Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Көз алмасының жарақаты.Алғашқы көмек



бет13/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

25..Көз алмасының жарақаты.Алғашқы көмек.
26..Көз ұясының зақымдануы.
27.Көздің күюі.Кератопластика.Кератопротез.
28.Тамақ, мұрын , құлақ ағзаларының клиникалық анатомиясы.
29.Мұрын,құлақ, тамақ ауруларын тексеру әдістерінің методикасы.
Мұрын атрезиясы (мұрын тесігінің бітуі) туа пайда болған немесе жүре пайда болған, алдыңғы немесе артқы болуы мүмкін. Туа болған алдыңғы атрезия сирек кездеседі, олар жарғақты болады. Көбіне жүре пайда болған алдыңғы атрезия кездеседі, ол сифилис кезіндегі жараның, волчанканың, сүзектің әсерінде, күйгенде немесе жарақаттанғанда болады.
30.Мұрын және құлақ аномальдық дамулары.Мұрын атрезиясы.
31.Қызыл бөртпе және ринофима.Хирургиялық көрсетілім.
Қызыл бөртпе дегеніміз-Төменгі аяқтардағы бөртпе немесе қызыл нүктелер сияқты көрінетін ең көп таралған себептер экзема немесе псориаз сияқты иммундық қабыну немесе целлюлит сияқты тері инфекциясы болып табылады. Төменгі аяқтардағы қызыл дақтардың басқа себептері белгілі бір тағамдарға аллергиялық реакциядан немесе улы өсімдіктермен байланыста болуы мүмкін.

Ринофима (Rһіnорһуmа - мұрын + бұлақ - шараншыл мұрыны, ісік мұрын) - Жақ, маңдай, мұрын терілерінің созылмалы қабынуы нәтижесінде сіңбелер пайда болып, алқызылданған аймақ беттерінде түйіндер мен білеуленген қан тамырлары көрініс береді.


32.Ортаңғы құлақтың клиникалық анатомиясы.
Ортаңғы құлақ- самай сүйегінің дабыл қуысында орналасқан құлақ бөлігі. Ортаңғы құлақты бір-бірімен буындар және бұлшықеттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері (балғаша, төс, жасымықша, үзеңгіше) мен дабыл жарғағы құрайды. Қалындығы 0,1 мм дабыл жарғағы дабыл қуысын сыртқы құлақтан бөліп тұрады. Ол сыртынан көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Дабыл жарғағының негізін жұқа талшықты дәнекер ұлпасының қабаты (коллаген талшықтары пластинкасы) түзеді. Ішкі бетін жалаң қабат жалпақ эпителий астарлайды. Балғаша сүйекте: тұтқа, мойын және бас бөліктері болады. Балғаша тұтқасы дабыл жарғағына жалғасады. Балғашаның бас бөлігі буын арқылы төс сүйекшесімен байланысады. Төс сүйекшесі: денеден және екі аяқшадан құралған. Оның қысқа аяқшасы дабыл қуысының қабырғасына бекиді, ал ұзын аяқшасы жасымықша сүйекшеге, ол өз кезеңінде буын арқылы үзеңгіше сүйекшемен қозғалмалы байланысады. Үзеңгіше сүйек: бас бөлігінен, аяқшалардан және табаннан тұрады. Оның табаны ішкі құлақтың кіреберіс терезесіндегі жарғаққа жалғасады. Дабыл қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақ қуысымен қатысады. Ортаңғы құлақ сыртқы құлақтың есту жолы арқылы келген ауа толқындарын, дабыл жарғағы мен қозғалмалы есту сүйекшелерінің тербелмелі қозғалыстарының көмегімен, ішкі құлақтағы ұлудың кіреберіс бөлігіне жеткізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет