерлерінің (Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов) шығармаларында романтикалық таным ағартушылық идеялармен сабақтасып жатты. Бұл — қазақ жəне еуропалық романтизмнің айырмашылығы.
  • Романтизм қазақ топырағында өзінің таза, еуропалық үлгісінде болған жоқ. Еуропалық романтикалық қиялшылдық уақыт пен кеңістік тұрғысынан сол тұстағы өмірден біршама алыс тұрса, қазақ романтизмінің құрылымы заманымен орайлас жатып, өз кезеңімен үндестік тауып отырды. Ортасын олқы көрген тұлғаның жинақталған бейнесі жасалғанымен, ол дəуірінің, сол кезеңнің адамы болды. Алыс мекендер де, экзотикалық шалғай жерлер де суреттелген жоқ, оқиға көбінесе таныс ортада, қазақ қоғамында өтеді.

Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ прозасындағы көркем шығармаларда романтикалық бастау адам рухының асқақ сəттерімен, жалпы адамзаттық құндылықтармен астасып жатыр. Романтикалық көңіл- күй қашанда адамның жан дүниесі мен рухани сергектікті ұлықтаудан жəне жердегі кез келген сұлулыққа, қайырымдылыққа тебіреніп, бейжай қала алмаудан туындауда. Қазақ прозасында романтикалық жəне реалистік бастаулардың бір бірімен алмасып келіп отыратыны айқын аңғарылады. Бұл ретте қазақ прозасында романтизмді реализм алмастырды деп келетін қарабайыр түсініктің ескіргенін, екеуінің де қатар, жарыса жүргенін атап өту орынды.
Қорытынды
Қазақ романтизмі, ең алдымен, қазақ әдебиетінің алдыңғы дәуірлерінен бастау алады, яғни романтизмді көркемдік ойлаудың типі ретінде ұлттық ойлау жүйесінің ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік романтизм парадигмасымен жаңғырып, жалғасып жатқанымен, суреттеу тәсілдерінің қай-қайсысы болмасын қазақ бояумен көрініп жатты. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі романтикалық таным ұлттық прозаның даму тарихында аса маңызды орын алып, адам мен дүние құбылыстарын бейнелеуде негізгі әдіске айналуына құнарлы орта қалыптастырды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдар прозасында романтизмге тән ұстанымдар, романтизмнің тұрақты бейнелеу амал-тәсілдері анағұрлым айқын аңғарылды деп айтуға негіз бар. Суреткерлер шығармаларына романтизм үлгісіне тән сұлу өрнектер, жаңашылдыққа ұмтылыс, терең сезім күйі, нәзік сыршылдық тән болды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  • Ахметов, З.А. (2008). Асыл сөз арнасы. Алматы.
  • Дулатов, М. (1991). Шығармалары, Жинақ. Алматы.
  • Елеукенов Ш.Р. (1987). От фольклора до романа-эпопеи. Алматы.
  • Жанұзақова, Қ. (2015). Қазақ романтизмінің поэтикасы. Монография. Алматы. Жаксылыков, А.Ж. (1999). Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Монография. Алматы.

Назараларыңызға рақмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет