Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Қ.М.Тұрланов С.А.Қалқабаева. Жедел медициналық жәрдем. Оқулық. Алматы, 2004,330бет.
Қосымша:
2.С.А.Қалқабаева. Бірінші медициналық көмек. Оқу құралы, Шымкент, 2008,220 бет.
Орыс тілінде:
Негізгі:
3.Орта медициналық қызметкерлер үшін нұсқау+CD.Ю.П.Никитина, В.А.Чернышева. медицинасымен - М., 2007. -992п
4.Верткин А.Л.Шұғыл медициналық көмек. Фельдшерлерге нұсқау: оқулық-3-ші баспа. М., 2008.-400п
Қосымша:
5.Мухина С.А., Тарновская И.И.Мейірбике ісі негіздері пәніне әдістемелік нұсқау, Москва,199 «Мейірбике ісі» журналы
6.Иванова В.И., Тарновская И.И. Мейірбике ісін ұйымдастыру, Минск, 2006. 7.«Мейірбике ісі» журналы
8.«Медициналық көмек» журналы.
8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) ұсынылады.
Бақылау сұрақтары.
1.Үсік кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.
2 Ағзаның жалпытоңуы кезіндегі дәрежесін атаңыз.
3.Үсіктің қысқаша сипатын атаңыз.
4.Үсіктің клиникасын атаңыз.
5.Жалпы тоңу кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.
Бақылау есептері.
1.Көршісі 40 жастағы ер кісіні өз үйінің алдында тоңып қалған күйінде тапқан.
Қала маңында тұрады.Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем бригадасы 1,5 сағат кешігіп келді.Қараған кезде аяқтарының ауырсынуына шағымданады.
Сіздің диагнозыңыз.Жедел жәрдем тактикасы.
2.55 жастағы науқас әйел суға құлап кетті,2 сағат өткеннен соң аяқтарының ауырсынуына ,аяқтарының қызарып ісінуіне және көпіршіктердің пайда болып қан аралас су жиналғанына шағымданады..
Сіздің диагнозыңыз.Жедел жәрдем тактикасы.
Бақылау тесттері:
1. Үсік кезінде жасырын кезең аяқталып, реактивті кезең ... басталады.
а) үсіп қалған аймақты жылытқаннан кейін лезде
б) некроздалған ұлпалар ажырай бастаған сәттен
в) үсіп қалған ұлпаларды жылытқаннан кейін
г) үсіп қалған ұлпаларды жылытқаннан кейін бір тәуліктен соң
д) некрозды өзгерген аймақ пайда болғаннан кейін
2. Үсіктің жасырын (реактивті алды) кезеңінің негізгі белгілеріне ... тән.
а) геморрагиялық сұйықтыққа толы көпіршіктің түзілуі
б) мөлдір экссудатқа толы көпіршіктің түзілуі
в) аяқ-қолдарының ұйып, сезімталдығының жоғалуы
г) некрозды өзгерген аймақтың пайда болуы
д) зақымдалған аймақтың ісініп, көгеруі
3. Үсіктің реактивті кезеңіне ... тән емес.
а) көпіршіктердің түзілуі
б) зақымдалған аймақтың ісіп, көгеруі
в) ұлпалардың некрозы
г) зақымдалған аймақтың шаншып қышуы
д) күйдіріп ауыру
4. Қалтырау бұл...
а) І-сатылы үсік.
б) І-сатылы созылмалы үсік.
в) ІІІ-сатылы созылмалы үсік.
г) үсіктің жасырын (реактивті алды) кезеңі.
д) ІІ-сатылы созылмалы үсік.
5. «Траншеялық табан» деп аталатын үсік бұл ...
а) ІVсатылы созылмалы үсік.
б) ІІ сатылы үсіктің реактивтері.
в) ІV сатылы үсік.
г) ІІІ А сатылы үсік.
д) ІІІ Б сатылы үсік.
6. Үсік кезінде бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету барысында ... тыйым салынады.
а) ыстық шәй беруге
б) жылуды біртіндеп 40ºC жоғарылатып пайдалануға
в) су киімдерін құрғақ киімдермен алмастыруға
г) аяқ-қолдарын белсенді жылытуға
д) үсік шалған жерді қармен ысқылауға
7. Үсік кезінде бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларына ... тән емес.
а) үсік шалған жерлерді жылыту мақсатында қыздырғыш қалтаны немесе жылы ваннаны пайдалану
б) аяқ-қолдарды белсенді жылыту
в) пайда болған көпіршіктерді тесіп, сықпа май жағылған таңғыш салу
г) үсік шалған жердегі жараға асептикалық таңғыш салу
д) үсік шалған жерлерді ысқылау
8. Сіреспенің шұғыл арнайы алдын алу шаралары ... жасалынады.
а) үсіктің І-ден басқа барлық сатыларында
б) үсіктің барлық сатыларында
в) үсіктің ІІІ сатысында
г) үсіктің ІV сатысында
д) үсіктің ІІ сатысында
9. Ағзаның жалпы мұздап қалуы процесінде негізгі рөль ... тиесілі.
а) ағзаның жылу бергіш қызметінің төмендеуіне
б) ағзаның жылу бергіш қызметінің жоғарылауына
в) ағзаның жалпы әлсіреуіне
г) ағзаның жылу реттегіш жүйесінің бейімделу механизмінің әлсіреуіне
д) ағзаның иммунды жүйесінің әлсіреуіне
10. Тоңып қалған жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету кезінде ... дұрыс іс-әрекет деп саналады.
а) ваннада судың температурасын + 20 ºC –тан бастап біртіндеп жоғарылата отырып жылыту
б) ішінде + 40 ºC-тан жоғары температурадағы су бар жылытқыш қалтаны қою арқылы жылыту
в) жәбірленушінің үсіп калған жерлерін қармен ысқылау
г)қыздыру мақсатында алкогольді ұсыну
д) жәбірленушінің үсіп қалған жерлерін спиртпен ысқылау
№9 Тақырыбы: Күйіктер мен күйік ауруы. ШМК қызметінің қимылы.
Достарыңызбен бөлісу: |