«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)



бет48/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Бақылау сұрақтары (кері байланысы):


  1. Миға анықтама беріңіз?

  2. Ми қабықтарына анықтама беріңіз?


Дәріс №13

  1. Тақырыбы: Бас ми нервтерi, үшкiл нерв/V-жұп/. Нервтендiру аймақтары, Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв

/XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары.


  1. Мақсаты: Нервтендiру аймақтарын атап көрсету. Бас ми нервтерi VII, VIII, IX, X, XI,XII. Вегетативті жүйке жүйесі, құрылыс заңдылықтары, қызметі. Симпатикалық жүйесінің орталықтарын атап жалпы түсіндіру.
  2. Дәріс тезистері:


Бассүйек нервтерінің жұлын нервтерінен ерекшеліктері бар.Бұл негізінен ми мен бастың жұлын мен тұлғаға қарағандағы басқаша даму жағдайларына байланысты. Бассүйек нервтері де,жұлын нервтеріндегідей,сұр зат ядролары болады:сомалық сезімтал,сомалық-қозғалыс және вегатативті. Вегатативті ядроларын висцералды-сезімтал және висцералды-қозғалыс ядролар деп бөлуге болады. Бассүйек нервтерінің 12 жұбының VII нев сомалық-сезімтал,ал III,IV,VI,XI,XII нервтер сомалық-қозғалыс нервтері болып саналады.Қалғандары (V,VII,IX,X) аралас нервтер.

Бассүйек нервтерінде де жұлын нервтеріндегідей сұр зат ядролары болады:сомалық- сезімтал,сомалық-қозғалыс және вегетативті.Вегетативті ядролырын вицералды-сезәмтал және вицералды-қозғалыс ядролары біріңғай салалы,бұлшықетті ғана еме,вицералды текті қаңқа бұлшықеттерін де нервтендіреді Жұлын нервтерінің бірігуінен пайда болған нервтер Бұл топқа бір нерв-n.hypoglossus жатады.



Тіласты нерві (XII)-n.hypoglossus,жануарларда дербес болып тіласты бұлшықетін нервтендіретін 3-4 жұмыс сегменттік нервтерінің қосылып-бірігуінен пайда болады.Одан тіл бұлшықеттерінің оқшаулануына сәйкес бұл нервтер күрделі омыртқалылар мен адамда біріге-қосылып,жұлын нервтерінен бассүйек нервтеріне ауыспалы тип ретінде түзіледі. Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар бар. Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және талшықтар бар.Онда сондай-ақ жоғарғы мойын симпатикалық түйінінен шығаратын симпатикалық талшықтар да өтеді.

Үшкіл нерв (V) Үшкіл жүйке (тройничный жүйке); ( n.trigeminus лат. nn — жүйке,trigeminus— үшкіл) — мидан шығатын ең ірі аралас жүйке (В-жұп). Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді. Көздік жүйке — көздік аумағын,
мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады. Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке.

Бет нерві (VII) N.facialis,бет нерві-аралас нерв.Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады.Сондай-ақ онық құрамында аралық,n.intermedus,нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.

Кезбе нерв (X) N.vagus,кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек

доғаларынан дамыған кең таралағандықтан осылай деп аталады.Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны.Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын,асқорыту

жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді,сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.

Қосымша нерв (XI) Қосымша нерв соңғы жебезек доғаларынан дамиды;эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы

бар.Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады.Ми бөлігі сопақша мидың,кезбе нервтің төменгі жағында шығады.Қосымша нерв жұлындық бөлігі алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып,нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп,ми бөліміне

қосылады.Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан,ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m.trapezius пен одан бөлінген m.sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет