Отбасы институты: отбасының пайда болуы мен дамуы



бет4/4
Дата16.04.2023
өлшемі368.23 Kb.
#472309
түріҚұрамы
1   2   3   4
Әлеуметтану презен

Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының

 тарихы зерттеледі,екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және

 шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу 

санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

ҚОРЫТЫНДЫ Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жеке бастылық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 –ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.Тұрғынбаев Ә. Х. Социология – Алматы, 2001. 2.Шәмшәт ұлы И,Дәкенов М, Дәуіт Д, Күнхожаев Н. Әлеуметтану– Алматы, 1999ж. 3.Қарабаев Ш. К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құрал– Алматы Экономика баспасы, 2007. 4.Р. Әбсаттаров, М.Дәкенов. Әлеуметтану негіздері: Оқу құрал– Алматы, 2007. 5.ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №2(29) 

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет