Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Қ.М.Тұрланов С.А.Қалқабаева. Жедел медициналық жәрдем. Оқулық. Алматы, 2004,330бет.
Қосымша:
2.С.А.Қалқабаева. Бірінші медициналық көмек. Оқу құралы, Шымкент, 2008,220 бет.
Орыс тілінде:
Негізгі:
3.Орта медициналық қызметкерлер үшін нұсқау+CD.Ю.П.Никитина, В.А.Чернышева. медицинасымен - М., 2007. -992п
4.Верткин А.Л.Шұғыл медициналық көмек. Фельдшерлерге нұсқау: оқулық-3-ші баспа. М., 2008.-400п
Қосымша:
5.Мухина С.А., Тарновская И.И.Мейірбике ісі негіздері пәніне әдістемелік нұсқау, Москва,199 «Мейірбике ісі» журналы
6.Иванова В.И., Тарновская И.И. Мейірбике ісін ұйымдастыру, Минск, 2006. 7.«Мейірбике ісі» журналы
8.«Медициналық көмек» журналы.
8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) ұсынылады.
Бақылау сұрақтар.
1.Жұмсақ тіндерді соғып алу кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті атаңыз.
2. Жұмсақ тіндерді соғылуы,сіңірдің созылуымен үзілуі кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті атаңыз.
3. Буынның шығуы белгілерін және алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті атаңыз?
4. Сүйектің сынуының анық және болжам белгілерін атаңыз?
5. Сүйек сынуы кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті атаңыз?
Бақылау есептері.
1.Науқас әйел 1,5 метр биіктіктен құлап орындықтың арқасына сол кеуде клеткасын соғып алған.Кеуде клеткасының ауырсынуына шағымданады,терең тыныс алғанда,жөтелгенде ауырсыну күшейе түсуде.
Объективтіқарағанда: тері жамылғысы өзгеріссіз.Тынысы 18-20 рет .
Сол жақ кеуде клеткасы тыныс алуға қатынаспайды.Пальпациялағанда сол жақ төменгі қабырға тұстарында ауырсыну байқалады.Ауырсыну терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейе түседі.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз.
2. Автокөлік апаты. Жүргізушінің иық сүйегінің ашық сынығы, сан және балтыр бұлшықеттерінің терең жарақаты. Көптеп артериальды қан кетуде есі жоқ. Тамыр соғысы 120/1мин ритмді ҚҚ 70/40мм.сб.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз.
тесттер
1. Қабырғасы сынып қиналушыны тасымалдауға ... ең тиімді қалып
болып табылады.
А) “бақалық” қалыпта тасымалдау
Б) басын көтеріп қойып тасымалдау
В) ішімен жатқызып тасымалдау
Г) арқасымен жатқызып тасымалдау
Д) жартылай отырғызып тасымалдау
2. Қабырға сынған кезде тыныс алу көлемін қалпына келтіруге арналған ең тиімді жансыздандыру тәсілі ... болып табылады.
А) қабырға аралық новокаинді блокада
Б) кеудені бинтпен қысып орау
В) морфий препараттарын енгізу
Г) омыртқа маңынан новокаинді блокада
Д) наркотикалық емес анальгетиктер
3. Төменгі кеуде омыртқалары зақымдалған қиналушыны тасымылдауға ең тиімді тәсілі:
А) арқасымен жатқызып аяғының астына жастықшалар қою
Б) ішімен жатқызып кеудесі мен басына жастықшалар қою
В) бір қырымен аяқтарын бүгіп жатқызу
Г) арқасымен жатқызып басын төменге бос қою
4. Транспорттық иммобилизация кезінде қолданылатын шина:
А) Цито
Б) Кузминский
В) Белер
Г) Крамер
Д) Никольский
5. Балтыр табан буынының сіңірі созылған кезде ... тәрізді байлам қолданылады.
А) спирал
Б) сегіздік
В) ромб
Г) масақ
Д) үштік
6. Қосу таңбасы тәрізді байлам ... зақымдалғанда қолданылады.
А) қолдың 3 саусағы
Б) тізе буыны
В) иық буыны
Г) бұғана
Д) қолдың білек буыны
7. Созылу ,жыртылу зақымдалулары ... тән.
А) байламдарға
Б) бұлшықеттерге
В) буындарға
Г) тіндерге
Д) теріге
8. Дезо байламын ... сынықтарында қолданады.
А) жамбас
Б) бұғана
В) кеуде
Г) қабырғалардың
Д) иық сүйектерінің
9. Жамбас сүйегі сынулары мен зақымдалуларында ... блокадасы қолданылады.
А) Медведев
Б) Николаев
В) Алексеев
Г) Школьников
Д) Анисов
10. Сынықтардағы жергілікті емнің негізгі элементтері ... болып табылады.
А) фиксациялық байлам
Б) репозиция және иммобилизация
В) қысып байлау
Г) соған тән байлам
Д) крест тәрізді байлам
№11 Тақырыбы: ШМК қызметі келіп жеткенге дейін емханалар мен жарақат пунктерінде жұмысты ұйымдастыруда жоғарғы білімді мейірбикенің ШМК көрсету қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |