«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)



бет28/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)


  1. Несеп зәр шығару жүйесінің ағзаларын атаңыз

  2. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі не?

  3. Несеп ағзаларының анатомиялық, топографиялық орналасуы.

  4. Зәрағар және несеп қуық қабырғаларының құрылысына сипаттама беріңіз.

  5. Нефронның құрылысы.



Дәріс №8

  1. Тақырыбы: Әйел және еркек жыныс ағзалары. Топографиясы , құрылысы.





  1. Мақсаты: Еркек және әйел жыныс ағзаларының, топографиясы, құрылысымен таныстыру. Жастық ерекшеліктері мен функциональдық маңызын түсіндіру. Аралық бұлшықеттері мен фасцияларын көрсету. Жыныс жүйесінің қызметтік ерекшеліктерін оқып білу.
  2. Дәрiс тезистерi:


Жыныс ағзалары еркектікі, әйелдікі болып бөлінеді. Еркек жыныс ағзалары құрамына қабықшаларымен қоса аталық бездер, шәуһет қуықшаларымен бірге ұрық шығаратын өзектер, қуықасты безі, бульбоуретральды бездер, кеуекті денелерден тұратын жыныс ағзасы жатады.

Әйел жыныс ағзалары екі бөлімнен тұрады: 1) жамбасастауында орналасқан ішкі жыныс ағзалары – аналық бездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап және 2) сыртынан көрінетін бөлім – сыртқы жыныс ағзалары, бұған үлкен және кіші жыныс еріндері, клитор, қыздық перде жатады.

Жыныс жүйесінің ағзалары көбею, сонымен қатар ұрпақ шығару қызметін атқарады. Көбею әйел және еркек жыныс жасушаларының бірігуінен болатын, ұрықтандыру, соңғы нәтижесінде организмге жаңа бастама береді.

Жыныс бездері клеткаларынан, аналық - әйел, сперматозоид – еркек организмдеріне бастама береді.

Аталық без дамуының ауытқулары:


  1. Аталық без гипоплазия – эндокринді қызметінің төмендеуі;

  2. Аталық без ретенциясы – аталық бездің төмен түсуінде кедергі үрдісі.

  3. Еркек жалған гермафродитизм – сыртқы жыныс ағзалары әйел жыныс ағзалармен ұқсас.

  4. Шынайы гермафродитизм – организмде екі жыныстың жыныс бездері дамыған.

  5. Крипторхизм – ұмаға екі аталық бездің төмен түспеуі.

  6. Монорхизм – ұмаға бір аталық бездің төмен түспеуі. Ұрық шылбыры мен ұрық қуықшасының даму ауытқулары:

  1. Ұрық шылбырының артериясы;

  2. Ұрық қуықшаларының гипоплазиясы, несеп Несепжібергіш өзегінің даму ауытқулары:

  1. Эписпадия – несепжібергіш өзегінің жыныс мүшесінің жоғарғы жағынан бөлінуі;

  2. Гипоспадия – несепжібергіш өзегінің төменгі төменгі жағынан бөлінуі;

Әйел жыныс ағзалары, екі бөлімнен тұрады: 1) жамбас астауында орналасқан ішкі жыныс ағзалары-анабездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап және 2) сыртынан көрінетін бөлім-сыртқы жыныс ағзалары, бұған үлкен және кіші жыныс ернеулері, делікті, қыздық перде жатады.

Анабез, жұп ағза, атабезге ұқсас әйел жыныс безі болып табылады. Ол-жалпақ пішінді, ұзындығы2,5 см, ені 1,5см, қалыңдығы1 смболатын дене. Оның екі шетін ажыратады жоғарғы біршама дөңгелектенген шеті жатыр жағына қарайды және түтік шеті, қарама-қарсы төменгі,үшкір шеті, жатырмен меншікті байлам арқылы байланысқан.



  1. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар, планшеттер, муляждар, плакаттар.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет