Сұрақтар:
1. Дезинсекцияның анықтамасы. Эпидемияға қарсы шаралардың қай тобына
жатады?
2. Дезинсекция әдістерінің қай түрі тиімдірек және қандай айқын арнайы әсері бар?
3. Дезинсекцияның химиялық және биологиялық әдістерінің артықшылығы мен
кемшіліктерін атаңыз.
4. Дератизацияның анықтамасы. Эпидемияға қарсы шаралардың қай тобына
жатады?
5. Табиғи жағдайларда мекендейтін синантропты буынаяқтыларды жою
шараларындағы негізгі мақсат қандай?
1. Тақырыбы №6: Жұқпалы аурулардың иммундыпрофилактикасы. Эпидемияға қарсы шаралар жүйесінде иммундыпрофилактиканың алатын орны. Эпидемиологиялық қадағалау. Жүргізу сатылары.
2. Мақсаты: студенттерді жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында иммундыпрофилактиканы ұйымдастыруды және жүргізуді үйрету. Вакциндыпрофилактиканың жетістіктері мен перспективтері туралы ойды қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Жұқпалы аурулардың иммундыпрофилактикасы жөніндегі білімдерін
-
жетілдіру;
-
Вакциналардың иммунологиялық негізін білу;
-
Иммундыпрофилактиканың мақсаты мен маңызын меңгеру;
-
ҚР профилактикалық егу кестесін білу;
-
Егу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Иммундыпрофилактиканың тиімділігін және сапасын бағалаудың әдістерін меңгеру;
-
Вакцинация жүргізу және ұйымдастыру жөніндегі сұрақтарды балалар емханасында зерттеу әдістерін меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Жұқпалы аурулардың түрлі топтарындағы иммундыпрофилактиканың маңызы;
-
Заманауи медициналық иммунобиологиялық препараттардың сипаттамасы;
-
Иммундыбиологиялық препараттардың сапасының критерилері;
-
Медициналық иммундыбиологиялық препараттардың тасымалдану және сақтау жағдайлары;
-
Егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштері;
-
Иммунитет түзудегі иммунизация нұсқасы және техникасы;
-
Егуге реакция және егуден кейінгі асқынулар;
-
Иммунды қабаттың жағдайын бағалаушы әдістер;
-
Иммундыпрофилактика жөнінде медициналық қызметкерлер мен тұлғалардың міндеттері мен құқықтары;
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
3. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.
7. Бақылау (есептер, тесттер):
№1 жағдайлық есеп
Иммунизацияға арналған иммунобиологиялық препараттардың
жарамдылығын анықтау:
№2 жағдайлық есеп
Балалар емханасы деңгейінде «бір қалыпта суық дәрежеде сақтау»-ды бақылауда
алгоритмді құру.
№3 жағдайлық есеп
Педиатрдың қарауында 3 бала болды:
-
бала 3,5 ай, дамуында ауытқулар жоқ, дене қызуы 37,3°С;
-
бала 4 ай, мазасыз, нәжісі күніне 10 рет қоспасыз, табиғи тамақтандырылуда, дене қызуы қалыпты;
-
бала 3ай 21 күн, қан анализінде лейкоциттер.
Педиатр қандай шешім қабылдауы керек:
а) вакцинациялау;
б) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
в) егуге жібермеу туралы құжатты толтырып, қайта тексеру;
г) егуге жібермеу туралы құжатты 3 аптаға толтыру.
№4 жағдайлық есеп
Егу жұмыстарын жүргізу үшін педиатрға 4 бала шақырылды:
-
бала 3 ай 18 күн, дені сау; пәтерде қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болды;
-
бала 5 ай, АКДС вакцинасын 3,5 айлық кезінде алған, 1апта бұрын ЖРВИ мен ауырған;
-
2 жасар бала АКДС вакцинасчын 3,5; 5 және 7 айлық кезінде алған. 1апта бұрын қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болған және гамма-глобулин алған (қызылшаға қарсы егуін алмаған);
-
ребёнок 5 лет из семьи беженцев, прививочный анамнез неизвестен.
Педиатрдың тактикасы:
А) егуді тағайындау;
Б) керекті уақытқа егуге жібермеу туралы құжатты толтыру;
В) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
Г) арнайы иммунитеттің жағдайын бағалу мақсатында зерттеу жүргізу.
Тесттер:
-
Белсенді иммунитет пайда ету ушін қолданылады:
А) бактериофаг
Б) интерферон
В) иммундыглобулин
Г) вирусқа қарсы препараттар
Д) тірі және инактивацияланған вакцина, анатоксин
-
Жасанды белсенді иммунитет пайда ету жолдары:
А) бактериофаг
Б) иммундыглобулиндер
В) тірі вакцина егу
Г) сарысу егу
Д) анатоксин егу
-
Жоспарлы егуді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысады:
А) педиатр, терапевт, бактериолог, иммунолог
Б) терапевт, эпидемиолог, иммунолог, мед. бике
В) педиатр, дәрігер-лаборант, мед. бике, эпидемиолог
Г) педиатр, терапевт, бактериолог, мед. бике
Д) терапевт, кардиолог, иммунолог, медбике
-
Тірі вакциналар...
А) көкжөтел вакцинасы
Б) антирабиялық вакцина
В) БЦЖ
Г) іш сүзегіне қарсы
Д) сальмонеллезді бактериофаг
-
Тірі ивакциналарады дайындауда вакциналық штамдарға қойылатын
талаптар:
а) вируленттілігі мен патогенділінің жоқтығы
б) вируленттілігінің жоқтығы, патогенділілгінің жоғарылығы
в) иммуногенділігінің жоғарылығы
г) антигендердің толық жиыны
д) антиденелердің толық жиыны
-
Инактивацияланған вакциналарды дайындағанда қолданылады:
А) фенол, формалин, хлорды заттар
Б) йод
В) 250С
Г) жоғары қысым
Д) 70% этил спирті
-
Анатоксиндер дегеніміз – бұл ...
А) эндотоксиндер
Б) заласызданған экзотоксиндер
В) экзотоксиндер
Г) залалсызданған эндотоксиндер
Д) әлсіз эндотоксиндер
-
Химиялық вакциналардың құрамы:
А) бактериальды жасушалар
Б) көбінше беткейлік антигендер
В) қоздырғыштардың антигендері
Г) антиген ерітінділері
Д) әлсізденген тірі вирустар
-
Тірі вакциналарды сақтау қажет:
А) мұздатқышта 0+80С-та
Б) термостатта
В) бөлме температурасында
Г) -100С-темпеаратурада
Д) биксте, бөлме температурасында
10. Медициналық мекемеде баланы еккененнен кейін болатын уақыты:
-
10 мин.
-
20 мин.
-
1 сағат
-
30 мин
-
40 мин.
1. Тақырыбы №7: Күлдің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау. Қазақстандағы туберкулездің этиологиясы, эпидемиялық процесінің сипаттамасы және алдын алу мен күресуге қазіргі кездегі көзқарас.
2. Мақсаты: Студенттерге күл және туберкулездің эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теолриялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттердің күл және туберкулез этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру
-
Туберулез және күлдегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру
-
Туберкулез және күлдегі эпидемияға қарсы шаралардың принциптерін меңгеру
-
Туберкулез және күлдің профилактикалық шаралардағы принциптерін меңгеру
-
Туберкулез және күлдің эпидемиялық жиынтығының принциптерін меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Күлдің анықтамасы, этиологиясы
-
Күлдің эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Күлдің берілу механизмі, факторы, берілу жолы
-
Күлдің қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Күлдің эпидемиялық ағымы
-
Күлдің патогенезі, клиникасы
-
Күлдің алдын алу шаралары және күресу шаралары
-
Күлдің эпидемияға қарсы шаралары
-
Туберкулездің анықтамасы, этиологиясы
-
Туберкулездің эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Туберкулездің берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
Туберкулездің қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Туберкулездің эпидемиялық ағымы
-
Туберкулездің патогенезі, клиникасы
-
Туберкулездің алдын алу шаралары және күресу шаралары
-
Туберкулездің эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы туберкулездің заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
2. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.
3. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1.Күл пайда болғанда ... қажет:
-
тез арада госпитализацияға дейін антитоксикалық сарысуды енгізу
б) уақытысында және толық токсигенді штамдарды тасымалдаушыларды
анықтау
в) клиникалық формасына қарамай, науқасты жатқызу қажет
г) ауыр және орташа формасында ауруханаларға жатқызу, жеңіл
клиникалық ағымында – үйде оқшаулау
2. Күлге қарсы егу жүргізудің қажеттілігінің ең алдымен шақырылуы:
-
жоғарғы аурушаңдық
б) жоғарғы өлім көрсеткіштері
в) берілу механизмінің жеңіл реализациясы
г) аурудан үлкен экономикалық жоғалу
3. Қазіргіуақыттағы күлдің эпидемиологиялық белгілерінің инфекциялық көзі болып ... табылады:
-
реконвалесценттер
б) токсигенді штамдарды тасымалдаушылар
в) күлдің типтік формасымен ауырғандар
г) күлдің жасырын формасымен ауырғандар
4. Күлмен күресуде үлкен маңызға ие:
-
уақытысында күлмен ауырғандарды анықтау
б) уақытысында және толық токсигенді штамдарды тасымалдаушыларды
анықтау
в) қорытынды дезинфекция
г) халықтың арасындағы жоспарлы иммунды алдын алу шаралары
5. Күлдің эпидемиялық үдерісінің дамуында күл коринобактерияларын қоректік - биологиялық ортадағы көріністерінің маңыздылығы неде?
-
фаготип
б) токсигенділік
в) биоварлар
г) сероварианттар
6. Күлге қарсы егуді қабылдағаннан кейін, қоздырғыш тасымалдаушы келесі себептермен дамиды:
-
антитоксикалық иммунитеттің түзілуіне қабілетсіздік
б) антитоксикалық иммунитетінің антимикробының жоқ болуы
в) егуден соң ұзақ мерзімінен кейінгі иммунитеттің төмендеуі
д) қазіргі жағдайдағы күл қоздырғышының антимикробты иммунитетінің
жоқ болуы
7. Туберкулездің таралуына қолайлы әлеуметтік факторға жатады:
-
тұрмыстық жағдайы нашар
б) материалдық қамтамасыздандырылмаған
в) төменгі интеллектуалдық деңгейде
г) ретсіз өмір салты
д) жоғарыда аталғандар
8. Туберкулез инфекциясының ошағы ... деп түсінуге болады:
-
КБ бөлетін науқас
б) КБ бөлетін науқастың үйі
в) КБ бөлетін науқастың ортасы
г) жоғарыда аталғандар
9. Манту пробасы мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
-
активті иммунитеттің өндірілуі
б) пассивті иммунитеттің өндірілуі
в) инфицирленген және иммунитет деңгейінің өндірілуі
г) спецификалық иммунотерапия
10. Туберкулин кезінде Манту пробасын енгізеді:
-
тері асты
б) тері ішіне
в) тері үстіне
д) бұлшық етке
Жағдайлық есеп №1
Науқас А, 17 жаста ауруының 3-і күні аурханаға мынадай шағымдармен түсті, әлсіздік, күшінің жоқ болуы, даусының шықпай қалуы, құрғақ дыбыссыз жөтел. Анамнезінде, дене қызуының көтерілуі 37,40 С, келесі күні жөтелі үрмелі және дөрекі. Бір уақытта даусының жоғалуы байқалды. Объективті тексеру кезінде әлсіз эпигастральді аймақтың тартылуы, ішке қарай, әлсіз көкірек клеткасының ішке қарай тартылуы. Аңқасы қалыпты. Өкпеде – бірыңғай құрғақ сырыл. Жүрек соғысының жиілеуі.
-
Диагнозын қойыңыз
-
Тексеру жоспарын құрыңыз
-
Қандай эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет?
Жағдайлық есеп №2
Отбасынды туберкулез ауруымен ағасы ауру. 2 жасар ұлы мен анасы сау.
1. Ағасына қандай ем тағайындалуы қажет?
-
Анасы мен баласына қандай медициналық іс шаралар жүргізіледі?
-
Туберкулез ауруымен қатынаста болғандар қандай диспансерлік топта және қандай уақыт мерзімінде бақылауда болады ?
-
Ауру ошағында жүргізілетін дезинфекция түрлері?
-
Туберкулез ауруымен қатынаста болғандарға химиопрофилактика жүргізудің қажеттілігі?
-
Туберкулез ауруымен қатынаста болғандарға флюрография зерттеулердің жүргізу реттілігі?
-
Туберкулез ауруымен қатынаста болғандарға берілетін кеңес?
1. Тақырыбы №8: Менингококкты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: Студенттерге менингококкты инфекциялардың эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы менингококкты инфекцияның заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттердің менингококкты инфекция этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру
-
Менингококкты инфекция кезіндегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру
-
Менингококкты инфекция кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидаларын меңгеру
-
Менингококкты инфекцияның алдын алу шараларындағы қағидаларын меңгеру
-
Менингококкты инфекцияның эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Менингококкты инфекцияның анықтамасы, этиологиясы
-
Менингококкты инфекцияның эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Менингококкты инфекцияның берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
Менингококкты инфекцияның қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Менингококкты инфекцияның эпидемиялық ағымы
-
Менингококкты инфекцияның патогенезі, клиникасы
-
Менингококкты инфекцияның зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
-
Менингококкты инфекцияның алдын алу және күресу шаралары
-
Менингококкты инфекцияның эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы менингококкты инфекцияның заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Менингококты инфекция инфекцияның қандай тобына жатады?
-
зоонозды
б) қатаң антропоноз
в) антропозооноз
г) тері жамылғыларының инфекциялалры
д) трансмиссивті инфекциялар
2. Адам ағзасында менингококтың негізгі таралу жолы:
а) лимфогенді
б) гематогенді
в) нерв жолдарымен
г) барлығы дұрыс
д) ешқайсысы дұрыс емес
3.Менингококты инфекция кезінде генерализациялық үдеріске алып келетін себептер:
а) иммунды статустың бұзылуы
б) М және G класында иммуноглобулиннің жетіспеуі
в) осы аурудың генетикалық бейімделуі
г) барлығы дұрыс
д) ешқайсысы дұрыс емес
4. Менингококты инфекцияның негізгі берілу механизмі:
а) тұрмыстық қарым-қатынас
б) ауа-тамшылы
в) ауа-шаңды
г) перкутантты
д) фекальді-оральді
5. Менингококцемия кезіндегі паттогномоникалық симптомның болуы:
а) айқын қызба
б) дұрыс емес типті қызба
в) геморрагиялық бөртпе
г) гипостезия
д) гепатоспленомегалия
6. Менингококты инфекциямен ауырады:
а) 4 жасқа дейінгі балалар
б) 5 жастан 14 жасқа дейін
в) 15 жастан 30 жасқа жейін
г) 31 жастан жоғары
д) аталған топтардың барлығы
7. Менингококты инфекияның жайылған формасына аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:
а) менингококцемия
б) менингококты менингиттер
в) менингоэнцефалиттер
г) менингококцемияның іріңді менингитпен араласқан нұсқасы
д) менингокок тасымалдаушы
8. Менингококты менингиттің диагнозын нақтылау үшін қажет:
а) менингококқа мұрын және ауыз қуысынан жұқпа алу
б) менингококқа қанды егу
в) жуан қан тамшысының бактериоскопиясы
г) ликвордың бактериоскопиясы
д) менингококқа ликворды егу
9. Менингококцемияға келесі клиникалық симптомдар тән:
а) жедел аурудың дамуы
б) жоғарғы қызба
в) бас ауру, қалтырау, әлсіздік
г) тері жамылғысында геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы
д) аталғандардың бәрі дұрыс
10. Менингококты инфекция аурушаңдығының күрделенуінің алғашқы
белгілері:
а) үлкендердің және жасөспірімдердің арасындағы аурудың өсуі
б) ұжымдық ұйымдарда менингококты инфекцияның жайылған
формасының санының өсуі
в) менингококты инфекцияның жайылған формасындағы бас ауру,
қалтырау, әлсіздік
г) тері жамылғысында геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы
д) аталғандардың бәрі дұрыс
Жағдайлық есеп №1.
Науқас М., 16 жаста, ГПТУ оқушысы. Ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел басталды, тоңып қалтырау, температурасы 39,20С, басы ауырды. Аспириннің 1 таб. ішкен, 3 рет құсқан. Түскендегі шағымдары: басының бірден ауруы. Жағдайы ауыр. Бозарған, әлсіз, бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,30С, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90, АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Кернинг симптомы екі жағынан оң мәнді.
Қан анализі: эр. – 4,2 х 1012/л , НВ – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л, лейкоциттер 23х1012/л, ЭТЖ – 003-30мм/сағ.
-
Сіздің диагнозыңыз.
-
Тексеру жоспарын құрыңыз.
-
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын құрыңыз.
Жағдайлық есеп №2.
5 жасар бала, бала – бақшада жедел ауырды. Шағымдары: бастың ауруы, дене қызуының 39,5С – қа дейін көтерлу. Құсу байқалды. Қарау кезінде: менингеалды белгілер оң мәнді, теріде жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер бар.
-
Болжам диагноз қойыңыз.
-
Ошақта қандай шараларды жүргізу қажет?
-
Ауруханаға дейінгі көмекті жүргізіңіз.
-
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын құрыңыз.
1. Тақырыбы №9: Қызылша және қызамықтың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: Студенттерге қызылша мен қызамықтың эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қа,идалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы қызылша мен қызамықтың заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттердің қызылша мен қызамық этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру
-
Қызылша мен қызамық кезіндегі эпидемиялық процестің сипаттамасын меңгеру
-
Қызылша мен қызамық кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидаларын меңгеру
-
Қызылша мен қызамықтың профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру
-
Қызылша мен қызамықтың эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Қызылшаның анықтамасы, этиологиясы
-
Қызылшаның эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Қызылша инфекциясының берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
Қызылша инфекциясының қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Қызылшаның эпидемиялық ағымы
-
Қызылшаның патогенезі, клиникасы
-
Қызылша инфекциясының зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
-
Қызылша инфекциясының алдын алу және күресу шаралары
-
Қызылша инфекциясының эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы қызылша инфекциясының заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
-
Қызамықтың анықтамасы, этиологиясы
-
Қызамықтың эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Қызамықтың берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
Қызамықтың қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Қызамықтың эпидемиялық ағымы
-
Қызамықтың патогенезі, клиникасы
-
Қызамықтың зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
-
Қызамықтың алдын алу және күресу шаралары
-
Қызамықтың эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы қызамықтың заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1.Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
2. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.
3. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. 18 жасар студентке «қызылша» диагнозы қойылды. Онымен қатынаста болғандардың ішінде медициналық бақылаудан өткізілуі керек...
а) ата-анасы (қызылшамен балалық шағында ауырған)
б) інісі 5 жаста, қызылшаға қарсы егілген, қызылшамен ауырмаған
в) іңлісі 3 жаста, қызылшамен ауырмаған, медициналық көрсеткіштерге
қарағанда егілмеген
г) топ студенттері
2. Жедел дизентерияның ауыр формасымен ауруханаға түскен 2 жасар балада 5-ші күні қызылша анықталған. Баланы қайда орналастыру керек?
а) мельцер боксына емдеу үшін көшіру қажет
б) сол палата қалдырып емді жалғастыру қажет
в) сол бөлімшенің жеке палатасына көшіру
г) үйге шығарып, жеке қарау
д) сол бөлімшенің жартылай боксына көшіру
3.5 жасар бала, кенеттен ауырып , температурасы 38,50С дейін көтерілген, жөтел, мұрнынан көп көлемді шырышты бөлінділер бөлінген. Көз конъюктивасы қызарған, жарықтан қорқу байқалады. Қарағанда: беті ісіңкі, ауыз қуысында өте майда папулалар, айналасы қызарған.
Қандай тексерулерден кейін болжам диагноз қойылады?
а) ИФА IgM қызылша қоздырғышы анықталған
б) қанның жалпы анализі
в) ИФА IgG герпес қоздырғышы анықталған
г) ИФА IgG қызылша қоздырғышы анықталған
д) ИФА IgM қызамық қоздырғышы анықталған
4. Қызамық кезінде перифериялық қанда болады...
а) лейкопеноия, салыстырмалы
лимфоцитоз, плазматикалық клетка (10-30% дейін)
б) анемия
в) агранулоцитоз
г) лейкоцитоз
д) ЭТЖ-ң жоғарылауы
5. 1 жасар сәби. Ауыруы дене қызуының көтерілуімен 37,50С, жөтел және мұрынның бітелуімен басталды. Қарағанда: денесінің барлық бөлімінде майда дақты бөртпелер анықталды, конъктивит, мойнының артқы лимфатүйіндерінің ұлғаюы байқалады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
а) қызамық
б) желшешек
в) қызылша
г) псевдотуберкулез
д) жәншау
6. Науқас кенеттен ауырып, дене қызуының 380С көтерілуі және катаральді белгілер пайда болуымен басталды. Науқастың түрі: беті ісіңкі, біржақты конъюктивит. Ауыз қуысында миндалиннің ұлғаюы, жұмсақ таңдайдың қызаруы, шырышты ұртта Филатов-Коплик белгілері анықталған. Аталғандардың ішінде қайсы диагноз нақты болуы мүмкін:
а) қызылша
б) желшешек
в) тұмау
г) аденовирусты инфекция
д) менингококты инфекция
7.Қызылша кезінде инкубациялық ағымның ұзақтығы:
а) 21 күнге дейін
б) 18-20 күн
в) 10-21 күн
г) 21 күннен жоғары
д) 5-10 күн
8. қызылшаның анықтамасына ... кіреді:
а) жедел инфекциялық ауру, қызбамен, жоғарғы тыныс жолдарының және шырышты қабықтардың бөртпесіз сипатталуы
б) созылмалы жұқпалы ауру, қызбамен, улану белгілерімен, дақты папулезді бөртпелермен сипатталады
в) инфекциялық емес ауру
г) жедел инфекциялық ауру, ауыр уланумен және везикулезді-пустулезді бөртпелердің дамуымен сипатталады
д) жедел инфекциялық ауру, уланумен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен дақты –папулезді бөртпелердің пайда болуымен сипатталады
9. Қызылша кезінде инфекция тасымалдаушы:
а) қызылшаның тек манифест формасымен ауырған науқас
б) науқас, вирустасымалдаушы
в) қызылшаның манифест немесе инаппаратты формасымен ауырған
науқас
г) туа пайда болған қызылшамен және қоздырғыш тасымалдаушымен жаңа туған сәби
д) субклиникалық формамен және қоздырғыш тасымалдаушы науқас
10. Қызамық қоздырғышының кіру жолы:
а) ауыз қуысының шырышты қабықтары
б) жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары
в) ағзаның тері жамылғысының бұзылуы
г) жоғарғы тыныс жолдарының және ауыз қуысының шырышты қабықтары
д) ауыз қуысының шырышты қабықтары және тері жамылғысының бұзылуы
Жағдайлық есеп №1.
Отбасында бала-бақшаға баратын 3 және 6 жастағы балалар бар. Үлкен баласы ауырып қалған. Ауруы жедел құрғақ жөтелмен, дауыс сырылымен, дене қызуының 38,70С көтерілуімен басталған. Жарықтан қорқу, қабақтың ісуі, бетте дақты-папулезді бөртпелер, шырышты ұртта энантема анықталған.
-
Диагнозын қойыңыз.
-
Тексеру жоспарын құрыңыз.
-
Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
Жағдайлық есеп №2.
Аймақтық дәрігердің қарауында 3 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының көтерлуі, әлсіздік. Қарап тексергенде арқаның, аяқ-қолдардың жазғыш беткейлерінің өзгермеген терісінде ұсақ дақты бөртпе, мойынның артқы және шүйде лимфа бездерінің үлкейгендігі байқалды.
1.Қандай диагноз қоюға болады?
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
1.Тақырыбы №10: Желшешекті және эпидемиялық паротиттің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру өағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау. Көкжөтелдің және паракөкжөтелдің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау
2.Мақсаты: Студенттерге желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы желшешек және эпидемиялық паротиттің заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру. Студенттерге көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы көкжөтел және қоскөкжөтелдің заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттердің желшешек және эпидемиялық паротит этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру
-
Желшешек және эпидемиялық паротит кезіндегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру
-
Желшешек және эпидемиялық паротит кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары меңгеру
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.
-
Студенттердің көкжөтел және қоскөкжөтел этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру
-
Көкжөтел және қоскөкжөтел кезіндегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру
-
Көкжөтел және қоскөкжөтел кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидаларын меңгеру
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің анықтамасы, этиологиясы
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
желшешек және эпидемиялық паротиттің қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиялық ағымы
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің патогенезі, клиникасы
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің алдын алу және күресу шаралары
-
Желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы желшешек және эпидемиялық паротиттің заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің анықтамасы, этиологиясы
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиологиясы, инфекция көзі
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің қабылдағыштығы мен иммунитеті
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиялық ағымы
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің патогенезі, клиникасы
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің алдын алу және күресу шаралары
-
Көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемияға қарсы шаралары
-
Қазақстандағы көкжөтел және қоскөкжөтелдің заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Желшешектің инкубациялық кезеңінің ұзақтығы...?
а) 5 күн
б) 7 күн
в) 10 күн
г) 14 күн
2. Желшешектің жұғу кезеңінің ұзақтығы:
а) инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен соңғы бөртпелердің пайда болуының 5-ші күніне дейін
б) инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен бөртпелердің пайда болуының 5-ші күніне дейін
в) инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен соңғы бөртпелердің пайда болуы
г) инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен қабыршақтарының түсуіне дейін
3. Желшешек ошағында қорытынды инфекция жүргізіледі:
а) жүргізілмейді
б) үнемі жүргізіледі
в) эпидемиологиялық көрсеткіштері бар науқасты госпитализациялау жағдайында жүргізіледі
г) декреттелген топтағы ошақтарда жүргізіледі
4. Көкжөтелмен ауырған нуқасты қалай оқшаулау дұрыс?
а) тек продромальді кезеңде
б) спазматикалық жөтел кезеңінде
в) инкубациялық кезеңнің соңында, продромальді кезеңде
г) клиникалық және эпидемиялық көрсеткіштері бар стационарда
5.Көкжөтелдің зертханалық диагностикадағы сезімталдық және арнайы әдістері:
а) бактериологиялық
б) бактериоскопиялық
в) ПТР
г) серологиялық
6. Көкжөтел ошағында жүргізіледі:
а) толық көлемдегі ағымды дезинфекция
б) қорытынды дезинфекция
в) тек ылғалды жинастыру және желдету
г) аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес
7. Көкжөтл кезінде жедел алдын алу шаралары жүргізіледі:
а) қалыпты иммуноглобулин енгізу
б) көкжөтелге қарсы спецификалық иммуноглобулин енгізу
в) АКДС вакцинасын енгізу
г) жүргізілмейді
8. Эпидемиялық паротит ... жатады:
а) антропоноздар
б) зооноздар
в) антропозоноздар
г) терапиялық аурулар
д) сопроноздар
9. Эпидемиялық паротитті қорытындылау үшін мына әдістер қолданылады:
а) вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық
б) вирусологиялық
в) бактериологиялық
г) аллергиялық
д) рентгенологиялық
10. Эпидемиялық паротит әйелдер мен қыздарда ... шақырылады:
а) оофорит, мастит, бартолинит
б) пиелонефрит, отит
в) диарея, пневмония
г) экзема, ангина
д) менингит, анемия
Жағдайлық есеп №1
10 жасар бала, әлсіздікке, басының ауруына, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне, бір жақ құлақ маңының ауырып ісінуіне шағымданады. Ауырғанына 1 күн болған.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
Жағдайлық есеп №2
5 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты
емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы
қалыпты,букіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс,
Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші:
белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
1. Тақырыбы №11: Іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасын, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау туралы теориялық білімдерін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге іш сүзегі, А және В парасүзектерінің эпидемиялық процесінің, даму механизмі туралы білімін жетілдіру
-
Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидаларын үйрету
-
Іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің эпидемиологиялық қадағалау негіздерін үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Іш сүзегінің, А және В парасүзек қоздырғышының сипаттамасы
-
Адам ағзасындағы эпидемиялық процестің даму механизмі, жасырын кезеңі
-
Эпидемиялық процесстің белгілері, таралуы, аурушаңдық құрылымы, маусымдық кезеңі
-
Эпидемияға қарсы іс-шаралар, ошақты дезинфекциялау
-
Арнайы алдын-алу жолдары, шұғыл алдын-алу жолдары
-
Ошақта эпидемияға қарсы шаралар
-
Ошақты эпидемиологиялық қадағалау
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастар курациясы, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Іш сүзегінің қоздырғыш көзі
а) Ауру адам
б) Бактериялар
в) Үй жануарлары
г) Насекомдар
д) Жазылу сатысы
2. Іш сүзегінің қоздырғышы болып табылады
а) грам теріс таяқшалар
б) грам оң таяқшалар
в) спорлық таяқшылар
г) салтионелла typhus ahdominalis
д) вирус
3. Іш сүзегің жоғарын кезеңі
а) 7 күнен 25 күн
б) бірнеше сағат
в) 7 күн
г) бірнеше ай
д) бірнеше күн
4. Іш сезіндей зертханалық диагностика аламыз
а) қаң
б) қақырық
в) өт
г) дәр
д) нәжіс
5. Тамақ қалдығына жүргізілетін дизинфекция
а) 1% хорамин ертіндісі
б) 0,5 хлорамин ертіндісі
в) жүргізілмейді
г) 5% мезгіл ертіндісімен
д) құрғақ хлор ертіндісінің тамақ қалдығына жүргізілетін тамақ қалдығына 1-5х қатынасы құрғақ хлорамин ертіндісі
6. Іш сүзегіні негізгі патогенезі
а) интоксикация
б) жүрек қан тамыр жүйесінің зақымдалуы
в) тыныс алу жүйесініңзақымдалуы
г) жеңішке ішектің лимфатикалық аппаратының зақымдалуы
д) орталық жүйке жүйесінің зақыдалуы
7. Сүзек – парасүзекті аурумен ауырған науқастар ауруханадан шығару қағазы беріледі:
а) толық клиникалық сауығудан кейін
б) темпераура қалыпты болған соң 7-10 күннен кейін
в) температура қалыпты мезеттен 2 күннен соң
г) температура қалыпты болғаннан бастап күннен кейін
д) температура қалыпты болған күннен бастап, 21 күннен соң
8. Сүзек – парасүзекті ауруды жанасу ойлағанда зерттейміз
а) 7 күн
б) 21 күн
в) 14 күн
г) 2 ай
д) 6 күн
9. Сүзек – парасүзекті аурумен ауырған науқасты шығару алдында зерттейміз
а) нәжіс
б) қан
в) кесек
г) өт
д) тек қан, нәжіс
10. Іш сузегін емдеу үшін қолданатын антибактериальды препаратты атап өтіңіз
1. суда шаю и кептіру
2. 1 сағатқа дезинфектант ертіндісіне жүктеп, кейінен шайып және кептіру
3. 1 сағатқа дезинфектант ертіндісіне салу
4. суда шаю
5. кептіру
Жағдайлық есеп №1
Р. азаматтың 7 адамнан тұратын жанұясында бір апта ішінде 3 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар 10, 12, 14 жаста.
Шағымдары: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, тамаққа тәбеттің болмауы, дене қызуы -38-390С. Аурулар ауруханаға жатқызылған, диагноз «іш сүзегі» - деп қойылған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл жанұяның сүтті бір сатушыдан сатып алатыны анықталған. Сүт сатушыны тексергенде іш сүзегінің қоздырғыштары табылған, фаготиптері ауырған балалардың фаготиптерімен бірдей.
Жұқпа көзін, таралу жолдарын анықтау. Алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Жағдайлық есеп №2
Жұқпалы аурулар ауруханасына «іш сүзегі» диагнозымен ауру адам жатқызылған. Науқас асханада аспазшы болып жұмыс істейді. Жанұясында 4 адам бар. Суды даладағы су құбырынан алады. Әйелі – бала бақшада тәрбиеші. Баласы – колледж студенті. Қызы - мектеп оқушысы.
Эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау.
Жағдайлық есеп №3
Үлкен қаланың бір аймағында соңғы айда 5 паратиф ауруы анықталған.
Ауырғандар түрлі үйлерде тұрады, үйлерінде тамақтанады, сапалы сумен қамтамасыз етілген.
Эпидемиологиялық тексеру барысында барлық ауырғандардың бір адамнан сүт сатып алғаны анықталған: Сүт сатушы адам қалаға жақын ауылда тұрады, 16 жыл бұрын парасүзек ауруымен ауырған.
Жұқпа көзін анықтау. Індетке қарсы шараларды жоспарлау.
1. Тақырыбы №12: Шигеллездардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау. Эшерихиоздардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің шигеллездардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау, эшерихиоздардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы білімдерін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге шигеллездардың, эшерихиоздардың этиологиясы туралы білімдерін жетілдіру
-
Эпидемиялық процестің сипаттамасын үйрету
-
Шигеллез және эшерихиоздардың алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары туралы үйрету
-
Эпидемиологиялық қадағалау және оның мақсаты
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Шигеллез және эшерихиоз қоздырғыштарының сипаттамасы, ерекшеліктері
-
Адам ағзасындағы эпидемиялық процестің даму механизмі, жасырын кезеңі
-
Эпидемиялық процестің көрінісі және даму механизмі, маусымдық кезеңдері, эпидемияның түрлері, эпидемияның себептері
-
Эпидемияға қарсы іс-шаралар (әлеуметтік сипаты бар санитарлық-гигиеналық шаралар) және т.б.
-
Эпидемиологиялық қадағалау, аурушаңдықтың динамикасы, құрылымы және деңгейі
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
1. Инфекция көзі:
а. үй жануарлары, жәндіктері
б. ауру адам
в. бактерия тасымалдаушы
г. кәләміш
д. құстар
2. Ең көп берілетін жол:
а. тұрмыстық
б. ас тағам
в. су
г. топырақ арқылы
д. шыбын шіркей
3. Қоздырғыштар:
а. кенелі таяқшалар
б. иерсиний
в. энтеропатогендік ішек таяқшалары
г. кокки
д. энтерококки
4. Инкубациялық кезең:
а. 1-6 күн
б. 30 күн
в. 1-2 сағаттан 4 тәулікке дейін
г. ай
д. 1 жыл
5. Бұл инфекция патологиялық процесспен таралады:
а. аш ішекте
б. тоқ ішекте
в. бауырда
г. ішектің лимфатикалық түйіндерінде
д. ішекте
6. Бұл инфекция нәжісте анықталады:
а. жиі
б. сасық
в. қан арқылы
г. иіссіз
д. көпіршікті
7. Іштегі ауырсыну орналасады:
а. сол мықын аймағы
б. оң мықын аймағы
в. іштің барлығы
г. оң қабырға астында
д. тоқ ішек жолы бойынша
8. Тексеруге аламыз:
а. нәжіс
б. зәр
в. өт
г. асқазан жуындысы
д. серологиялық қан
9. Қатынастағы адамдарды бақылаймыз:
а. 7 күн
б. бақыламаймыз
в. 30 күн
г. 6 ай
д. 5 күн
10. Инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар:
а. дезинфекция
б. дезинсекция
в. дератизация
г. қатынастағы адамдарды анықтау
д. қатынастағыларды бақылау
Жағдайлық есеп №1
5 жастағы балаға өткір дизентерия диагнозы қойылған, бала бақшаға бармайды. Жанұясы 4 адамнан тұрады, 2 жасар інісі бала бақшаға барады, анасы сыра сатушы, әкесі-заводта жұмысшы. Жанұя 3 бөлмелі пәтерде тұрады, оның бір бөлмесінде басқа жанұя тұрады, олардың 2 жасар бөбектер тобына баратын баласы 4 ай бұрын іші жиі өтіп ауырған, 2 айдан кейін қайтадан іші өткен.
Достарыңызбен бөлісу: |