«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)



бет51/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Бақылау сұрақтары (кері байланысы):


  1. Нерв жүйесінің қызметтері?

  2. Нерв жүйесінің жіктелуі?

  3. Орталық нерв жүйесінің ағзаларын атаңыз?

  4. Шеткі нерв жүйесінің ағзаларын атаңыз?


Дәріс №14


  1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Иммундық жүйе ағзалары. Құрылысы, топографиясы, қызметтері.

  2. Мақсаты: Эндокрин жүйесінің құрылысын және қызметтік ерекшеліктерін оқып білу. Иммундық жүйе ағзаларымен таныстыру. Құрылысы, топографиясы, қызметтерін түсіндіру.



  1. Дәріс тезистері:


Эндокриндік немесе ішкі секреция бездері деп шығарушы өзегі жоқ өзексіз бездер және секрет немесе экскреттері терінің бетіне (тер, май бездері) немесе шырышты қабықшалардың бетіне (сілекей бездері, бауыр және т.б.) құйылатын сыртқы секреция бездеріне қарама-қарсы өз секретін тікелей қанайналым жүйесіне бөлетін бездерді айтады. Даму орындарына қарай аталған бездерді 5 топқа бөлінеді:

  1. Энтодермальды бездер бронхиогендік топ (қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер).

  2. Ішек түтігінің энтодермальды бездері (ұйқы безі аралықтары).

  3. Мезодермальды бездер (бүйрек бездің интерренальды жүйесі және жыныс бездері).

  4. Аралық мидан пайда болатын эктодермальды бездер-неврогендік топ (эпифиз және гипофиз).




  1. Симпатикалық элементтерден пайда болатын эктодермальды бездер – адренал жүйесі тобы (бүйрек бездердің ми заты мен хромаффинді денелер).

Қан және лимфа тамырлары әр уақытта құрамына формалық элементтер кіретін қан және лимфамен толтырылған.Олардың қызметі мен құрылысы әр алуан (эритроциттер оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдайды, әр түрлі лейкоциттер организмнің реттеуші және қорғаныш реакцияларына қатысады). Мұндай реакциялардың ішінде бөтентекті заттар мен клеткаларды залалсыздандыруға арналған иммундық реакциялар ерекше бөлінеді. Бұл реакциялар негізінен лимфоциттер және макрофагтардың қызметі арқылы жүзеге асады.

Иммундық жүйе мүшелері сырттан келетін немесе организмнің өзінде түзілетін генетикалық жағынан бөтентекті клеткалар мен заттардан организмнің қорғауын (иммунитетін) қамтамасыз етеді.

Көкбауыр – lien – қан тамырларымен молынан жабдықталған лимфоидты мүше. Көкбауырларымен молынан жабдықталған лимфоидты мүше. Көкбауырда қантамыр жүйесі лимфоидты тканьмен тығыз араласқан соның нәтижесінде бұл жерде қан көкбауырда пайда болып дамитын лейкоциттердің жаңа қорымен молығады. Сонымен қатар көкбауыр арқылы өтетін қан ондағы макрофагтардың фагоцитоздық қызметі нәтижесінде тіршілік қызметін аяқтаған қызыл қан түйіршіктер (эритроциттер «бейіті») мен қан арнасына келіп түскен ауру тудырушы микробтардан, бөгде заттардан және т.б. арылады.



  1. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар, муляждар, планшеттер, плакаттар.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет