7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Жіктелуі.
Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудың негізінде қандай процестер жатыр?
Тұнбалар және қайнатпаларды дайындауда әсер етуші заттардың толық сірінділеуіне әсер ететін факторлар.
Тұнбалар және қайнатпаларды дайындау кезінде өсімдік шикізатының майдалану дәрежесі қандай болуы керек?
Жалбызтікен тамырының, зығыр дәнінің, салеп түйнегінің шырыштарын дайындаудың ерекшеліктері.
Шығын коэффициентінің анықтамасы?
Сулы сығындының сапасын бағалау? Тұнбалар мен қайнатпалардың сақталу жағдайлары.
Сулы сығындылардың анықтамасы.
Экстракт-концентраттар деген не? Экстракттардан айырмашылығы.
Тұнбалар дайындауда қандай экстракт-концентраттар қолданылады. Технологиясының ерекшеліктері.
Сулы сығындылардың сапасын қандай көрсеткіштермен бағалайды?
Ситуациялық есеп
Ал: Жалбыз тікен тамырынан қайнатпа 8,0 – 200 мл
Димедролдан 0,3
Эфедирин гидрохлоридінен 0,15
Калий йодидінен 6,0
Араластыр. Жібер. Босат. 1 ас қасықтан күніне 3 рет 12 жасар балаға.
Студент перфорирленген инфундирлік стаканға 8,0 г майдаланған жалбыз тікен тамырын салып, 200 мл тазартылған су құйды және бөлме температурасында периодты араластыра отырып 30 миут тұндырды. Содан соң екі қабат дәке арқылы қосымша ыдысқа шикізатты сығып, сүзді. Дайындалған тұнбада 0,3 г димедролды, 0,15 г эфедрин гидрохлоридін ерітті және 30 мл (1:5) калий йодиді ерітіндісін қосты. Ішуге арналған этикеткамен безендірді.
Жазылымды латын тіліне аударыңыз. Студент орындаған есептеулерді тексеріңіз. Дайындау кезінде қандай қателіктер жіберілді? Эфедрин гидрохлоридімен жұмыс істеу және босатуға безендіру ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау паспортын жазыңыз.
Оқу есебі
Ал: Жалбызтікен тамырының тұнбасынан 150 мл
Гексаметилентетраминнен
Натрий гидрокарбонатынан тең мөлшерде 2,0
Көкірек элексирінен 3 мл
Қант шырынынан 20 мл ал
Араластыр. Босат. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Қосымша ыдыста 195 мл суды өлшеп, онда 9,75 г жалбызтікен тамырының құрғақ экстрактысын (1:1), 2,0 гексаметилентатраминді, 2,0 натрий гидрокарбонатын ерітті. 20,0 г қант шырының және бірден 3 мл көкірек элексирін қосты. Араластырды және босатуға «Микстура» ретінде безендірді.
Рецепті латын тілінде жазып, есептеуін жүргізіңіз және студенттің қимылын бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |