Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым


Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану



бет7/9
Дата20.05.2022
өлшемі225.93 Kb.
#458207
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым- қатынастың

2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану
Анықтау эксперментінің нәтиже көрсеткішін негізге ала отырып, коррекциялық жұмыс жүргізуді мақсат еттік. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу, тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі.Психокоррекциялық топтарда сыналушы көзқарастары мен мінез – құлқына ықпал етуші факторлар анықталады, топ қатысушысы ұқсас проблемасы немесе тәжірибесі бар топ мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алуына мүмкіндік беріледі.
К. Рудестамның айтуынша,топтық психотерапияның бір ерекшелігі топтық құрылымда пайда болатын және өңделетін реакциялар топтан тыс жерлерде тұлғааралық қақтығыстарды шешуде көмектеседі. Достық және бақлаушы жағдайда жаңа дағдылар меңгеруге, жаңа мінез – құлық типтерімен эксперимент жасауға болады. Психологпен қатар теңқұқылы серіктестердің қатысуы қолайлы жағдай орнатады. Өзіне сенімсіз топ мүшелері өздерін алаңсыз бірқалыпты, қолдауды сезінеді.
Бұл тарауда біз бірнеше тренингтердің техникалары мен жаттығуларын келтіреміз, оларды ортақ атаумен «Коммуникативті қабілеттер мен мәселені шешу дағдылары тренингі» жаттығулар мен техникалар К. Фогельдің «Команда құру» және «Топтағы бірлік пен білімділік» атты еңбектерінен алынған.
Қазіргі таңда топта әрекет ете білу қабілеті бұл сенімділік, көмек көрсетуге даярлық, сезімталдық, көз қарасының кеңдігі, шыдамдылығы және өзін -өзі сыйлау сыйлау сияқты қасиеттермен бірдей қатарда тұр. Бұл қасиеттер басқалармен қарым – қатынас өзара сыйластық, коммуникация және қызметтестік негізінде құрауға ұмтылыстардың барлығына қажет. Қазіргі өмір бәсекелестікке бағыттала дамиды.
Экономика саласында бәсекелестік прогресстің түрткісі және бизнестің өмір сүру кепілі болып табылады. Мектептерде оқушыларды бір –бірімен жарыстырып жеңуші мен жеңілушілердің болуын болжайтын арнайы конкурстар мен сайыстар ұйымдастырады. Кейде хобби мен еліктеулер жарысу мен бәсекелестікті білдіреді. Өкінішке орай, бәсекелестік кейде жеке өмірге де еніп кетеді. Ерлі –зайыптылар кім ақшаны көп тауып жатыр, кімнің жарысары жетістікті деген сияқты мәселелерде өзара бәсекелеседі. Балалардың мінез –құлқына ықпал ету үшін ата –аналар көбінесе бауырларды бір –бірімен салыстырады. Соның барысында барлығы әдетте жеңушілер жеңілушілерге қарағанда неғұрлым аз екендігін түсінеді. Әрқашанда жеңіліске ұшырау қаупі бар екені есте тұрады және оны түсіну өзіне сенімсіздік пен әртүрлі қорқыныштар ұялатады. Нәтижесінде, жеңушілер де жеңілушілерде аса ашуланшақ болып, басқа адамдармен қарым –қатынасы нашарлайды. Бәсекелестік біздің анағұрлым тұйық болуымызға ықпал етеді, ертелі ме кеш пе өз күшіне ішкі сенімділікті бұзады.
Қызметтестік адамдарға бірге тіршілік етуге көмектеседі. Өз серіктестерін жақсы жақтан көру және олармен қатынасты бағалай білу табиғи нәрсе. Адамдар жетістікті бөліскен кезде, бір –біріне қолдау көрсетуге бейім болады. Қызметтестік атмосферасында басқаларға достық қатынас көрсету оңайырақ түседі.
Қызметтестік қақтығыс мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Нағыз қызметтестіктің арқасында әркім өз үлесін қосады, әркім өз пікіріне ие болады.Жағымды қатынастар негізінде шартты түрде «құрылымдық қақтығыс» деп аталатын қақтығыс туындайды. Әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі көзқарастар туралы сөз болғанда барлық қиындықтарды шешу жеңіл болады, егер олар жеңіс пен жеңіліс сұрақтарымен байланысатын болса.
«Менің отбасым –қазір және ертең»
Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.
1.Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:

  • отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;

  • өзіндік сананы арттыру;

  • отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

  • дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

  • өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;

  • өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;

  • өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.

«Отбасы мүсіні»жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.
«Отбасы оқиғалары» жаттығуы Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
«Отбасын ойнайық»жаттығуы
Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.
Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма.Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
«Бір тізбекпен байланысқан» жаттығуы.
Әрбір отбасында оның мүшелері бір –бірімен тығыз байланысады, қарым –қатынасқа түседі, бір –біріне әсер етеді. Берілген жаттығу отбасындағы қатынасты түсінуге мүмкіндік береді. Орындау үшін әр қатысушыға 1 метр ұзындықтағы жіп үзіндісі мен әрбір «отбасы» үшін жіп орамасы және қайшы даярлап қою қажет.
Қатысушылар беліне жіпті байлайды. Содан соң « отбасылар» қолдарын созғандағы аралықта кейін тұрып, беліндегі жіпті тағы да басқа жіппен байланыстырады.Барлық отбасы мүшелері байланады. Ешкім бос қалмауы қажет.
«Бұл сіздердің әрдайым байланыста болатындарыңызды сезіну үшін». Қандай да бір күнделікті жағдайды елестетіп, әрекет ете бастаңыз. Мысалы, анасы мен әкесі бір- біріне жақындап, құшақтасқысы келеді немесе ұлы өз ойыншықтарымен ойнағысы келеді.
Сіздер өздеріңізді қаншалықты байланғаныңызды сезіндіңіз? «Отбасы не істегісі келеді, сонда барлық мүшелер қайда болды? Қай жерде қысым пайда болды? Оны азайту үшін не істей аламыз?
Бұл жіптерді әртүрлі сезімдер ретінде қарастыруға болады: махаббат, мазасыздық, қобалжу, басқаларға жауапкершілік. Біз әр адам өзінің жеке өміріне құқысы бар деп жіптерді босатамыз.
«Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы.
«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз ? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр ? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен ?»
Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.
«Идеалды отбасы» жаттығуы.
Жеткіншек идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата- аналар қандай қызмнт атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден көрінеді. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
«Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.
Топ қатысушылары отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) басқалардың арасынан рольге адамдар таңдайды да, идеалды отбасы өмірінен үзінді ойнайды. Қалған қатысушылар –көрермендер. Көрініс біткеннен кейін, көрермендер көргені жайлы өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады да, қалғандары көрермен болады. Бұл отбасына шын мәнінде не қажет, қатынастар, мәселелер, отбасының дамуы жайлы талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.
«Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.
Жаттығу қатысушылардың бір- біріне вербалды емес формада бағытталуын қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады. Біріншіден, жұптарға бөлініп, бір- біріне арқасымен орналасып, дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет; екі жаққа да ыңғайлы болу үшін қысымды түсіру қажет. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымды сезінумен байланысты болуы да мүмкін.
«Нәресте» жаттығуы.
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш қатысушыны таңдайды. Оның екеуі -әкесі мен анасы, ал үшіншісі-нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды, тек төсекте жатыр. Ол тек ым- шара және дыбыстар арқылы ғана жауап береді. Ата- аналар нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес минуттан соң қатысушылар рольдерімен ауысады. Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайды ойластыруы мүмкін, мысалы, телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады. Жаттығу аяқталған соң, әр «отбасы
мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі. Не ойлағаны жайлы, қосалқы жағдай қалай әсер етті. Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.
«Дүкен» жаттығуы
Қатысушылар «отбасылық жұптарға» бөлінеді. Барлық жұптар бір қатарға отырып, дүкеннен зат сатып алады. Оның сатушысы ролін жетекші ойнайды. Ойын шарты бойынша барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен келеді. Бір нәрсе сатып алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет. Консультант суретті алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы), бірінші жұпқа келіп сұрақ қояды: «Бұл қандай жеміс (көкөніс, жануар, жихаз) ? Әр жұп кезекпен атап өтеді. Жауабын тапқан жұптар кез- келген затты сатып алуға мүмкіндік алады. Әдетте қатысушылар алдымен киім- кешек, кейіннен пәтер, жихаз, көлік алады.
«Ерлі- зайыптылар» қаншалықты затты сатып аларда кеңесті? Серіктесінің пікірлерімне санасты ма?Олардың қызығушылықтары қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар олардың жұптарының қаншалықты байланысты екндігін талқылайды.
Әдетте жаттығу өте қызықты өтеді; сол себепті де бұл жаттығуды топ бірлігін арттыру мақсатында да қолдануға болады.
«Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасына жайғасады. Олар отбасындағы рольдерін анықтап алады да, жетекші оларға қандай да бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы: «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды», оларға пікірталас жүргізуді ұсынады. Жетекші көрермендерге алдын- ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез- құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалға, ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақша кетіруді қалайды:оқуға, саяхатқа, бір нәрсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұсына алады.
Талқылаудан кейін, бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да, басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар, үлкен ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші үлы барғысы келеді, жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кімболды, «ата- аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма, келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлу қажет.
«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді де, кез- келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды. Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін. Сөзді қолдануға да, қолданбауға да болады. Ең бірінші ым- ишара, қимыл- әрекетке көңіл бөледі, яғни қатынас пен сезімнің берілуі. Сөзбен берілетін бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен бере алады. Қойылым ойналып болған соң тоқталады. Көрермендер мен жетекші жағдайды талқылайды. Көрермендер орын ауысып, басқа жағдайды ойластырады.
2. Жыныстық рольге идентификация, болашақ серіктесті табу.
Тренингтің бұл кезеңінің мақсаты- жеткіншектерге өзінің жыныстық ерекшелігін түсініп, ер адам мен әйел адамға тән сәйкес бейнесін қалыптастыра білуге, өз жыныс ерекшелігін қабылдай білуге көмектесу. Мұнда көбінесе ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым- қатынасты басынан өткеру; болашақ серігінің бейнесі, серіктесімен махаббат пен өзара қатынас сияқты тақырыптарға назар аударылады.
«Ұл деген кім және қыз деген кім»? жаттығуы
Егер топта екі жыныс өкілі де болса, екі топқа бөлінуге болады. Қыздар «қыз деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды, ал ұл балалар «ұл деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды. Коллаж жасау- қиялдың дамуына ықпал етуші қызықты әрекет. Жұмыс орындалғаннан соң, әр топ өз туындылары жайлы әңгімелеп береді. Әңгімелеуде қатысушылардың жас ерекшелігіне сай ұл балалар мен қыз балалардың, ер адамдар мен әйел адамдардың денелік айырмашылықтары туралы кітаптар қолданса болады.
«Біздің сұрақтарымыз» жаттығуы.
Жетекші ортаға қорабша қояды да, қатысушыларға өздері дауыстап сұрауға батпай жүрген, ұялып жүрген сұрақтарын қағаз бетіне жазып, қорабшаға салуға болатындығын ұсынады. Есімін жазудың қажеттігі жоқ екнін ескертіп қою қажет. Жеткіншектер өзін қауіпсіздікте сезінуі қажет. Егер сұрақтар көп болса, келесі сабақтарда да қ олданса болады. Егер сұрақтар аз болса, қорабшаны бір жерге қойып, қатысушылардың сұрақтарды басқа кездесулерде де қоя беруіне мүмкіндігін жасау қажет.
Ер адамдар мен әйел адамдар жайлы біздің түсінігіміз көп дәрежеде мәдени стереотиптерге байланысты. Әйел адам жұмсақ, нәзік жан болатыны, қатал әрі ашуланшақ болмауы қажет деген стереотиптер қабылданған. Ал ер адамдар болса, бұл күш және қатаңдық, ол жылап қалып немесе нәзік болмауы керек. Осы стереотиптерге сүйене отырып, ер адамдар әйел адамдарды әлсіз және тәуелді ретінде, ал әйел адамдар ер адамдарда қаталдықты көреді. Бірақ табиғи ерекшеліктеріне, тәрбиесіне, нақты жағдайға сәйкес әйел адамдар да, ер адамдарға нәзік және қатал, күшті және әлсіз бола алады. Ер адамда нәзіктік дамымаса, әйел адамдағы осы қасиетке әсер ете алады ма? Әйел адам ер адамның қаталдығы мен шыдамдылығы жайлы түсінігі болмаса, қалай бағалайды?
Жеткіншектермен олардың идеалды ер адам мен әйел адам туралы түсінігіне әңгіме жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет