Отношений и мировых языков имени абылай хана центр корееведения


  КОРЕЙ ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ



Pdf көрінісі
бет76/120
Дата14.09.2023
өлшемі3.51 Mb.
#477614
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   120
KSK 9

 


158 
КОРЕЙ ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ 
АУДАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН АУДАРУ 
БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР
 
Тілеужан А.А. 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан 
Аңдатпа: Бұл мақалада, қазақ тілінен корей тіліне мақал-мәтелдерді 
аударудың негізгі әдіс тәсілдері , қағидалары, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары және қолдануы дәйектеледі. Еліміз егемендігін 
алғаннан кейін, халықаралық субъектіге айналып және тіліміздің мәртебе 
алуына байланысты аудармада, соны ішінде көркем аудармада, сонымен 
қатар халықаралық коммуникацияда қолданылуы жылдан жылға арта 
түскенін байқауға болады. Шет тілін үйретуте я үйренуде аса бір 
қиындық туғызатын тілдік бірліктерге мақал-мәтел мен тұрақты сөз 
тіркестерді жатқызамыз. 
Кілт сөздер: қазақ тілі, корей тілі, мақал-мәтел, аудару тәсілі, 
халықаралық коммуникация, көркем аударма, шет тілі 
 
Annotation: This article based on basic methods in translation from Kazakh 
language into Korean, its principles and common features, usings. Nowadays 
since our country has been the sovereign republic we can notice that there is 
impetuous growth of using of our language in various spheres especially in 
intercultural communication. Proverbs and idioms are one of the common 
problems in translation process which make translators face with some prob-
lems in their translation. 
Key words: Kazakh language, Korean language, proverbs, translation method, 
international communication, literary translation, foreign language. 
Халық даналығының қазына байлығының бірі – мақал- 
мәтел болып табылады. Ғасырлар бойы қалыптасып, күнделікті 
өмірде халықпен бірге біте қайнасқан. Сол себепті халық оны 
өзара қарым- қатынаста пайдалынып, осы уақытқа дейін 
жұртшылық жадында сақталып қалған. Мақал мен мәтел – 
мазмұнының өткірлігімен, тереңділігімен, өміршеңділігімен 
ерекшеленеді. Онда халықтың саяси өмірі ғана емес тарихы
салты, тұрмыс-тіршілігі, рухани және материалдық қазынасы, сан 
саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапты. Қазақ халқының 
мақал-мәтелдерінің 
шығу 
тарихына 
келетін 
болсақ, 
А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес 
айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шынайы боп 


Тілеужан А.А. Корей тілінен қазақ тіліне мақал-мәтелдерді аударудың...
159 
келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі 
сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден 
шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, 
әдетті сөз есебінде айтылады»[1, 112 б.], ─ деп айтқан болатын. 
Яғни, мақалда қолданып жүрген сөздер шындықпен астасып, 
мақалдап, шешендік тілмен айтылатын болса, ал мәтелде 
керісінше, тұрмыста қолданылып жүрген сөздер шындыққа 
жанаспай, кесегімен айтылатын тілдік бірлік болып саналады. 
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштерінен бастау алған. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен 
жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер жеткілікті. 
Мысалға айтатын болсақ: Орхон жазбаларында: «Бастыны 
еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят 
күшті» 
(«Тоныкөк» 
жырынан) 
деген 
мақал-мәтелдерді 
кездестіруге болады. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат 
түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», 
ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз 
сөз өз басын жояр» [2, 56 б] дейтін мақал-мәтелдерді көре аламыз. 
Бұл деректерге сүйене отыра, мақал-мәтелдердің бастауы сонау 
көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде 
қолданыста болғанына көз жеткіземіз. 
Ал корей халқының мақал-мәтелдерінің шығу тарихына 
келетін болсақ, корей мақалдарын жинақтап, зерттеу тарихы 
біршама қысқа. Оларды ғасырлар бойы ешкім жинақтап жазбаған. 
XVII ғасырларға таман жинақталып, жазыла бастады. XVI-XVII ғ.ғ 
жапон 
мен 
маньчжур 
әскерлерінің 
арасында 
болған 
шабуылындағы жеңісінің нәтижесінде, корей халқының ұлттық 
ой-санасының ұлғаюына себеп болып, корей мәдениетінің 
дамуына түрткі болды. Сол кезден бастап жазушылар мен 
ғалымдар ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтары артып, соның 
ішінде фольклор жанрларының бірі - мақалдарға қызығушылық 
ерекше болды. Ко Джоноктың айтуынша, XVII ғасырдың ғалымы 
Хон Манджон корей халқынығ ауыз әдебиетін жинақтап қана 
қоймай, оны зерттеген алғаш ғалым болып саналады. Өзінің 
«순오지» («Он бес жылдық оқиғаларға шолу ») атты еңбегінде 
көптеген мақалдарды жазып алып, оларға түсініктеме берді. Хон 
Манджонның кітабынан кейін, XVIII ғасырдың басында Ли Иктің 
«백언해» («Жүз мақалға түсініңтеме »), Ли Донмудың «앙엽기» 
(«Үлпілдек жапырақ »), 1820 жылы Чон Ягеннің «이담 속찬» 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
160 
(«Тыңдалған әңгімелердің жалғасы») атты еңбектері жарық 
көрген. Сол еңбектердің ішінде ханмундарға ерекше көңіл бөлінді. 
Негізінде, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылық XX ғ 
басында, яғни елде мәдени-ағартушылық қозғалысы арта түскенде 
өрши бастады.Сол уақытқа дейін мақалдарды корей әліпбиімен 
жазып, оларға корей тілінде түсініктеме бере бастады. 1913 жылы 
Чхве Вонсиктің мыңға жуық мақалдардан тұратын «조선 이언» 
(«Корей мақалдары») атты еңбегі шықты. (15,42) Корей 
мақалдарында 
бұрынғы 
адамзаттың 
дүниетанымдарын 
адасушылық пен неше түрлі соқыр наным – сенімдерді 
бейнелейтін көне мақалдар да кездеседі. Корей мақал–
мәтелдерімен қатар, Кореяда кеңінен таралған джунгук соктам 
(중국 속담), яғни қытай тілінен енген мақалдар көптеп кездеседі. 
Корей мемлекеті б.з I ғ бастап қытайдың иероглиф мәдениетінің 
ықпалында болып, сонымен қатар корей халқының әдебиетінің 
дамуына өз септігін тигізді.
Қазіргі таңда корей тілін меңгерушілердің аудиториясы 
күн санап арта түсуде. Сол сияқты біздің елімізде де жылдан 
жылға корей тіліне деген сұраныс артуда. Сол себепті корей тілін 
тереңдетіп оқыту мақсатында, корей мақал-мәтелдерін қазақ тіліне 
аудару жұмыстары көптеп жүргізілуде. Корей халқының тұрмыс-
тіршілігінде сан алуан тақырыптарға арналған мақал-мәтелдер 
жетіп артылады. Және де қазақ халқы мен корей халқының 
мәдениеті ұқсас болып келетіндіктен, сол мақал-мәтелдердің қазақ 
тіліндегі баламасын көптеп кездестіруге болады. Соған 
байланысты корей тілінен қазақ тіліне мақал-мәтелдерді әдіс-
тәсілдерін екіге бөліп қарастыруға болады: бірінші тәсіл
мағынасы бірдей немесе ұқсас мақал-мәтелдерді аудару тәсілі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет