Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
Тыныс алу ағзаларын атаңыз?
Балаларда жоғарғы тыныс алу жолдарында қабыну процесі жиі жүре ме?
Бронх ағашы және альвеолалық ағаш қандай қызмет атқарады?
Өкпе қалай дамиды?
Жоғарғы тыныс алу жолдарына не жатады
Төменгі тыныс алу жолдарына не жатады
Дәріс №7
Тақырыбы: Несеп жүйесінің анатомиясы. Бүйрек, топографиясы, қызметті. Қан айналым ерекшіліктері.
Мақсаты: Несеп ағзалары және жыныс жүйесінің құрылысын және қызметтік ерекшеліктерін оқып білу. Бүйректің анатомиялық сипаттамасына түсінік беру. Білім алушыларға несеп ағзаларының анатомиялық құрылымын табу және көрсету.
Дәрiс тезистерi:
Несеп – жыныс жүйесі, systema urogenitale несеп ағзаларын, жыныс ағзаларын біріктіреді. Бұл ағзалар өзінің дамуы жағынан бір-бірімен тығыз байланысқан және сонымен бірге олардың шығару өзектері не үлкен бір несеп-жыныс түтігіне бірігеді (еркектердегі үрпі жолы), не бір ортақ кеңістікке ашылады (әйелдердегі қынап кіреберісі).
Несеп ағзалары, біріншіден екі безден (бүйректер, олардың экскреті - несеп) және екіншіден, несепті жинап, шығаруға арналған ағзалардан (несепағар, несеп қуығы, несеп шығарғыштан) тұрады.
Несеп жыныс жүйесі организмнен өмір сүру қызметінің нәтижесінде бөлінген өнімдерді, ыдырау заттары – ақуыз молекулаларын, тұз және басқа заттарды сыртқа шығарады. несеп ағзалары – бүйректерден несеп жинап және шығаратын ағзалар – несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзектен тұрады.
Бүйрек дамуы ұзақ жол өтеді және бір ағзаның күрделенуі болмайды, а генерация болып ауысады, сосын үшінші бұл бүйрек алды (пронефроз), біріншілік бүйрек (мезонефро), соңғы бүйрек (метанефроз).
Несеп жыныс жүйесінің даму күрделілігі әр түрлі ауытқуларға әкеп соқтырады, жиі кездесетін: бүйрек санының ауытқуы (бір, үш бүйректің болмауы), орын ауыстыру ауытқулары (жамбас, мықын, торакальді бүйрек), арақатынас ауытқулары (несепағар эктопиясы ішекке, жыныс жүйесінің ағзаларға), құрылымдық ауытқулар (бүйрек поликистозы).
Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі нефрон болып табылады – бұл күрделі несеп экскрет болып табылады және улы, қалдық заттарды организмнен шығару болып табылады. Бұл қызметті несеп шығару қызметін бүйректің экскреторлы ағашты құрайды – кіші тостағаншалары, үлкен тостағаншалары, түбегі несепағар.
Бүйрек сонымен қатар инкрет бөледі – ренин, артериялық қысымды көтеретін. Бүйрек гипертониясы сонымен байланысты.
Жыныс ағзалары еркектікі, әйелдікі болып бөлінеді. Еркек жыныс ағзалары құрамына қабықшаларымен қоса аталық бездер, шәуһет қуықшаларымен бірге ұрық шығаратын өзектер, қуықасты безі, бульбоуретральды бездер, кеуекті денелерден тұратын жыныс ағзасы жатады.
Иллюстрациялық материалдар: слайдтар, планшеттер, муляждар, плакаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |