Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124910
1   2   3   4

Жағдайлық есеп

56 жастағы ер адам тез шаршайтының,балтыр бұлшық еттерінің жүрген кезде ауырсынуы,журмеген кезде ауырсыну сезімі болмайды,аяқтарының ұйып қалуы және мұздауы.

Тексерген кезде: аяқ басы кебу,мұздай, артерияда пульс аңықталмайды.

Сұрақтар


1.Пациентте қандай шеткері қанайналымының бұзылыстары аңықталады.?

2.Пациентте қандай даму механиздермен өтеді?

3.Пациентте қандай шеткері қанайналымының бұзылыстары аңықталыу мүмкін?

Әдістемелік өндеу №5

1.Тақырыбы: Қабыну.

2.Мақсаты: негізін қабыну үрдісі құрайтын клиникасына және моделдеу жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты:


  • қабыну үрдісі патогенезінің негізгі компоненттерді зерттеу;

  • флогогенді факторлардың жіктелуін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Қабыну» түсінігінің сипаттамасы.

  2. Қабыну этиологиясы. Флогогенді факторлардың жіктелуі.

  3. Қабыну патогенезі, оның негізгі компоненттері.

  4. Альтерация қабынудың бастапқы факторы ретінде.

  5. Қабыну медиаторлары және олардың қабыну үрдісіндегі маңызы.

  6. Қабыну ошағындағы физико-химиялық көріністері

  7. Қабыну ошағындағы қан тамырлық серпілістері.

  8. Тамыр арнасынан форменді элементтердің шығуы және экссудациясы.

  9. Экссудация үрдісінің сипаттамасы.

  10. Қабыну ошағына лейкоциттер эмиграциясының механизмдері және сатылары.

  11. Қабыну кезіндегі фагоцитарлық реакциясы.

  12. Жедел және созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері.

  13. Қабынудың биологиялық маңызы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Гросстық модификацияланған тәсілі арқылы іріңдегі протеазаны анықтау.

1.Бірінші пробиркадан басқа барлық пробиркаларға натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінен 0,5 мл құяды.

2.1-ші және 2-ші пробиркаға 0,5 мл іріңді сарысу құйып араластырады. 2-ші пробиркадан 3-ші пробиркаға 0,5 мл сарысуын құяды. 3-ші пробирканы араластырып, одан 4-шіге 0,5 мл құяды. Осылайша әр пробиркада 0,5 мл сарысу концентрациясы қалады.

3.Әр пробиркаға 0,2% казеин ерітіндісінен 1 мл құяды.

4.Араластырып, 40 мин термостатқа қояды. Берілген уақыт өте ақуыз толық піскенде ерітінді мөлдір болады; ақуыз піспей қалған жерлерінде ерітінді бұлыңғыр. Фермент күшін келесі жолмен санайды: егер толық пісуі мысалы 3-ші пробиркада болса, онда сары судың 0,25 мл 1 мл казеинді қорытуға жеткілікті. Осыдан 10 рет сұйылтылған 1 мл ірің сарысуы ақуызды 8 есе көп қорытады, ал бұзылмаған сарысу 10 есе көп яғни 80 мл соңынан қорытындылар жасайды.

Тұжырым мен қорытындысың жасайды.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Қабынудың жиі шақыратын себептері ... болып табылады.

А) химиялық факторлар

В) биологиялық факторлар

С) физикалық факторлар

Д) механикалық факторлар

Е) термиялық факторлар

2.Қабынудың компонеттеріне ... жатады.

А) қабыну ошағындағы ацидоз, гиперосмия, гиперонкия

В) артериялық гиперемия, веноздық гиперемия, стаз

С) альтерация, қан айналым бұзылыстары экссудациямен бірге, пролиферация

Д) домбығу, қызару, қызметінің бұзылуы, ауырсыну, қабыну ошағында жергілікті температурасының көтерілуі

Е) лейкоцитоз, РОЭ жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі

3.Қабынудың бірінші сатысы ... болып табылады.

А) альтерация

В) лейкоциттер эмиграциясы

С) фагоцитоз

Д) экссудация

Е) пролиферация

4.Қабынудағы біріншілік альтерация ... нәтижесінде дамиды.

А) флогогенді фактордың зақымдаушы әсерінің

В) қабыну медиаторларының әсерінен

С) қабыну ошағындағы физико-химиялық өзгерістердің әсерінен

Д) микроциркуляция бұзылыстарының

Е) қабыну ошағындағы зат алмасу бұзылыстардың

5.Қабыну ошағындағы заттардың ыдырауының күшеюіне ... әкеледі.

А) гликолизде анаэробты этап ферменттерінің тежелуі

В) митохондриялық ферменттердің әсерленуі

С) аденилатциклаза әсерленуі

Д) лизосомалық ферменттердің әсерленуі

Е) майлардың асқын тотығуы ферменттерінің тежелуі

6.Қабыну ошағындағы көмір су алмасуы өзгерістеріне ... тән.

А) липолиздің әсерленуі

В) кетон денелері түзілуі арқылы

С) нуклеотидтер, нуклеозидтер мөлшері артуы

Д) гликоген түзілуінің артуы

Е) анаэробты гликолиздің тежелуі

7.Қабынудағы жергілікті ацидоздың патогенездік факторға ... жатады.

А) зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы

В) артериялық гиперемия

С) тамыр өткізгіштігінің бұзылуы

Д) лейкоциттер эмиграциясы

Е) транссудация

8.Қабынудың гуморалдық медиаторларына ... жатады.

А) брадикинин

В) серотонин

С) простагландиндер

Д) гистамин

Е) цитокиндер

9.Гуморалдық медиаторларға ... жатады.

А) фермент емес катиондық нәруыздар

В) комплементтің белсенді бөлшектері

С) лейкотриендер

Д) серотонин

Е) лимфокиндер

10.Қабыну ошағындағы гистаминнің қайнар көзге ... жатады.

А) нейтрофилдер

В) паренхиматозды жасушалар

С) лаброциттер (мес жасушалар

Д) лимфоциттер

Е) моноциттер

Жағдайлық есеп

Екі жұмызшы медпунтке келіп автоклав авариясына балтырының күйікке ұшырағаның айтты. Шарттары – бастын ауруы, күйік орналасқан жерде –домбығу, ауырсыну. Тексергенде А. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан, ал Б. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан және таза сүйықтықпен толған көпіршік аңықталды. Екі науқасқа науқастық қағаз берілді, ал олар емдеу шарттарын орындамаған.

3 күннен кейін А. пациент жағдайы қалпына оралды, ал Б. пациенттің жағдайы нашарлады: ісігі тарап кетті, көпіршіктің іші ірінді (бактериалды анализ өткізгенде – алтын стафилоккок), дене температурасы 38,9оС.

Сұрақтар

1.Пациенттерде қандай патологиялық процесс дамиды?

2.Екі пациенттін патологиялық процесстін екі түрде өтуі неге байланысты?

3.Б. пациенттің симптомдарының даму механизмі қандай?
Кредит №2

Әдістемелік өндеу №1

1.Тақырыбы: Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Қантты диабет.

2.Мақсаты: көмірсу алмасуының бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • гипо- және гипергликемиялық жағдайлар дамуы механизмдерің және себептерің зерттеу;

  • қантты диабетінің клинико-патофизиологиялық сипаттамасын беру;

  • дайын лабораторлық көрсеткіштеріне немесе қанның анализі негізінде қант диабетінің түрін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Көмірсу сіңірілуі және гидролиз бұзылыстарының механизмдері және себептері.

    2. Ағза жасушаларының көмірсуға толеранттылығы.

    3. Жасушалардың көмірсуды сіңіру бұзылыстарының механизмдері және себептері.

    4. Қантты диабет, клинико-патофизиологиялық сипаттамасы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: аллоксанды диабетің шақырған егеуқұйрықтың зәрінде көмірсу және кетонды денелерді анықтау.

Тәжірибелік жануарға бір рет тері астына 5% аллоксан ерітіндісін 15-20 мг/кг салмағына шағып егеді. 48 сағаттан кейін инсулиндік жеткіліксіздіктің әсерінен тұрақты глюкозурия дамиды. Бақылаудағы және тәжірибелік егеуқұйрықтар ауыстырылатын торға салып бөлек пробиркаларға зәрін жинап отырады. Содан кейін 2 таза пробиркаға 1 мл әр жануардың зәрін оған 0,2 мл ниляндер реактивін құяды. Пробиркаларды ішіндегісімен 3 мин қайнатады. Зәрде глюкоза болса пробиркадағы сұйықтық қара түске боялады.

Кетонды денелерді анықтау үшін бөлек пробиркаларға зәрді құйып, әр қайсысына 0,25 мл алдын ала жасалынған натрий нитропруссидінің қаныққан ерітіндісін және 0,5 мл мұздай сірке қышқылын қосамыз. Пробирканы қозғап араластырып қабырғасына жағалатып 1 мл концентрацияланған аммиак ерітіндісін құяды. Зәрде ацетон болса екіге бөлінген шекарасында сия көк сақина тәрізді қабаты пайда болады.

Тұжырым мен қорытындысың жасайды.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Ұйқы безінен тыс инсулиндік жеткіліксіздік ... болуы мүмкін.

А) ұйқы безінің өспелік зақымдануынан

В) қанның протеолиздік ферменттерінің концентрациясының жоғарылауынан

С) панкреатиттен кейін

Д) Лангерганс аралшықтары аймағында қан айналымның бұзылуынан

Е)Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелердің түзілуінен

2.Инсулиннің бездік жеткіліксіздігі ... дамиды.

А) инсулиннің қандағы антиденелермен бөгелуінде

В) инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуында

С) Лангерганс аралшығының β-жасушаларының бұзылуында

Д) контринсулиндік гормондардың артық түзілуінде

Е) инсулиназаның жоғары белсенділігінде

3.Диабеттік синдромның бастапқы симптомы ... болып табылады.

А) полифагия

В) полиурия

С) глюкозурия

Д) полидипсия

Е) гипергликемия

4.Қантты диабетте глюкозурияға ... әкеледі.

А) полиурия

В) кетонемия

С) гиперлипидемия

Д) гипергликемия

Е) гиперлактатацидемия

5.Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі ... болып табылады.

А) глюкозурия

В) бүйрек микроангиопатиясы

С) кетонурия

Д) гипостенурия

Е) шөлдеу мен полидипсия

6.Ағзада теріс азоттық баланс ... дамиды.

А) күйік ауруында

В) гиперинсулинизмде

С) ағзаның өсу кезеңінде

Д) жүктілікте

Е) анаболдық гормон артық болғанда

7.Ағзада оң азоттық баланс ... дамиды.

А) ақуыздық ашығуда

В) глюкокортикоидтар

С) инсулин артық болғанда

Д) өспелік кахексияда

Е) қантты диабетте

8.Гипопротеинемия – бұл ... .

А) қанда нәруыз мөлшерінің артуы

В) негізінен альбумин азаюымен сипатталатын нәруыздық жалпы мөлшері азаюы

С) қанда патологиялық нәруыздардың пайда болуы

Д) қан нәруыздары арақатынасының өзгеруі

Е) қанда гаммаглобулин мөлшерінің азаюы

9.Гипопротеинемия ... қабаттасады.

а) қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

б) плазманың нәруыздарының тасымалдау қызметінің бұзылуымен

в) гипокоагуляциямен

г) ісіну дамуымен

д) қанда гормондардың бос бөлшектерінің көбеюімен

А) а,б,г,д

В) в,г

С) б,д


Д) а,в,г

Е) б,в,д


10.Парапротеинемия – бұл ... .

А) сапасы өзгерген гамма-глобулиндер

В) сапасы өзгерген альбуминдер

С) альбуминдердің төмендеуі

Д) ақуыз фракциясы арақатынасының өзгеруі

Е) иммуноглобулиндердің жоғарылауы



Жағдайлық есеп

60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.

Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.

Сараптамаларында: гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамиды?

2.Оның дамуының механизмдері қандай?

Әдістемелік өндеу №2

1.Тақырыбы: Су-электролит алмасуының бұзылыстары.

2.Мақсаты: су электролиттік алмасуының бұзылыстарымен байланысты клиникалық және модельді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • сыртқы су балансының және ағзаның ішкі ортасында судың таралу бұзылыстары негізгі түрлерін сипаттау;

  • дизгидрия жиі кездесетін көріністерінің этиология мен патогенезін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Ағзада сыртқы су балансымен ішкі ортада судың таралу бұзылыстарының себебі.

2.Ісінудің патогенездік факторлары және Старлинг заңы.

3.Ағза ішкі ортасында Na+, K+, Ca2+, Mg2+ иондарының құрамы және ратаруы бұзылыстарының негізгі механизмдері және шақыратын себептері.

4.Су-электролиттер алмасуының бұзылыстарының негізгі түрлерінің этиология мен патогенезі.

5.Ағзада су және электролит алмасуы бұзылыстарының метаболизмдік және функционалдық ауытқулары.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: лабораторлық егеуқұйрық гемодинамикасына катехоламиндер әр түрлі дозасының фармакологиялық әсерін үйрету.

Егеуқұйрықтың 1 г массасына шаққанда 0,004 мл 0,1 % адреналин ерітіндісін т/і енгізеді. Тері астына адреналинді жіберген сәтте тері жамылғысы және кілегей қабаты бозарып, АҚ 120-70 тен 210/175 мм с.б. көтерілді, экстрасистолиямен қабаттасып тахикардия пайда болды, тынысы жиілеп, РаО2 өзгеріссіз, ал РvCO2 күрт төмендеді. Бірақ 12 мин кейін гипервентиляция фонында тері жамылғысы сұр түске айналып, артериялық қанның газдық құрамы өзгерген жоқ, РvO2-нің біртіндеп төмендеуі байқалады. 3-4 мин ішінде сыртқы тыныс бұзылыстарының белгісі дамыды, соңынан тыныс алуы ырғақсыз, ауыр, ылғалды сырылдар пайда болуымен өзгерді. АҚ төмендеді, пульстік қысымы азайды, аритмия дамыды. Бұл кезде РаО2 төмендейбастады, ал РаCO2 жоғарылады. Соңғы 20 минут ішінде клоникотонустық қалтырау, агональдық тыныс, аузы-мұрнынан ақ көпіріктер бөліне бастады, жануар өлді.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым мен қорытынды жасайды:

1.Жануар өлімінің себебі қандай?

2.Қандай белгілер өкпе шеменінің дамуын көрсетіп отыр?

3.Берілген сынамада жедел өкпе шеменінің патогенезі қандай?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Iсiну – бұл ... .

А) жасуша iшiлiк сұйықтың артуы

В) серозды қуыстарда сұйықтың жиналуы

С) лимфа түзiлуi артуы

Д) тамыр iшiлiк сұйықтың артуы

Е) тiндер мен тiнаралық кеңiстiктерде сұйықтық жиналуы

2.Iсiну – бұл ... .

А) патологиялық жағдай

В) патологиялық серпіліс

С) патологиялық үрдіс

Д) аурудың нозологиялық түрi

Е) ауруалды

3.Iсiнудiң жергiлiктi патогенездiк факторы ... болып табылады.

А) қанның гидростатикалық қысымының төмендеуi

В) қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы

С) тамыр қабырғасының өткiзгiштiгiнiң төмендеуi

Д) ұлпалық қысымның жоғарылауы

Е) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

4.Iсiнулер дамуында ... жағдай жасайды.

А) АДГ мен альдостеронның түзiлуiнiң жоғарылауы

В) қанда альбуминдердiң құрамының жоғарылауы

С) лимфа тамырлармен интерстицияның дренажы күшеюi

Д) антидиурездiк гормонның өндiрiлуiнiң төмендеуi

Е) тамыр кемерлерi өткiзгiштiгiнiң төмендеуi

5.Iсiнудiң нейро-эндокриндiк факторы – бұл ... .

А) АДГ мен альдестерон түзiлуiнiң екiншiлiк артуы

В) антидиурездiк гормонның жеткiлiксiздiгi

С) альдестерон екiншiлiк тапшылығы

Д) гиперинсулинизм

Е) симпатоадреналдық жүйенiң әсерленуi

6.Iсiнудiң тiндiк факторы – бұл ... .

А) тiннiң гиперосмиясы және гиперонкиясы

В) плазманың осмыстық қысымының төмендеуi

С) онкотикалық қысымының төмендеуi

Д) тiннiң гидростатикалық қысымының артуы

Е) тiннiң осмостық қысымының төмендеуi

7.Аллергиялық iсiнулердiң патогенезiнде өте маңызды ... болып табылады.

А) тамырлық фактор

В) тiндiк фактор

С) гемодинамикалық фактор

Д) нейроэндокриндiк фактор

Е) онкотикалық фактор

8.Онкотикалық фактор басты роль ... iсiнуде атқарады.

А) кахексиялық

В) жүректiк

С) аллергиялық

Д) токсикалық

Е) нефриттiк

9.Iркiлiстік iсiнудiң дамуында ... фактордың маңызы зор.

А) гемодинамикалық

В) қан тамырлық

С) тiндiк

Д) онкотикалық

Е) нейро-эндокриндiк

10.Жүректiк iсiнудiң негiзгi патогенездiк факторы ... болып табылады.

А) веноздық қысымының жоғарылауы

В) тiннiң колоидты-осмостық қысымының жоғарылауы

С) тамыр қабырғасы өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы

Д) қанның онкотикалық қысымының төмендеуi

Е) лимфа ағымының төмендеуi
Жағдайлық есеп

З. 40 жасар пациент шағымдары – ентігу, он жақтағы қабырға астының ауырсынуы.

Объективті: беті домбыққан және бозарған. Жүректің солға және оңға шекарасының 2 см кеңеюі, тамыр соғу жиілігі – 100соғу/мин, жүрек үндері саңырау, өкпеде – майда көпіршікті сырыл, тыныс алу жиілігі 26 минөтіне, мойын тамырларының домбығуы, бауырдың 3 см қабырғалық доғадан шығуы, аяқтарының бозаруы.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамиды?

2.Оның дамуының механизмдері қандай?



Әдістемелік өндеу №3

1.Тақырыбы: Гипоксия. Қызба.

2.Мақсаты: гипоксиялық жағдаймен қызбаның дамуымен байланысты аурулар және дерттік үрдістердің патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • табиғаты әр түрлі гипоксиялардың даму механизмдерін зерттеу;

  • гипоксияға ағзаның экстренді және ұзақ уақыттық адаптациясының механизмдерін сипаттау;

  • қызбаның негізгі сатыларын зерттеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Типтік патологиялық үрдістер ретінде гипоксияның жалпы сипаттамасы, жасушаның тіршілігінде оттегіге тәуелді үрдістердің маңызы.

2.Гипоксияның негізгі типтері және гипоксиялық жағдайлар жіктелуінің критерийлері.

3.Гипоксия негізгі түрлерінің клиникалық-патофизиологиялық сипаттамасы.

4.Жедел гипоксиялық жағдайда ағзадағы метаболизмдік, морфологиялық және функционалдық бұзылыстары.

5.Ағзадағы гипоксияда компенсация және адаптация механизмдері.

6.Қызба түсінігіне анықтама бер.

7.Қызбаның этиологиясы.

8.Қызбаның патогенезі.

9.Қызбаның сатылары.

10.Қызбаның түрлері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: тышқанда қызбаны шақыру.

Үлкен егеуқұйрыққа 2,5 МПД (минималды пирогенді дозасы) натрий хлоридінің 0,5 мл изотониялық ерітіндегісіндегі пирогеналды сан етінің бұлшық етіне егеді.

Пирогеналды егуге дейін және 15,30,45,60,90 мин өткенде тік ішектен электротермометр арқылы температурасын өлшеп, температуралық қисығын сызады.

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Көрсетілген тәжірибеде пирогендік тітіркендіргіштің табиғаты қандай және пирогендердің қай класына жатады?

2.Қызбаның бірінші сатысындағы жылу өндірудің жоғарылау және жылуды берудің азаю механизмдерін қалай түсіндіресіз?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Гипоксия – бұл ... .

А) дерттік серпіліс

В) дерттік жағдай

С) типтiк дерттік үрдіс

Д) ауру


Е) симптомокомплекс

2.Сыртқы ортада оттегiнiң парциалдық қысымның төмендеуiнен болатын

гипоксия ... деп аталады.

А) циркуляторлық

В) экзогендік

С) тiндiк

Д) қандық

Е) эндогендiк

3.Экзогендiк нормобариялық гипоксия ... пайда болады.

А) желдетiлмеген бөлмеде болғанда

В) барометрлiк қысым жоғарылағанда

С) барометрлiк қысым төмендегенде

Д) ауада рО2 жоғарылағанда

Е) тауға шыққанда

4.Экзогендік нормобариялық гипоксия ... дамиды.

А) жабық бөлмелерде болуда

В) тауға шығуда

С) барометрлік қысымның жоғарылауыда

Д) барометрлік қысымның төмендеуіде

Е) ауадағы рО2 жоғарылауыда

5.Экзогендiк нормобариялық гипоксиядағы қан құрамы өзгерiстерге ... тән.

А) гипоксемия

В) гипокапния

С) алкалоз

Д) гиперлипидемия

Е) гиперпротеинемия

6.Экзогендiк гипобариялық гипоксия ... байқалады.

А) жоғары биiкке көтерiлгенде

В) водолаздарда

С) шахтада

Д) наркоздық аппараттардың бұзылуында

Е) су асты қайықтарда

7. Қызбаның бiрiншi сатысында температураның тез көтерiлiуi ... қабаттасады.

А) бұлшық ет дiрiлi және қалтыраумен

В) терiнiң қызаруымен

С) тахипноэмен

Д) қан қысымының төмендеуiмен

Е) терлеудiң күшеюiмен

8.Қызбаның бiрiншi сатысында ... байқалады.

А) жылу шығарудың азаюы мен жылу өндiрудiң күшеюi

В) жылу өндiру мен жылу шығарудың күшеюi

С) жылу өндiру мен жылу шығарудың азаюы

Д) жылу шығарудың өзгермеуi, жлыу өндiрудiң күшеюi

Е) жылу өндiрудiң азаюы жылу шығарудың күшеюi

9.Қызбаның үшiншi сатысында жылу берудiң жоғарылауы ... байланысты.

А) тер бөлiнудiң жоғарылауымен

В) перспирация үрдiстерiнiң басылуымен

С) зат алмасуыдың күшеюiмен

Д) вазоконстрикциямен

Е) артериялық қысымның жоғарылауымен

10.Қызбадағы дене температурасының кризистiк түсуi ... қауiптi.

А) коллапс дамуымен

В) гипергидратация дамуымен

С) жүрек жиырылуының жиiлеуiмен

Д) қан қысымының артуымен

Е) асқазан iшек жолының күшеюiмен



Жағдайлық есеп

Екі жұмызшы медпунтке келіп автоклав авариясына балтырының күйікке ұшырағаның айттыШарттары-бастын ауруы,күйік орналасқан жерде-домбығу,ауырсыну. Тексергенде А. науқаста балтырының гиперемиясы,терісі домбыққан, ал Б.науқаста балтырының гиперемиясы,терісі домбыққан және таза сүйықтықпен толған көпіршік аңықталды. Екі науқасқа науқастық қағаз берілді,ал олар емдеу шарттарын орындамаған.

3 күннен кейін А.пациент жағдайы қалпына оралды,ал Б. пациенттің жағдайы нашарлады: ісігі тарап кетті,көпіршіктің іші ірінді ( бактериалды анализ өткізгенде-алтын стафилоккок), дене температурасы 38,9оС.

Сұрақтар

1.Пациенттерде қандай патологиялық процесс дамиды?

2.Екі пациенттін патологиялық процесстін екі түрде өтуі неге байланысты?

3.Б. пациенттің симптомдарының даму механизмі қандай?

Әдістемелік өндеу №4

1.Тақырыбы: Аллергия.

2.Мақсаты: аллергиялық серпілістердің дамуымен байланысты клиникалық және модельді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • аллергиялық серпілістердің себебі және даму механизмдерін зерттеу;

  • аллергиялық серпілістердің жіктелуін зерттеу;

  • жедел дамитын және баяу дамитын аллергия түрлерін анықтау ұстанымдарын сипаттау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия туралы түсінік, жалпы сипаттамасы.

  2. Аллергиялық серпілістер, түрі, жіктелуі, сипаттамасы.

  3. Аллергендер туралы түсінік. Сенсибализация.

  4. Жедел дамитын аллергия түрі, сенсибилизация механизмдері.

  5. Жедел дамитын түрі бойынша аллергиялық аурулар туралы түсінік.

  6. Баяу дамитын түрі бойынша аллергиялық аурулар туралы түсінік.

  7. Ағзаның аутоаллергиялық жағдайлары туралы түсінік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет