Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет27/65
Дата06.09.2023
өлшемі0.75 Mb.
#476739
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз (1)

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Дәрілер технологиясында қолданылатын жоғары молекулалы қосылыстардың сипаттамасы және жіктелуі қандай?

  2. Шексіз ісінетін және шекті ісінетін жоғары молекулалы қосылыс ерітінділері технологиясының ерекшеліктері қандай?

  3. Пепсин, крахмал және желатиннен ерітіндісін дайындаудың ерекшеліктері неге негізделген?

  4. ЖМҚ ерітінділеріне электролит пен спиртті енгізу жолдары қандай?

  5. Жоғары молекулалы ерітінділерін сақтау жағдайлары қандай?

  6. Қорғалған коллоидты ерітінділердің ЖМҚ ерітінділерімен салыстырғанда қандай ұқастығы және айырмашылығы бар?

  7. Колларгол және протаргол, ихтиол ерітінділерін дайындау технологиясының ерекшеліктері қандай?

  8. Жоғары молекулалы қосылыстар ерітінділерін тығындау және босатуға безендіру сапасын бағалау.



Ситуациялық есеп

    1. Крахмал қандай дәрілік түрлерде жазылуы мүмкін? Крахмал дәрілік түрде қандай функция атқаруы мүмкін? Әртүрлі дәрілік түрлерге крахмалды енгізудің ерекшеліктері қандай?

    2. Студент протаргол ерітіндісін дайындаған кезде аса көпіршікті ерімеген заттары бар сұйықтық алды.

    3. Студент ерітінді дайындау кезінде қандай қателіктер жіберді. Байқалған құбылыстың себебін түсіндіріңіз? Протаргол ерітіндісін дайындау ережесін дәйектеңіз.

    4. 10 минуттан соң. Көзге арналған 3 % колларгол ерітіндісі дайындағаннан кейін өтпелі сәуледе лайлана бастады және қоңыр түске боялды. Байқалған құбылыстың себебін түсіндіріңіз?

Тест тапсырмалары
1. Коллоидты ерітінділерге тән қасиеттер:
А) агрегативтік және термодинамикалык тұрақсыз, қайтымсыз, осмостық қысымы төмен, диффундирлік қасиеті әлсіз, сыртқы факторларға сезімтал, сақтау мерзімі шектеулі
В) агрегативтік және термодинамикалық тұрақты, қайтымды
С) диффундирлік қасиеті жағары, сақтау мерзімі ұзақ
D) кайтымсыз, осмостық қысымы жоғары
Е) диффундирлік қасиеті жағары
2. Қорғалған коллоидтар — гидрофильдік қасиеті бар........... тұратын күрделі препарат:
А) гидрофобты коллоидты заттардан және ЖМҚ
В) ерімейтін заттардан
С) ЖМҚ
D) гидрофобты заттардан
Е) гидрофильді заттардан
3. Күмістің коллоидтық препараттарын алу кезінде коллоидтық қорғау ..........үшін қолданылады:
А) колларгол, протаргол
В) күміс нитраты, күміс хлориді
С) қара май, ксероформ
D) ихтиол, колларгол
Е) ихтиол
4. Протаргол ерітіндісінің ескіру процесінің алдын алу үшін ех tempore дайындап, қоңыр түсті құтыда босатады, себебі:
А) жарық әсерінен препарат металдық күміске айналып, ерітінді
қарайып кетеді
В) сілбі түзіледі
С) жарық әсерінен көпіршіктер пайда болады
D) препарат газ тәрізді күйге айналады
Е) тұрақты емес
5. Протаргол ерітіндісінің технологиясы:
А) су бетіне жұқалап себелеу, 10-15 минут қозғамай қойып қою
В) босататын кұтыда еріту
С) келіде ысқылап еріту
D) су бетіне жұқалап себелеу, араластыру
Е) мойны тар ыдыста қатты шайқау
6. Колларгол ерітіндісінің технологиясы:
А) келіде ысқылай отырып еріту
В) 40-60 минут ісіндіру, ерігенше шайқау
С) колбада тәулік бойына шайқау
D) су бетіне жұқалап себелеу, 10-15 минут қозғамай қойып қою
Е) технологиясының ерекшелігі жоқ
7. Коллоидты ерітінділердің қүрылымдық бірлігі:
А) мицелла
В) гидрофобты заттар бөліктері
С) су тамшылары
D) май тамшылары
Е) БАЗ бөліктері
8. Шекті ісінетін ЖМҚ:
А) желатин
В) ихтиол
С) протаргол
D) колларгол
Е) пепсин
9. 100,0 крахмал ертіндісіне дұрыс толтырылған бақылау паспорты:
А) крахмал 2,0 салқын су 8,0 ыстық су 90,0
В) крахмал 1,0 салқын су 9,0 ыстық су 90,0
С) крахмал 10,0 салқын су 20,0 ыстық су 70,0
D) крахмал 20,0 салқын су 40,0 ыстық су 40,0
Е) крахмал 20,0 салқын су 20 ыстық су 60,0
10. Шексіз ісінетін ЖМҚ:
А) пепсин
В) ихтиол
С) крахмал
D) колларгол
Е) желатин
11. Пепсин ертіндісін...........арқылы сүзеді:
А) шыны фильтр
В) фильтр қағазы
С) дәке
D) мақта-дәке тампоны
Е) пергамент қағазы
12. Пепсин ертіндісін хлорсутек қышкылында дайындағанда келесі араластыру тәртібін сақтау қажет:
А) су-хлорсутек қышқылы-пепсин
В) хлорсутек қышқылы-су-пепсин
С) су-пепсин- хлорсутек қышқылы
D) хлорсутек қышқылы-пепсин-су
Е) пепсин- хлорсутек қышқылы-су
13. Дисперстік жүйе ретінде ЖМҚ ерітінділері ......... болып табылады:
А) нағыз ерітінділер
В) эмульсиялар
С) суспензиялар
D) күрделі жүйелер
Е) тұнбалар
14. ЖМҚ ерітінділерін дайындағанда ісіну процессі...........байланысты:
А) макромолекулалар құрылымына, кеңістіктік конфигурациясына, температураға
В) тазартылған суды алу тәсіліне
С) тұрақтандырғыш табиғатына
D) десорбцияға қабілеттілігіне
Е) еріткіштің химиялық табиғатына
15. "Қолданар алдында қыздырыңыз" қосымша этикеткасымен .........
ерітіндісі безендіріледі:
А) желатин
В) пепсин
С) крахмал
D) экстрактар
Е) шырыштар
16. Электростатикалық тартылыс күшінен туындайтын пепсин
макромолекулаларының адсорбциясы ......... арқылы фильтрлегенде
болады:
А) филыр қағазы
В) мақта тампоны
С) шыны фильтр
D) друк-фильтр
Е) нутч-фильтр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет