Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет65/65
Дата06.09.2023
өлшемі0.75 Mb.
#476739
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз (1)

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Тамшылардың дәрілік түр ретіндегі анықтамасы.

  2. Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы қандай?

  3. Көз тамшыларына және көзге басуға арналған ерітінділерге қандай талаптар қойылады? Оларды дәйектеңіз.

  4. Көзге арналған дәрілік түрлер мен шаншуға арналған дәрілік түрлердің салыстырмалы сипаттамалары. Ұқсастығын және ерекшелігін қалай негіздеуге болады?

  5. Көз тамышалыры мен көзге арналған ерітінділер орамасын ашуға дейін және ашқаннан кейін стерильдігін қалай сақтауға болады?

  6. Офтальмологияда қолданылатын консерванттардың сипаттамасы. Жіктелуі.

  7. Көзге арналған ерітінділері тұрақсыздығының себептері.

  8. Көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері.

  9. Көз тамшылары және басуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Тұрақтандырғыштардың әсер ету механизмі.

  10. Көзге арналған ерітінділері дискомфорттығының себептері. Комфорттық қалай қамтамасыз етіледі.

  11. Көз тамшыларының әсері қалай ұзартылады. Пролонгаторлар. Олардың әсер ету механизмдері.

  12. Офтальмологиялық ерітінділердің дәріханаішілік дайындамаларын және аз сериялы өндірісте дайындау мүмкіндіктері қандай?

Ситуациялық есеп
1. Ал: Рибофлавиннен 0,002
Аскорбин қышқылынан 0,05
Глюкоза ерітіндісінен 2% 10 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. Тамшыдан күіне 3 рет екі көзгеде
Студент асептикалық жағдайда пипеткамен 0,5 мл 10 % аскорбин қышқылы ерітіндісін, 1 мл 20% глюкоза ерітіндісін және 8,5 мл 0,02 % рибофлавин ерітіндісін бейтарап шынылы құтыға өлшеп құйды. Ерітінді технологиясының дұрыстығын сын көзбен бағалаңыз.


Тестік тапсырмалар
1. МФ Х басылымы талаптары бойынша көз тамшыларын дайындау үшін қолданылатын еріткіштер:
А) шаншуға арналған су, стерильді шабдалы майы
В) поливинил спирті ерітіндісі, метилцеллюлоза ерітіндісі
С) консервілеуші және буферлеуші қасиеттері бар изотодық стерильді еріткіштер
D) тазартылған су, метилцелюлоза ерітіндісі
Е) тазартылған су, поливинил спирті ерітіндісі
2. Көз тамшылары мен басуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптардың біреуі дұрыс емес, ол:
А) апирогендік
В) стерильдік
С) тұрақтылық
D) изотондық
Е) механикалық қоспалардан тазалық
3. МФ Х басылымы бойынша көз тамшыларын изотондау үшін ..... қолданылады:
А) натрий хлориді
В) калий хлориді
С) магний сульфаты
D) натрий гипосульфаты
Е) аммоний сульфаты
4. МФ Х енгізілген көз жағар майы:
А) сынаптың сары тотығы
В) стрептоцидті
С) ксероформды
D) новокаинды
Е) сынаптың ақ тотығы
5. Көз тамшыларын тұрақтандыру үшін...... қолданылады:
А) бор қышқылы
В) хлорсутек қышқылы
С) лимон қышқылы
D) натрий гидрокарбонаты
Е) натрий хлориді
6. Көз жағар майы құрамына суспензия түрінде ..... енгізіледі:
А) стрептоцид, сынаптың сары тотығы
В) резорцин, мырыш сульфаты
С) атропин сульфаты
D) мырыш сульфаты
Е) тетрациклин гидрохлориді, мырыш тотығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет