Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым



бет2/9
Дата20.05.2022
өлшемі225.93 Kb.
#458207
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым- қатынастың

Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
Зерттеу міндеттері
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3. Психодиагностикалық әдістемелер: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақна масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жильәдістемесі, “Қажеттілік базасы” әдістемесі, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау», ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет