Оңтүстік Қазахстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жедел шұғыл медициналық көмек курсымен емхана кафедрасы


Тақырыбы №4. Жұқпалы, жүйке, психикалық, балалар, көз аурулары



бет91/95
Дата19.01.2024
өлшемі324.51 Kb.
#489453
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
метод.-скорая-и-неотложная-медицинская-помощь-с-курсом-экстремальной-медицины-каз

Тақырыбы №4. Жұқпалы, жүйке, психикалық, балалар, көз аурулары,
жарақат кезіндегі, төтенше жағдайда, апаттар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісі, диагностикасы, көмек көрсету, ШМК
қызметінің тактикасы.

Мақсаты: Жедел ішек инфекциялары, ауа тамшы, зоонозды, трансмиссивті және өте қауіпті инфекцияларының жедел жағдайларын, осы аурулар кезіндегі жедел көмекті, эпидемияға қарсы шараларды үйрету.
Әр түрлі этиологиялық жүйке жүйесінің аурулары және жарақаттарының клиникасын, жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларды, тасымалдау ерекшеліктерін және госпитализациялауға көрсекіштерді үйрену.
Жедел психоз және тырысулар кезіндегі жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларда игеру
Жарақаттарда, жарақаттың шокта және көптеген жарақаттардың клиникасын, диагностикасын және көрсетілетін жедел жәрдем терапиясының практикалық дағдыларын үйрету. Студенттерді тұншығу, асылу, үсік және күйік кезінде жедел көмек көрсетуге үйрету. Сол уақыттарда шокқа қарсы шаралар қолдануды үйрету. Науқастарды тасымалдау принциптерін үйрету
Дәріс тезистері: Инфекциялық аурулар халықтардың әлеуметтік статусының жұмысқа жарамдылығына, адамдардың өміріне қауіпті төндіреді. Инфекциялық аурулар адамдардың барлық ғұмырында бірге жүреді. Адамның жалпы ортада өмір сүруі, сауданың дамуына байланысты көптеген инфекциялар массивті таралды. Ошақтың таралуына байланысты (бір жерде орналасқан халық шамасында) регион, ел шамасында – эпидемия, контингент инфециясы-пандемия. Инфекциялық процестің негізгі факторлары: қоздырғыш, макроорганизм және қоршаған орта. Уақтылы мамандандырылған медициналық көмек көрсету адамдардың өмірін және еңбекке жарамсыздығын сақтайды, аурудың таралуының алдын алады. Адамдардың жалпы ортада өмір сүруі, сауданың дамуына байланысты көптеген индустриялар массивті таралды. Инфекциялық аурулардың көп көлемінде массивті тарлуы уақытылы диагностикалауды және жедел медициналық көмек көрсету және міндетті түрде госпитализациялауды қажет етеді.
Соңғы он жылдықта көп жағдайда гипертониялық аурудың және артеросклероздың асқынуы болып табылатын ми қан айналамының жедел бұзылыстарының салыстармалы жиілігі жоғарылауда. Ми қан айналымының бұзылысы жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі, уақытылы адекватты ем алудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендету.
Бас миының ісіну синдромы тыныс жетіспеушілігі, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, қан жоғалту, жарақат, интоксикация, бас миының ісігі, метаболикалық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар сияқты бірқатар патологиялық жағдайлар нәтижесі болып табылады.
Бұл жағдайлардың патогенезін, клиникасын жедел көмек принциптерін білу уақытылы диагностикалауға және осы науқастарды тиімді емдеуге қажет.
Жедел психикалық бұзылыстары бар науқастардың едәуір бөлігі жедел жәрдем пациенттері болып табылады. Халықтың жедел жәрдемге хабарласуының негізгі себебі – жедел психикалық бұзылыстармен шақырылған науқастардың мінезінің өзгеріп, бар психикалық аурулардың декомпенсациясы болып табылады.
Жарақат – ткандердің қарсыласу күшінің жоғарылауының әсерінің нәтижесінде дамитын организмнің морфологиялық функциональды өзгерісі болып табылады. Механикалық зақымданулардың нәтижесінде ашық және жабық катажарақаттар, яғни жоғарыдан құлаған кезде алған жарақаттар пайда болады. Катажарақаттар кезінде бір ғана ағза зақымдалмайды, көптеген зақымданулар-полижарақат байқалады. Жарақаттар термиялық, химиялық, электрожарақаттар, психикалық жарақаттар, жарылыстан кейін дамитын барожарақаттар болуы мүмкін. Жарақаттың пайда болу жағдайына байланысты өндірістік және өндірістік емес тұрмыстық болуы мүмкін. Травматизм дегеніміз бір уақыт арасында белгілі бір адамдар категориясының алған жарақаттарының бірлестігі. Травматизмнің жалпы түрін ажыратады (жылына 1000 адам), өндірістік, тұрмыстық және т.б. көрсеткіштер. ДДҰ мәліметтері бойынша (10 мың адамға) әртүрлі елдерде жылына 9-дан 15-ке дейін құрайды, АҚШ-та жарақат санына байланысты 1-ші орында және транспорттың дамуына байланысты әйелдерге қарағанда ерлерде 2,1 есе жиі кездеседі.
Жедел жағдайларда полижарақаттар және жарақаттық шок жатады. Травматизмді есептеу статистикалық мәліметтермен жүргізіледі. Жарақаттар көпшілігі ерлерде әйелдерден 2 есе жоғары., ал 15-29 жас аралығындағы ер адамдарда барлық аурушаңдық ішінен бірінші орынға шығады. Барлық аурушаңдық арасынан жарақаттар зақымдану сипатына қарай төмендегідей қатарда соғылу және керілулер – 45,5%; жаралар және жырылулар – 36,9%
сүйек сынықтары – 8,5%; басқа жарақаттар – 3,6%
Статистикалық мәліметтер бойынша госпитализацияланған хирургиялық аурулардың 25-40%-ы травматологиялық науқастар, ал амбулаторлы қабылдауда олардың саны 60%-ға жетеді.
Қалада өндірістің және жол қозғалысының интенсификацияның дамуынан, тұрмыстық химия, өзін-өзі емдеудің көбеюінен тыныс және қан айналымының жедел бұзылысынан жалғасатын саны өсті. Барлық дәрігерлер және қолайсыз жағдайлардың медициналық персоналдар қолайсыз жағдайларда алғашқы көмек көрсете алуы керек. Олардан басқа өрт сөндіру қызметкерлері, милиция, МАИ, спорттық жетекшілер алғашқы медициналық жәрдем көрсетуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет