«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет18/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәрiс тезистерi:

Ішкі ағзалар viscera splanchna деп негізінен дене қуыстарында (кеуде, іш, жамбас астауында) орналасқан ағзаларды айтады. Оған асқорыту, тынысалу және несеп жыныс жүйелері жатады. Ішкі ағзалар зат алмасуға қатысады, тек көбею қызметін атқаратын жыныс ағзалары ғана оған жатпайды.

Асқорыту жүйесі, systema digestorium тағамды механикалық және химиялық жолмен өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, қалған бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын ағзалар кешені болып табылады. Адамның асқорыту жолының ұзындығы 8-10 м және ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді.

Жұтқыншақ, pharynx асқорыту түтігі мен тынысалу жолдарының бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы бөлік болып табылады.Ол бассүйек негізінен VI-VII мойын омыртқаларына дейін созылады. Жұтқыншақтың ішкі кеңістігін жұтқыншақ қуысы, cavitas pharyngis, құрайды. Жұтқыншақ мұрын мен ауыз қуыстары және көмейдің артында, шүйденің базилярлы бөлігінің және жоғарғы мойын омыртқаларының алдында орналасқан. Жұтқыншақтын алға қарай орналасқан ағзаларға сәйкес оны үш бөлікке бөледі: pars nasalis, pars oralis және pars laryngea. Жұтқыншақтың бассүйек негізінде жанаса жатқан жоғарғы қабырғасы – күмбез, fornix pharyngis деп аталады.

Асқазан Ventriculus (gaster) – асқорыту жолының қалтатәрізді кеңейген жері болып табылады. Асқазанда өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, ас қорытудың бірінші сатылары өтеді; тамақтың қатты бөліктері сүйық немесе ботқатәрізді қоспаға айналады. Асқазанда алдыңғы қабырға мен артқы қабырғаны ажыратады.

Асқазанның жоғарғы және оңға қараған ойыс жиегі – кіші иіні, ал төмен және солға қараған дөңес жиегі – үлкен иіні, curvatura ventriculi major деп аталады. Кіші иінінде, кіреберістен гөрі шығаберіске жақындау жерде бұрыштық тілік, байқалады, ол жерде кіші иіннің екі бөлігі сүйір бұрыш, жасай түйіседі.

Жіңішке ішек Intestinum tenue осыдан ішектің шырышты қабығының қабынуы басталып, өз жолында бірнеше қатар ілмектәрізді иілімдер жасап, тоқ ішектің басталатын жерінде аяқталады. Еркек мәйіттерінде жіңішке ішектің ұзындығы шамамен 7м, әйелдердікінде – 6,5м, ол дене ұзындығынан 4,1 есе асып түседі. Өлгеннен кейін бұлшықеттер босайтындықтан, мәйіттерде ішек тірі адамға қарағанда әр уақытта ұзындау келеді.

Тоқ ішек Intestinum crassum (жуан ішек) жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді: 1) құрттәрізді өсіндісі бар соқыр ішек; 2) жоғарылаған жиек ішек; 3) көлденең жиек ішек; 4) төмендеген жиек ішек; 5) сигматәрізді ішек; 6) тік ішек;

Бауыр, hepar, көлемді безді ағза болып табылады (массасы 1500г-ға жуық). Бауырдың қызметі әр алуан. Ол ең алдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзететін үлкен ас қорыту безі болып табылады. Бауырда екі бет көк жиекті ажыратылады. Жоғарғы немесе дәлірек айтқанда алғы-жоғарғы, көкеттік бет, facies diapragmatica, жанасып жатқан көкеттің ойысына сәйкес дөңесті келеді; төменгі вицеральды беті, facies visceralis, төмен және артқа қараған және онда өзі жанасатын ішкі ағзаларынан пайда болатын бірқатар батыңқы жерлер бар. Жоғарғы және төменгі беттерді үшкір төменгі жиек, margo inferior, бөліп тұрады.

Бауырда екі үлесті ажыратады: оң үлес, lobus hepatus dexter, және кішілеу сол үлес, lobus hepatus sinister, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен бауырдың орақтәрізді байламымен, lig.falcifome heratis, бөлінген. Бұл байламның бос жиегінде тығыз фиброзды тәж- бауырдың жұмыр байламы, lig.teres heрatis, жайғасқан, ол кіндіктен, umbilicus, бастап


созылып, бітіп кеткен кіндік венасы, v.umbilicalis, болып табылады. Жұмыр байлам бауырдың төменгі жиегі арқылы иіліп өтіп, тілік, incisura ligmentum teretis, түзіп, бауырдың вицеральды бетіндегі сол жақ бойлық жүлгеге жайғасады, бұл жүлге бауырдың осы бетіндегі оның оң жақ және сол жақ үлестерінің шекарасы болып табылады. Жұмыр байлам осы жүлгенің алдыңғы бөлімін-fissura ligamenti teretis алып жатады жүлгенің артқы бөлімінде жіңішке фиброзды тәж-ұрықтық кезеңде жұмыс істеген, бітелген веналық түтік, ductus venosus, түріндегі жұмыр байламының жалғасы жатады жүлгенің бұл бөлімі веналық байламның саңылауы, fissura ligamenti venosi, деп аталады.

Ұйқыбез, pancreas, асқазан артында region epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырға астына еніп тұрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Ұйқы безінің басы-caput pancreatic, ілмек тәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatic, құйрық, cauda pancreatis, деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, І бел омыртқа мен ІІ бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасқан..

Ішастар, peritoneum, тұйық сірлі қап болып табылады, ол тек әйелдерде ғана жатыр түтігінің өте кішкентай іштік тесігі арқылы сыртқы орт амен қатынасады. Кез келген сірлі қап сияқты ішастар екі қабырғалық, peritoneum parietale, және вицералды, peritoneum

,жапырақшалардан тұрады. Біріншісі іш қабырғасын астарлайды,ал екінші жапырақша ішкі ағзаларды жауып,біраз жер бойы немесе түгелімен олардың сірлі қабығын түзеді. Екі жапырақша бір-бірімен тығыз жанасып жатады,ашылмаған іш қуысындағыолардың арасында,ішастар қуысы,деп аталатын тар саңылау ғана жатады,ондағы сұйықтық шамалы мөлшерде, сол арқылы олардың бетін ылғалдап, жылжуын жеңілдетеді. Операция кезінде, немесе, мәйітті ашқанда, немесе зиянды (патологиялық) сұйықтық жиналғанда екі жапырақша ажырайды да, ішастар қуысы азды-көпті көлемді қуысқа айналады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет