Бақылау тесттері:
1.Жәбірленушіге медициналық диагноз қойып, бірінші медициналық құжаттамаларын ... көрсету кезеңінде толтырады.
а) бірінші дәрігерлік көмек
б) дәрігерге дейінгі медициналық көмек
в) бірінші медициналық көмек
г) мамандандырылған медициналық көмек
д) бірінші дәрігерге дейінгі көмек
2. Бірінші медициналық көмек көлеміне ... кірмейді.
а) қан және қан алмастырғыштарды құю
б) мүмкін болатын ауыр асқынулардың алдын алу
в) жәбірленушіні эвакуацияға дайындау
г) жәбірленушіні зембілде тасымалдау
д) жарақаттаушы фактордың әсерін доғару
3. Бірінші медициналық көмек көлеміне ... кіреді.
а) сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату
б) қан және қан алмастырғыштарды құю
в) жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
г) қантамырды ұзына бойы тігу
д) қан тамырға тігіс салу
4. Стационарда тек ... көрсетіледі.
а) мамандандырылған медициналық көмек
б) бірінші дәрігерлік медициналық көмек
в) медико-әлеуметтік көмек
г) дәрігерге дейінгі медициналық көмек
д) бірінші дәрігерге дейінгі көмек
5. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету мерзімі:
а) 30 минуттың ішінде
б) 45 минуттың ішінде
в) 60 минуттың ішінде
г) 90 минуттың ішінде
д) 2 сағаттың ішінде
6. Стерильді таңып байлау материалдарын қолдағы бар заттан дайындау әдісі:
а) таза шүберекті ыстық үтікке басу
б) таза шүберекті бикарбонат натрий ерітіндісіне салып қою
в) таза шүберекті йодонат ерітіндісіне салып қою
г) таза шүберекті первомур ерітіндісіне салып қою
д) таза шүберекті хлорамин ерітіндісіне салып қою
7. Сынық кезінде бірінші көмек көрсету барысында ... тыйым салынады.
а) жарақаттанған жерден шығып тұрған сүйек сынықтарын алып тастауға
б) шокқа қарсы іс-шараларды жүргізуге
в) жарақаттанған жерден шығып тұрған сүйек сынықтарын асептикалық таңғышпен жабуға
г) тасымалдау иммобилизациясын жүргізуге
д) қажетті жағдайда жгут салуға
8. Буын шығуы кезінде жәбірленушіге бірінші дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету барысында жасалатын дұрыс іс-әрекет:
а) жарақаттанған буын аймағына мұздай басу және иммобилизациялау
б) ауырсынуды басатын дәрі егіп, шыққан буынды салу
в) иммобилизациясыз тасымалдау
г) ауырсынуды басатын дәрі егіп, иммобилизациясыз тасымалдау
д) шыққан буын аймағына мұздай басып, иммобилизациясыз тасымалдау
9. Тоңып қалған жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету кезінде ... дұрыс іс-әрекет деп саналады.
а) ваннада судың температурасын + 20 ºC –тан бастап біртіндеп жоғарылата отырып жылыту
б) ішінде + 40 ºC-тан жоғары температурадағы су бар жылытқыш қалтаны қою арқылы жылыту
в) жәбірленушінің үсіп калған жерлерін қармен ысқылау
г)қыздыру мақсатында алкогольді ұсыну
д) жәбірленушінің үсіп қалған жерлерін спиртпен ысқылау
10. Үсік кезінде бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларына ... тән емес.
а) пайда болған көпіршіктерді тесіп, сықпа май жағылған таңғыш салу
б) аяқ-қолдарды белсенді жылыту
в) үсік шалған жерлерді жылыту мақсатында қыздырғыш қалтаны немесе жылы ваннаны пайдалану
г) үсік шалған жердегі жараға асептикалық таңғыш салу
д) үсік шалған жерлерді ысқылау
№12 Тақырыбы: Коматозды жағдай. Глазго шкаласы бойынша жіктеу. Госпитальға дейінгі ШМК қызметінің тактикасы.
Мақсаты: Қауіпті жағдайдағы науқастың мәселесін шешу үшін төтенше медицина мен жедел медициналық көмекте мейірбике процессін іске асыру, жоспарлау, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |