Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым


Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың



бет8/9
Дата20.05.2022
өлшемі225.93 Kb.
#458207
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым- қатынастың

2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың зерттеу нәтижесін жинақтау
Бақылау экспериментінде коррекциялық жұмыстар нәтижесін байқау мақсатында келесі экспериментті жүргізуді жөн көрдік.
Ата-ана мен бала өзара қатынасы ” жеткіншек жас кезеңіндегі бала мен ата-аналарға арналған сауалнама екі жақты бағалаудан тұрады. Авторы И.М.Марковская (1999) Онда отбасы өзара қатынасын анықтау мақсатында Жеткіншектерде тұлғааралық қатынас қалыптасуында көрінетін қақтығыс деңгейін анықтауды жөн көрдік. Жүргізілген әдістеме «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тесті. Бұл әдістемеде индивидтің қақтығысын бағалауға арналған (Қосымша №3).
Құрылымы: 3 варианты бар сөйлем беріледі. Олардың варианты а, б, г деп белгіленеді. Өзінің ойындағысына жеткіншектер «+» белгісін (иә) қояды.
Әдістеменің нәтиже көрсеткіші: Егер ұпайдың қосындысы 30-дан 44-ке дейін болса, онда ол индивид қақтығысуды ұнатпайды. Сын жағдайларынан қашады. Айналасындағыларға жақсы көрінгісі келеді. Бұл төмен қақтығыс.
Егер ұпайдың қосындысы 15-тен 29-ға дейін болса, сіз өз ойыңызды білдіре алатын адамсыз. Бұл пікіріңіз жеке басыңызға, қарым-қатынасыңыздағықарым-қатынасыңызға әсер етсе де. Сол үшін де сізді айналаңыздағылар сыйлайды. Бұл орташа қақтығыс.
Егер ұпайдың қосындысы 10-нан 14 ұпайға дейін болса, сіз қақтығысқанды жақсы көресіз. Сол қақтығысу үшін себеп іздейсіз. Сынды, өз ойыңызды айтқанды қатты жақсы көресіз. Өте жоғары қақтығыс.
Осы әдістемені жүргізгендегі, нәтиже көрсеткіші 4-кестеде көрсетілген.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізілген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
1. Отбасы психологиясында қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға теориялық талдау жасау арқылы ғылыми қағидаларға сипаттама жасалынды. Оларды отбасының қоғамдағы орны, атқарар қызметі, іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама беріліп, сипаттама жасалынған. Отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев, С.Голод, З.Янкова, А.М.Уматинов, Э.К.Васильева т.б. ғалымдар зерттеулерінде отбасы мүшелері арасында қысымның болу себептерін және отбасы қызметінің үш тобын қарастырады. Олар шаруашылық-экономикалық, генеративті-тәрбиелік, мәдени. Сонымен қатар отбасы қызметінің басқада түрлерін анықтаушылар бар. Отбасы проблемаларына арналған зерттеулердің көптігіне қарамай әлі отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады. Отбасының анықтамасы туралы да әлі ортақ пікір қалыптаспаған. А.Б.Харчев берген отбасы анықтамасы жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
2. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады. Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді. Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы - ерлі-зайыптылар мен ата-ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет