ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет5/6
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159058
1   2   3   4   5   6

Жағдайлық есеп

Науқас Б., 35 жаста, үй шаруасындағы, ауылда тұрады. Бір апта бұрын үйінде мал союға қатысқан. 4 күн бұрын оң жақ иық аймағында көпіршік пайда болған, науқас қасыған, күннің соңында айналасында кішкене ісік пайда болған. Келесі күні ісік үлкейе бастаған. 3-ші күннің соңында сұр қабыршақ пайда болған. Дене қызуы 38,50С, әлсіздік, бас ауруы. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған, тілі ақ жабындымен жабылған. Оң жақ иықбөлігі түгелдей ісінген. Иықтың ортаңғы 3/1 ішкі қабатында қара тығыз струп көлемі 1,5 см айналасы көпіршікті, серозды жабындымен жабылған. Пальпациялағанда ауырсынулы. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндерінің көлемі орман жаңғағындай, пальпация кезінде сезімтал. Басқа ішкі органдар өзгеріссіз. Дәреті қалыпты. Науқасқа мынадай диагноз қойылды: «Сібір күйдіргісі, терілік түрі ауыр формасы.



1.Тақырыбы №19: Құтырудың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2.Мақсаты: Құтырудың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Құтыру кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипаттамасын, этиолгиясын студенттерге қалыптастыру

  • Құтыру эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру принциптерін меңгеру

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргзуде дағды ларды қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Құтырудың сипаттамасы

    • Эпидемиялық процестің сипаттамасы, аурушаңдық

    • Құтырудың маусымдылығы

    • Құтырудың берілу механизмі

    • Құтырудың клиникасы, патогенезі

    • Құтыру ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар

    • Құтыру кезінде шұғыл немесе алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):



Сұрақтар:

1. Құтырудың эпидемиялық процесіне сипаттама

2. Құтырудың патогенезі, клиникасы

3.Құтыру кезіндегі эпидемиялық процесс және эпизоотиясының заманауи ерекшелігі

4. Құтыру кезіндегі аурудың уақытта, аумақта, халық топтарының арасында таралу ерекшелігі

5. Құтыру кезіндегі эпидемиологиялық қадағалаудың жалпы қағидалары.

6. Құтырумен күресудегі және алдын алу үшін жүргізілетін шараларды негіздейтін құжаттар

Тесттер:

1. Құтырудан тазарған ел:

а) Ұлыбритания

б) АҚШ


в) Россия

г) Түркменстан

2.Бабеш –Негри денешіктері:

а) ОЖЖ анықталады

б) жарақаттанған тіннен анықталады

в) бауырдан анықталады

г) талақтан анықталады

3.Құтырудың инфекция көзі:



  1. ит

б) түлкі

в) қасқыр

г) кене

4. Антирабиялық егулер жүргізіледі:



| травматологиялық бекетте

| СЭҚБ жұмысшылары

| балалар емханасының егу кабинетінде

| ауылдық емханалық амбулаторияларда

| ЖАА қабылдау бөлімінде

5. КАВ (культуральді антирабиялық вакцина) толық курсы келесі мерзімде

енгізіледі:

| 0,3,7,14,30,90 күн

| 0,1,4,7,10,14 күн

| 0,4,10,20,40,90 күн

| 0,5,10,15,20,30 күн

| 0,10,20,30,40,60 күн

6. Антирабиялық егулердің шартсыз курсы келесі жағдайда жүргізіледі:

| белгісіз жануарлардың тістеуі мен жаралауы

| тістеген ит ветеринарлық қадағалауда болғанда

| белгісіз сау ит тістеген жүкті әйел

| егілген иттің тістеуі

| көрші белгілі иттің тістеуі

7. Құтырудың адам үшін маңызды қоздырғыш көздері болып табылады:

| иттер


| қасқырлар

| мысықтар

| түлкілер

| кеміргіштер

8. Құтырудың негізгі шаралары:

| қаңғыбас жануарлармен күресу

| малшаруашылығындағы малдарды жою

| мал тұратын жерді дератизация жасау

| мал тұратын жерді дезинсекция жасау

| тұрғындар арасындағы сантарлық ағарту жұмыстары

9. Құтырудың жасырын кезеңі:

| 10 күннен 1жылға дейін

| бірнеше сағат

| 35 күн


| 7 күннен 3 жылға дейін

| 7-8 жыл



1. Тақырыбы №20: Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алуға қазіргі кездегі әдістемелік көзқарас. АИВ-инфекциясының этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, Қазақстанда және әлемде АИВ-инфекциясының таралуын ескертудің ұйымдастырушылық қағидалары.

2. Мақсаты: Студенттерге қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) этиологиясын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, алдын алуға қазіргі кездегі әдістемелік көзқарасын және АИВ-инфекциясының этиологиясын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, Қазақстанда және әлемде АИВ-инфекциясының таралуын ескертудің ұйымдастырушылық қағидаларын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

    • Студенттерге қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен

берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) этиологиясын,

эпидемиялық процестің сипаттамасын, алдын алуға қазіргі кездегі

әдістемелік көзқарасын қалыптастыру


  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттер (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ инфекциясының эпидемияға қарсы шараларының организациялық қағидаларын меңгеру

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ-инфекцияларының эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ- инфекцияларының алдын алу және эпидемияға қарсы шараларын жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ-инфекцияларының сипаттамасы

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ-инфекцияларының эпидемиологиясы және инфекция көзі

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ- инфекцияларының берілу механизмі

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ- инфекцияларының қабылдағыштығы және иммунитеті

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ- инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктері

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ-инфекцияларының патогенезі, клиникасы, алдын алу шаралары және күлге қарсы күрес

  • Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) және АИВ-инфекцияларының эпидемияға қарсы шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Вирусты гепатит кезінде инфекция көзі болып … табылады:


а) адам
б) ауылшаруашылық жануарлар
в) адам және жануарлар
г) кеміргіштер
д) буынаяқты қансорғыштар

2. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

а) ВГД берілу механизмі фекальді-оральді
б) ВГС берілу механизмі ВГВ-ға жақын
в) вирусты гепатит Е созылмалы тасымалдаушысы үлкен эпидемиологиялық қауіпке ие
г) гепатит Е негізгі берілу жолы - парентеральді

д) С және Е вирусты гепатиттері кеңінен таралған гепатит түрлері болып табылады

3. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

а) кездейсоқ жағдайларда ВГ инфекция көзі жануарлар болып табылады


б) ВГ жеке инфекция көзі болып адам табылады
в) А және Е гепатиттерінің берілу жолы жыныстық жолмен
г) А гепатитінің көзі аурудың жедел формасымен ауыратын науқастар және созылмалы вирус тасымалдаушылары болып табылады
д) В және С гепатитімен ауырған адамдарда 1 жылға дейін жұғу қаупі сақталады

4. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

а) ВГВ вирусы ағзада ұзақ персистенттеуге бейім
б) ВГС

вирусы ағзадан тезшығады


в) ВГ қоздырғышын инфицирлеу жиі аурудың клиникалық айқын формасына әкеледі
г) ВГД қоздырғышы суда, тағамдық өнімдерде, түрлі заттарда анықталады
д) ВГЕ қоздырғыштары жиі созылмалы симптомсыз инфекцияларды шақырады

5. Дұрыс жауабын белгілеңіз.


Вирусты гепатит кезінде:
а) ВГВ кезінде сарғаю алды кезеңі 3 күнге созылады
б) ВГС-ға аурудың циклдық ағымы тән
в) аурудың ағымдық ауырлығы билиарлық жүйенің бұзылуымен негізделеді
г) ВГВ-ға жоғарғы қызба тән
д) ВГА басым бөлігі сарғаюыз формасында өтеді

6. Дұрыс жауабын белгілеңіз.


Жасырын кезең:
а) В вирусты гепатиті кезінде 5 аптаға жетуі мүмкін
б) вирусты А гепатит кезінде 50 күннен аспайды
в) вирусты гепатит Е-ге созылмалы түрі тән
г) вирусты гепатит С кезінде 1 айдан 3 айға дейін ұзаруы мүмкін
д) вируснты гепатит Д кезінде ұзаруы жағынан гепатиту Е-ге жақын

7. Вирусты гепатит кезінде дұрыс жауабын белгілеңіз:


а) гепатит В кезінде диспепсиялық синдром тән
б) В вирусты гепатитіне айқын қышу тән
в) гепатит Е-ге грипп тәрізді синдром тән
г) вирусты гепатит А кезінде жиі артралгия байқалады
8. АИВ–бұл

а) оппортунистік инфекция

б) АИВ-инфекциясының синонимі

в) ауру сатысы

г) өздігінен дамитын аурулар

9. АИВ-инфекция – бұл:

а) сапроноз

б) антропоноз

в) зооноз

г) зооантропоноз

10. АИВ-инфицирленген адам инфекция көзі болып табылады:

а) айқын клиниакалық кезеңде

б) терминалды сатысы

в) симптомсыз инфекция сатысы

г) өмірлік

Жағдайлық есеп

Ер кісі, 21 жаста қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні мынадай шағымдармен түсті: әлсіздік, оң қабырғысының ауырсынуы, басының ауруы, тәбетінің болмауы, жүрегінің айнуы, зәрінің күңгірттенуі, тері жамылғысының сарғаюы. Зәрінің күңгірттенуі 3-ші күні пайда болды, сарғаю ауруының 4-ші күні пайда болды. Жанұяда барлығының дені сау. Науқасты қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы, склерасы аздап сарғайған. Бауыр 3см оң қабырға доғасынан шығып жатыр, көкбауыр шетінде. Перифериялық қанда: лейк-6700; таяқша – 6%, сегмент – 40%, лимф – 42%, мон -12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тікелей – 97 мкмоль/л,АлАТ – 1,1 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз?



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?



1.Тақырыбы №21: Ауруханаішілік инфекциялар. Госпиталды инфекциялардың этиологиясы. Госпиталды инфекцияларды алдын алудың және эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі бағыттары.

2. Мақсаты: Студенттерге ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шаралары мен эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестердің сипаттамасын, негізгі теориялық этиологиясын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге ауруханаішілік инфекциясының этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемияға қарсы шараларының организациялық қағидаларын меңгеру

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемиялық жиынтығын және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Ауруханаішілік инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шараларын жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Ауруханаішілік инфекциясы кезінде этиологияның сипаттамасы

  • Ауруханаішілік инфекциясының инфекция көзі, эпидемиологиясы

  • Ауруханаішілік инфекциясының берілу механизмі, факторы және берілу жолы

  • Ауруханаішілік инфекциясының қабылдағыштығы және иммунитеті

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемиялық ерекшеліктері

  • Ауруханаішілік инфекциясының патогенезі, клиникасы, алдын алу шаралары және күлге қарсы күрес

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемияға қарсы шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. АІИ қоздырғышының тағамдық берілу жолының жүзеге асуы:

а) залалсыздандырылмаған инструменттерді қолданған кезде

б) науқас күтіміндегі заттар арқылы

в) тағамдық өнімдер жұмысының бұзылуы

г) кондиционерлерді қолданған кезде

д) контаминирленген су арқылы

2. АІИ-ң жасанды берілу механизмі:

а) нәжіс-ауыздық

б) емдік және диагностикалық манипуляциялар

в) аспирациялық

г) вертикальды

д) трансмиссивті

3.АІИ өсу мынадан басқа өсу себептері:

1) жатқызылған науқастар санының көбеюі

2) ірі көп профильді аурухана комплексінің құрылуы

3) антибиотиктердің кең қолданылуы

4) госпитальды штамдардың түзілуі

5) қауіп тобындағынауқастар санының көбеюі

6) бір реттік медициналық манипуляциялардың пайдалануы

а) 1,6

б) 3,4,5


в) 1,2

г) 6


д) 1,4,5

4. АІИ-ға жатады:

1) түрлі клиникалық жұқпалы аурулар стационардағы науқастардың келуі

2) жұқпалы аурулар емханаға науқастар қорытындысын білуге келуі

(емдік стоматологиялық кабинет)

3) медициналық қызметерлердің түрлі жұқпалы аурулары

4) ЕПҰ жұмысы кезінде пайда болған медицина қызметкерлерінің жұқпалы аурулары

5) зоонозды түрлі жұқпалы аурулар, жұқпалы ауруханадан шығару көшірмесі

а) 1,3,5

б) 1,2,4

в) 1,4

г) 4


д) 2,3,5

5. АІИ-ң қоздырғыштарының госпитальды штамына тән белгілер:

1) фагорезистенттілік

2) фагосезімталдық

3) антибиотикке резистенттілік

4) антибиотикке сезімталдық

5) дезинфектанттарға тұрақтылық

6) сыртқы ортадағы жайсыз факторларға әсер ету тұрақтылығы

а) 1,3,5,6

б) 1,2,3,6

в) 1,2,4,6

г) 4,5,6

д) 2,6

6. АІИ жұғуы кезінде қандай қоздырғыштар ауа-шаң арқылы берілуі мүмкін



1) АИВ

2) легионеллалар

3) сальмонеллалар

4) стафилококтар

5) пневмоцисттер

а) 2,3,5

б) 3,4,5

в) 1,3,5

г) 2,3,4

д) 3,5


7.АІИ қауіп факторы болып табылады:

1. госпитализацияның ұзақтығы

2. госпитализацияланған науқастардың жынысы

3. науқастың жасы

4. инструменттердің саны

5. қосымша аурулардың саны

6. ұзақ антибиотикотерапия

а) 1,3,4,5,6

б) 1,2,4,6

в) 1,2,4,5,6

г) 1,3,5,6

д) 1,2


8.Залалсыздандыруға медициналық өнімдер және инструменттер тиіс:

1. жара қабаттарымен жанасқан

2. қанмен байланысқан

3. инъекционды препараттармен жанасқан

4. шырышты қабықтармен жанасқан

5. Тонометр және фонендоскоп

а) 1,3,4,5

б) 1,2,3, 4

в) 1,2

г) 1,3,5



д) 1,2,3,4,59.

9. ЕПҰ-да дезинфекциялық және стерилизациялық шаралар жүргізіледі:

1. химиялық әдіспен

2. бактериологиялық әдіспен

3. визуальды

4. физикалық әдіспен

а) 1,3,4

б) 3, 4


в) 1,2

г) 1,2,3,4

д) 1,2,3

10.Манипуляция және шаралар АІИ жұғуына потенциальды қауіпті:

1) оперативті ену

2) инъекция

3) қуық безінің катетеризациясы

4) гастроскопия

5) өкпенің жасанды вентиляциясы

6) омыртқа бел бөлімінің электрофорезі

7) инемен егу

а) 1,2,3,4,5,7

б) 1,2,3,4,6,7

в)2,3,5,6,7

г) 4,5,6,7

д) 1,2


Жағдайлық есеп

Балалар бөлімінде 3 жасар балада қызылша анықталған. Қатынаста болған балаларда уақытысында егілген қызылшаға қарсы егу бар. Бұл жадайда қарым-қатынаста болғандарға қандай шаралар қолдану керек?



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?


1. Тақырыбы №22: Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың таралуынан және енуінен еліміздің аймағын санитарлық қорғауды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезінде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2. Мақсаты: Студенттерге карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың алдын алу шаралары мен эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процесстің сипаттамасын, негізгі теориялық этиологиясын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемияға қарсы шараларының организациялық қағидаларын меңгеру

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемиялық жиынтығын және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және эпидемияға қарсы шараларын жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық бақылау қағидаларын қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың этиологиясының сипаттамасы

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың инфекция көзі, эпидемиологиясы

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың берілу механизмі, факторы және берілу жолы

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың қабылдағыштығы және иммунитеті

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемиялық ерекшеліктері

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың патогенезі, клиникасы, алдын алу шаралары және күлге қарсы күрес

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемияға қарсы шаралары

  • Карантинді және басқа да аса қауіпті инфекциялардағы жедел шаралар және алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
7. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Түйнеменің жиі кездесетін түрі:

а) септикалық

б) өкпелік

в) ішектік

г) терілік

2. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Тырысқақ кезінде:
а) үй жануарлары инфекция көзі болуы мүмкін
б) айналасындағы ортада үлкен және кіші дәретпен ажыратылады

в) су негізгі берілу факторы болып табылады


г) күзгі-көктемгі маусымдылық
д) аурудың қайталамалы жағдайларыжиі

3. Дұрыс жауабын көрсетіңіз. Тырысқақ кезінде:


а) жеңіл және жасырын формалы аурумен ауырған науқастар эпидемиологиялық қауіп тудырады
б) берілу жолы ауа-тамшылы
в) инфекцияға қабылдағғыштық жоғары емес
г) жиі созылмалы вибротасымалдаушылық қалыптасады
д) иммунитет өндірілмейді

4. Түйнеменің қандай клиникалық формасы әрдайым инфекциялық процестің генерализациясымен өтеді?

а) терілік

б) септикалық

5. БСГҚ-ң алғашқы симптомдарын көрсетіңіз:

а) дене қызуының жоғарылауы

б) бас ауру

в) бет гиперемиясы

г) тері қабаттарының бозғылттылығы

д) петехиальды бөртпе

6. Қандай геморрагиялық қызба кезінде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамиды?

а) қырымдық

б) омскілік

в) БСГҚ


7. Қандй патологиялық процестер БСГҚ-ға тән?

а) вирусемия

б) тыныс алу жолының шырышты қабаттарының бұзылуы

в) қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы

г) бүйректің зақымдалуы

д) бүйрек үстінің, гипофиздің зақымдалуы

8.Обаның бубонды формасына тән...

а) айқын интоксикация

б) ауырсынусыз бубон

в) геморрагия

г) бет гиперемиясы

д) откір бубонды ауру

9. ҚҚГҚ алғашқы кезеңінің типтік симптомы:

а) геморрагия

б) гиперемия және бет ісінуі

в) тері қабаттарының бозғылттануы

г) жағарғы қызба

д) көру қабілетінің бұзылуы

10.Оба терапиясындағыантибактериальды өнімдер:

а) стрептомицин

б) пенициллин

в) тетрациклин

г) оксациллин

д) аминогликозид



Жағдайлық есеп

Ер кісі, 35 жаста, жедел ауырды. 3 күн бұрын дене қызуының жоғарылауы, шап аймағының оң жағында ауырсыну және ісіну пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр, дене қызуы 400С, тілі қалың ақ жабындыменқапталған, ерні құрғақ, беті және конъюктиві гиперемирленген, қоздырылған. Тері асты қабаттарының айналасындағы лимфатүйіндерінің ұлғаюы, қозғалыссыз, терісі қатайған және қызарған, пальпация кезінде ауырсынулы. Эпид. анамнез: мал сойысына қатысқан. Тағы екі адам ауырған.



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?



1. Тақырыбы №23: Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы. геогельминтоздардың даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және күресу қағидалары (аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, стронгилоидоз). Биогельминтоздар. Жалпы сипаттамасы. биогельминтоздардың даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, күресу қағидалары және алдын алу (тениоз, тениаринхоз, эхинококкоз, описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез). Жанасу гельминтоздары. Жанасу гельминтоздарының даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, күресу қағидалары және алдын алу (энтеробиоз, гименолепидоз).

2.Мақсаты: студенттердің гельминтоздардың жалпы сипаттамасы. геогельминтоздардың даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және күресу қағидалары (аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, стронгилоидоз), биогельминтоздар. Жалпы сипаттамасы. биогельминтоздардың даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, күресу қағидалары және алдын алу (тениоз, тениаринхоз, эхинококкоз, описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез), жанасу гельминтоздары. Жанасу гельминтоздарының даму циклінің ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы, күресу қағидалары және алдын алу (энтеробиоз, гименолепидоз) бойынша білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге гельминтоздардың жалпы сипаттамасы, биогельминтоздар, жанасу гельминтоздары бойынша жалпы сипаттама беру

  • Геогельминтоздардың, биогельминтоздардың жанасу гельминтоздарының даму ерекшеліктерінің қағидаларын үйрету

  • Геогельминтоздардың, биогельминтоздардың жанасу гельминтоздарының эпидемиологиялық процесінің сипаттамасын, күресу, қадағалау және алдын алу негіздерін үйрету

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар

  • Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы

  • Ағзадағы эпидемиялық процестің сипаттамасы, себептері мен шарттары, күресу жолдары

  • Гельминтоздардың эпидемиологиялық мінездемесі

  • Гельминтоздарды алдын алудың қазіргі заманғы қағидалары

  • Пациенттің және медициналық қызметкерлердің инфекционды қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру

5. Білім берудің және оқыту әдістеметері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. Жіктелуге сәйкес адам гельминттері ... құрттармен берілген.

а) домалақ

б) жалпақ

в) лента тәрізді

г) сорғыштар

д) айтылғанның барлығы

2. Фасциолез қоздырғышы нені зақымдайды ... .

а) бұлшық-ет жүйесі

б) жүйке жүйесі

в) жүрек-қантамыр жүйесі

г) гепатобилиарлы жүйесі

д) организмнің барлық жүйесін

3. Геогельминтозға жатататын гельминтоздар:

а) аскаридоз

б) дифиллоботриоз

в) тениаринхоз

г) описторхоз

д) эхинококкоз

4. Қатынастық гельминтоздарға жататын:

а) гименолепидоз

б) аскаридоз

в) трихоцефалез

г) дифиллоботриоз

д) описторхоз

5. Сарғаю ... байқалады.

а) трихонеллез

б) описторхоз

в) трихоцефалез

г) гименолепидоз

д) дифиллоботриоз

6. Цистицеркоз дамуы ... даму циклінде болуы мүмкін.

а) дифиллоботриоз

б) тениоринхоз

в) тениоз

г) гименолепидоз

д) анкилостомоз

7. Ащ ішектегі зақымдамайтын құрт

а) лента тәрізді

б) аскарида

в) острица

г) мысық екіауыздығы

д) альвюкокк

8. Тоқ ішекте өмір сүретін құрт

а) аскарида

б) власоглав

в) лента тәрізді

г) мысық екіауыздығы

д) бұқа таспа құрты

9. Трихоцефалезбен ауыратын науқаста қолданылмайтын ем:

а) комбантрин

б) нафтамон

в) белюсат

г) вермокс

д) дифезол

10. Қай ауру диагностикасында перианальды қыртыстан жұғынды алады.

а) описторхоз

б) дизентерия

в) балантидиаз

г) энтеробиоз

д) иерсиниоз
Жағдайлық есеп

Бала-бақшада энтеробиозға толық тексеру кезінде кіші топтын 11 баладан острица құрты табылды. Топта 24 адам.

Қандай энтеробиоздың ошағына қарсы жиын өткізіледі?
1.Тақырыбы №24: Протозоозды инвазиялардың жалпы сипаттамасы. безгектің этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйыдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау. Амебиаздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2.Мақсаты: студенттердің протоозды инфазиялардың жалпы сипаттамасы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі теориялық білімін жетілдіру.

3.Оқыту мақсаты:


  • Студенттерге пртозоозды инвазиялардың, безгектің, амебиоздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың жалпы сипаттамасы бойынша негізгі білімдерін жетілдіру

  • Протоозды инвазиялардың, безгектің, амебиаздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың эпидемиялық процестің сипаттамасы, даму механизмін үйрету

  • Протоозды инвазиялардың, безгектің, амебиаздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың эпидемиологиялық бақылау негіздерін және оның алдын алудағы ролін үйрету

  • Протоозды инвазиялар, безгек, амебиаз, лейшманиоз, токсоплазмозбен ауыратын науқастарға мамандандырылған күтім шараларын жүргізуді үйрету

4. Тақырып бойынша

  • Протоозды инвазиялардың жалпы сипаттамасы

  • Безгектің, амебиаздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың этиологиясы

  • Безгектің, амебиаздың, лейшманиоздың, токсоплазмоздың эпидемиологиялық процестің көріністері, себептері және шарттары

  • Протоозды инвазиялардың жіктелуі

  • Протоозды инвазиялардың эпидемиологиялық сипаттамасы

  • Протоозды инвазиялардың алдын алудың қазіргі заманғы қағидалары

  • Протоозды инвазияларда болатын эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру қағидалары. Экстремальды жағдайлар

  • Пациент пен медициналық қызметкерлердің инфекционды қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымастыру қағидалары

5. Білім берудің және оқыту әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Безгектің көзі болып табылады

а) безгекпен ауыратын адам

б) паразиттаушы

в) Anopheles – тобына жататын масалар

г) кенелер

д) шыбындар

2. Безгекті қалай ажыратады

а) тасымалдаушы

б) екіншілік

в) жергілікті

г) егулік

д) рецидивті

3. Безгектің берілу жолдары:

а) трансмиссивті

б) қан құю арқылы

в) тіке

г) контактылық



д) жыныс жолдары арқылы

4. Безгектің клиникалық кезеңінің дамуы, ұзақ инкубациялық кезеңнен кейінгі жұғуы ... .

а) 6 ай

б) 12 ай


в) 36 ай

г) 48 ай


д) 60 ай

5. Безгектің қоздырғышы:

а) трипаносомоздар

б) плазмалар

в) лейшманиоздар

г) бактериялар

д) трепонема

6. Донордың қанындағы безгек қоздырғыштары қандай температурада өледі

а) 20ºС

б) 4ºС


в) 25ºС

г) 37ºС


д) 45ºС

7. Адам ағзасындағы құрттардың дамуы

а) споралық

б) экзоэритроцитты шизогония

в) эритроцитты шизогония

г) гаметоцитогония

8. Безгек зақымдалуының сипатталуы

а) электроциттердің монокулярлы – фагоцитарлы жүйесі

б) ОЖЖ және терідегі бөртпелер

в) жүрек-тамыр жүйесі, лимфаденопатия, интоксикация

г) АІТ және интоксикация

д) тыныс алу мүшелері және бауыр

9. Токсоплазмоз адамға жұғады ... .

а) трансмиссивті жолмен

б) қатынас арқылы

в) ауа-тамшылы

г) элементарлы – трансплацентарлы

д) алиментарлы

10. Токсоплазмоз бұл ... .

а) зоонозды ауру

б) антропонозды ауру

в) антрозоонозды ауру

г) сапрозоонозды ауру

д) жедел вирусты ауру

11. Лейшманиоз кезінде инфекция көзі

а) тек адам

б) жануарлар

в) кенелер

г) адамдар және әртүрлі жануарлар

д) адамдар және масалар

12. Лейшманиоздың берілу механизмі

а) трансплоцентарлы

б) трансмиссивті

в) нәжіс-ауыздық

г) аэрогенді

д) жыныс жолы арқылы



Жағдайлық есеп

1985ж М. Қаласында эпидемиологтар Б безгектік жағдайын тіркеді, соңғы 14 ж.а тіркелген бірақ анықтап тексеру жүргізген кезде 3 аурудың бесеуі безгек болып шықты. Бірақ әр түрлі уақытта ауырған 1 қалалық ауруханада хирургиялық бөлімшеде, 2-і гинекологиялық бөлімшеде болады. Б науқасқада әр-түрлі себептермен қан құйылған, барлық жағдайда донор Д есімді Ауғанстанда әскери қызмет атқарған кісі 1984-1985 жж. Соңғы көптеген тексерулерде диагнозында Pl.vivax табылған. Безгекке ешқашан тексерілмеген, емделмеген бұрын ауырмаған.

1. Ситуациялық жағдайды бағалаңыз ошақтың негізгі себептерін және

категорияларын анықтаңыз

2. Безгектің шығуына байланысты зерттеу жұмыс жүргізіңіз

3. Сәйкесінше инструктивті әдістік құжаттарда қолдана отырып, эпидемияға

қарсы жоспар және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.

1. Тақырыбы №25: Сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы. Легионеллездің этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі теориялық білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:


  • Студенттерге сопроноздар топтарының жалпы сипаттамасы бойынша негізгі білімді жетілдіру

  • Сапроноздар топтарының жіктелуі және эпидемиологиялық сипаты мен негізгі принциптерін үйрету

  • Сапроноздар топтарының эпидемиялық бақылау негіздерін және алдын алу маңызын үйрету

  • Легионеллезбен ауырған науқасқа мамандандырылған көмек көрсету шараларын үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы

  • Легионеллездің даму механизмі

  • Легионеллез дамуындағы эпидемиялық процестің көріністері, себептері және шарттары

  • Легионеллездің эпидемиологиялық сипаттамасы

  • Легионеллездің жіктелуі, клиникалық симптомдары мен синдромдары

  • Легионеллез кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру Экстремальды жағдайлар

5. Білім берудің және оқыту әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. Сапроноз кезіндегі қоры:

а) жануар

б) адам


в) жәндік

г) қоршаған орта объективі

д) аталғандардың барлығы

2. Сапроноздық топтарының түрлері ... .

а) топырақ

б) су


в) зоофильді

г) фитофилді

д) аталғандардың барлығы

3. Фитофилді сапроноз кезіндегі негізгі резервуарлар

а) тек топырақ

б) тек су

в) қоршаған орта + өсімдік

г) қоршаған орта + жануарлар

д) тек өсімдіктер

4. Сапроноздың негізгі жұғу жолы

а) алиментарлы

б) аспирациондық

в) қатынастық

г) трансфузиялық

д) аталғандардың барлығы

5. Легионеллездің негізгі қоздырғышы:

а) L.donovani

б) L.pneumophila

в) L.icterogemorragica

г) L.asiatica

6. Инфекция көзі легионеллездің негізгі резервуарлары

а) су


б) тоған су мен топырақ

в) адам


г) өсімдік қоректі жануарлар

д) жәндіктер

7. Легионеллез жұғу механизмі

а) трансплацентарлы

б) жыныстық қатынас

в) ауа-тамшылы

г) фекальді-оральді

д) трансмиссивті

8. Легионеллез ошаққа қолданылатын іс шаралар

а) дезинфекция

б) қатынаста болған адам/ы алдын алу

в) қарым қатынаста болған адамдар

г) науқас анықтау

д) міндетті госпитализация



Жағдайлық есеп

Жұқпалы ауруханаға ауруының 5-ші күнінде 45 жастағы ер кісі қаралды, температурасы 39-40С іріңді қақырық, бас ауру, тәбет төмен, бұлшық ет, буындардың ауырсынуы.

Анамнез: ер кісі екі апта бұрын іс-сапарда болған. Ол ауруының себебін өзінің салқындап қалуымен түсіндіреді (салқындатқыштың астында ұйықтаған). Бұл кісі созылмалы бронхитпен ауырады және темекі тартады. Отбасында әйелі, 3 баласы бар.

Объективті тексеру: жалпы науқастың жағдайының нашар болуының себебі тыныс алуының жетіспеуі және интоксикациялық симптомдар. Температура 40С, терісі ылғалды, сұр түсті, өкпесінде, тұйық перкуторлы дыбыс, аускультацияда көптеген әртүрлі жиіліктегі ылғалғы сырылдар естіледі. ТАЖ 30 минут, жүрек тоны ырғақта.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз

2. Жұқпа көзі және жұғу жолын айтыңыз

3. Науқаспен байланыста болғандарға қандай іс шаралар ұйымдастырыңыз.

1. Тақырыбы №26: Ботулизм және тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2. Мақсаты: студенттердің ботулизм және тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі теориялық білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:


  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекция кезіндегі эпидемиялық процесс, оның сипаты, даму шарттары мен қозғаушы күштері туралы білімдерін жетілдіру

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекциялардың жіктелуі, эпидемиялық мінездемесі, қағидаларын үйрету

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекциядағы эпидемиологиялық бақылау негіздерін және оның алдын алудағы рөлін үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекциядағы эпидемиологиялық процестің көріністері, себептері және шарттары

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекция профилактикасының қазіргі заманауи қағидалары

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекцияда болатын эпидемияға қарсы іс-шаралардың ұйымдастыру қағидалары

  • Ботулизм және тағамдық токсикоинфекциямен ауырған науқастар мен медициналық қызметкерлердің инфекционды қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру қағидалары

5. Білім берудің және оқыту әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. Тағамдық токсико инфекциялық жедел жұқпалы ауру қай мүшелерді зақымдайды

а) асқазан ішек трактісін жоғарғы бөлігі су-тұз алмасуын бұзады

б) су-тұз алмасуының бұзылысы және жалпы интоксикация

в) гемодинамика

г) ас ішек трактісі төменгі бөлігі

д) жүрек қантамыр жүйесі

2. Ботулизм клиникасына ... синдром болады.

а) церебралді, астеновегативті

б) мезенхимальды-қабыну, цитолитикалық

в) паралитикалық, бульбарлы

г) офтальмоплегиялық және бульбарлы

д) диспепсиялық, гастроинтестиналық

3. Тағамдық токсико инфекция кезінде аз уақыттың сипаттамасы негізгі

а) микроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайы

б) микроорганизмнің вируленттілігі

в) адам организміне қоздырғыш енуі

г) қоздырғыштың токсигенділігі

4. Қайнатқан Cl. botulinum қанша уақытта өледі

а) 5 сағатта

б) 30 минутта

в) 1 сағатта

г) 2-3 сағатта

д) 4 сағатта

5. Ботулотоксин қандай токсикалық комплекс ... .

a) нейроминидаза ,гиалуронидаза

б) дермонекротоксин, гемолизин

в) нейротоксин, ақуыздағы гемагглютинин

г) нейротоксин

д) нетоксикалық ақуыздағы гемагглютинин

6. Ботулизм кезіндегі тыныс алу жүйесінің патологиясы

а) бұлшық ет салдану, жөтелу, пневмонияның бұзылуы, аспирациондық пневмонияның пайда болуы

б) гипостатикалық пневмонияның дамуы

в) инфаркт миокардының дамуы

г) ірі бронхтың стенозы

д) тыныс алу бұлшықеттің салдануы, гипостатикалық пневмонияның дамуы

7. Ботулизмде лабораториялық диагностикасы келесі биологиялық сұйықтар алынады

а) қан, құсық, асқазан шайындысы

б) асқазан шайындысы, зәр

в) қан, зәр

г) жұлын сұйықтығы

д) қан, зәр, нәжіс

8. Ботулизм кезіндегі күдік тудыратын азық-түлік

а) қалған тағамдармен бірге тастап жібереді

б) 7 күн сақталады

в) зертханалық тексеруге алынады

г) алынады
Жағдайлық есеп

Ер кісі (2 күн бұрын) ауруының 2-ші күні жұқпалы ауруханаға түседі. Кешке науқастан асқазан тұсының ауырсынуы байқалды, сосын жалпы әлсіздік, басының айналуы, жүрек тоқтауының сезілуі анықтайды. Одан кейін ауыз қуысының құрғауы, тершеңдік, бұлшықетінің әлсіздігі сезілген заттардың екеу болып көрінуі, көз қарашығының жарыққа реакцияның болмауы. Пулс төмендеген, үлкен дәретке 36 сағат бармаған. Ауыратынның алдында науқас баклажан салатын жеген (үйде дайындалған).

1. Сіздің болжам диагнозыңыз

2. Ошаққа қандай эпидемиологиялық қарсы шаралар жүргізесіз.



1.Тақырыбы №27: Эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалаудың тараулары. Сырқаттанушылық және болжамды қауіп факторлары туралы статистикалық мәліметтерді топтастыру.

2. Мақсаты: студенттердің эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі қағидаларын, эпидемиологиялық қадағалаудың тарауларын, сырқаттанушылық және болжамды қауіп факторлары туралы статистикалық мәліметтерді топтастыру туралы білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі қағидалары туралы білімін қалыптастыру

  • Эпидемиологиялық қадағалаудың үйрету

  • Сырқаттанушылық және болжамды қауіп факторлары туралы статистикалық мәліметтерді топтастыруды үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі қағидалары

  • эпидемиологиялық қадағалаудың тараулары

  • сырқаттанушылық және болжамды қауіп факторлары туралы статистикалық мәліметтерді топтастыру

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, эпидемиолог маманы ретінде науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.



7. Бақылау (сұрақтар, тесттер):

Сұрақтар:

  • Эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі қағидалары ?

  • Эпидемиологиялық қадағалаудың тараулары?

  • Эпидемиология қандай ғылымдармен тығыз байланысты?

  • Сырқаттанушылық және болжамды қауіп факторлары туралы статистикалық мәліметтер?

  • Жұқпалы аурулармен күресуде эпидемиологияның негізгі жетістіктері қандай?

  • Жұқпалы аурулармен күресудегі негізгі проблемаларды атаңыз;

  • Жұқпалы аурулармен күресудегі қандай негізгі мақсаттарды эпидемиология шешеді?

Тесттер:

1." ~ Эпидемиологиялық қадағалау қысқаша маңызы:

| жұқпалы ауруларды динамикалық бақылау

| статистикалық мәліметтерді талдау

| ошақтарды эпидемиологиялық тексеру

| математикалық үлгілеу

| болжау

2.Эпидемиологиялық қадағалау сатылары:

| ақпараттық

| басқарушылық

| статистикалық

| диагностикалық

| сандық бағалау

3. интенсивті көрсеткіші бейнелейді:

| нақты саны белгілі топтағы сырқаттылықтың жиілігін

| сырқаттылық деңгейінің тенденциясының бағытын

| сырқаттылықтың максимальді деңгейін

| сырқаттылық деңгейінің қарқынын

| уақыт аралығындағы сырқаттылықтың таралу дәрежесін

4. Экстенсивті эпидемиологиялық көрсеткіштер бейнелейді:

| бүтін санының бөлшектенуін

| көріністің таралу деңгейін

| дамудың негізгі тенденциясын

| екі көріністердің арақатынасын

| абсолюттік өсудің алдындағы деңгейге қатынасы

5. Эпидемиологиялық көрсеткіштердің интенсивтілігін көрсететін өлшем?

| 10-4

| 10-2

| 10-5

| 10-3

| 10-1
6.Қоздырғыштың түрі атықталғаннан кейін бактериялогиялық шабуылдың салдарын жоюға бағытталған медициналық шараларға қатынасатындар:

а) қолданған қоздырғыштың түрін анықтау

б) антибиотиктермен жедел алдын алу шаралары

в) төнді алдын алу шаралары

г) толық санитарлық өңдеуді өткізу

д) бактериялогиялық шабуылға ұшыраған бөлімдер мен құрамаларда карантин орнату

е)бактериялогиялық шабуылға ұшыраған әскери құрамдарды тылға шығару

7. Аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын алуѓа керекті маңызды шаралар:

а) ауруханада болу уақытын қысқарту

б) медициналық ішке кіру шараларын азайту

в) бір рет қолданылатын аспаптарды пайдалану

г) медицина қызметкерлер арасында пиолонефритпен, ірінді-септикалық аурулармен науқастарды тауып, оларды емдеу

д) дезинфекция режимін сақтауды тексеру

е) медицина қызметкерлеріне жоспарлы түрде адам глобулинін енгізу

8. Ай сайын егу туралы есеп беру статистикалық үлгімен беріледі:

| 5-СЭС


| 1-СЭС

| 2-СЭС


| 036-СЭС

| 6-СЭС


9. Эпидемиологиялық зерттеудің әдістемелік негізін құрайды:

| ретроспективтік талдау

| беріліс механизмінің теориясы

| проспективті талдау

| паразитарлық жүйелердің өзін-өзі реттеу теориясы

| халықты эпидемиядан қорғаудың құрылысы мен қызметі

10. Сырқаттылықтың көпжылдық динамикасын талдау кезінде анықталады:

| сырқаттылықтың эпидемиялық тенденциясы

| эндемиялық сырқаттылық

| сырқаттылықтың циклділігі

| бірен-саран сырқаттылық

| сырқаттылықтың ретсіз тербелісі




1.Тақырыбы №28: Қауырт эпидемиологиялық талдау. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Мақсаты, міндеттері, кезеңдері. Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдау. Курстық жұмысты орындау.

2. Мақсаты: студенттердің қауырт эпидемиологиялық талдауды, оның мақсаты, міндеттері, кезеңдері туралы, сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын оқып үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

  • Қауырт эпидемиологиялық талдауын оқып үйрету

  • Ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Мақсаты, міндеттері, кезеңдері оқып үйрету

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдауын үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қауырт эпидемиология негіздері

  • Ретроспективті эпидемиологиянін мақсаттары, міндеттері, кезеңдері

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, эпидемиолог маманына қажеттіліктер көлеміндегі науқастардың курациясы, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Сұрақтар:

  • Қауырт эпидемиологиялық талдау негіздері?

  • Ретроспективті эпидемиологиялық талдау мақсаттары, міндеттері, кезеңдері?

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасы?

  • Жұқпалы ауруларының эпидемиологиялық жіктелуінің қағидалары қандай?

  • Эпидемиялық процестің дамуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардың ролі қандай?

  • Эпидемиялық процестің көрінісін бағалауда қандай терминдер қолданылады?

Тесттер:

1. Эпидемиологиялық талдау - бұл:

| эпидемиялық барысты оқыту мақсатында жүргізілетін әдістердің жиынтығы

| эпидемиологиялық жағдайды бағалау

| эпидемиологиялық диагноз қою

| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі

| нақты анықталған аумақта аурудың эпидемиялық барысын бақылау жүйесі

2. Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:

| эпидемиялық барыстың пайда болу, ағымын және жойылу себептерін

зерделеу

| эпидемиологиялық диагноз қою

| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі

| эпидемиологиялық жағдайдың пайда болуын, таралу механизмінің

себептерін зерделеу

| басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету

3. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:

| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау

| зерттеу бағдарламасын құру

| біріншілік ақпаратты өңдеу

| алдын алу шараларын жүргізу

| шұғыл хабарламаны толтыру

4. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың бастапқы жүргізу сатысы:

| біріншілік ақпаратты өңдеу

| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау

| зерттеу бағдарламасын құру

| алдын алу шараларын жүргізу

| шұғыл хабарламаны толтыру

5. Бірнеше аудандарды ауру қауіпі бойынша бөлу үшін қанша шаманы қолдану

ыңғайлы:

| келесі жылға болжамдық интенсивті көрсеткіштерін

| есеп беру жылындағы экстенсивті көрсеткіштерін

| 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткіштерін

| есеп беру жылындағы интенсивті көрсеткіштерін

| келесі жылға болжамдық экстенсивті көрсеткіштерін

6. Аурудың жылдық динамикасына қандай эпидемиологиялық көрсеткіштер

сипатталады:

| маусымдылық

| эпидемиялық тенденция

| циклді тербелу

| ретсіз тербелу

| маусым аралық кезең

7. Ретроспективті эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:

| эпидемиялық процестің даму тенденциясы мен жағдайын бағалау

| масштабтарды бағалау, аурудың таралу сипаты

| жұмыс болжамын жүргізу

| эпидемиологиялық жағдайды таныту

| эпидемияның басталуын анықтау

8. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдау жүргізудің соңғы мақсаты:

| эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау

| сырқаттылықтың динамикасының циклділігін анықтау

| сырқаттылықтың құрылымын анықтау

| әртүрлі аумақтағы сырқаттылықтың деңгейін салыстыру

| сырқаттылықтың тенденциясын анықтау

9. Қауырт эпидемиологиялық талдау қарастырады:

| эпидемиялық ошақтар туралы мәліметтер талдау

| жұқпалы аурудың құрылымын анықтау

| аймақтың санитарлық көрінісіне бақылау жасау

| халықтың иммунологиялық құрылымына бақылау жасау

| сырқаттылықтың деңгейіне болжам жасау

10. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:

| алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды белгілеу

| жұғу қаупінің факторларын анықтау

| ауру қауіпінің факторларын анықтау

| қауіп факторлары туралы болжамды тексеру

| жұқпалы аурулардың алдын алудың бағдарламасын құру

1. Тақырыбы №29: Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдау.

Эпидемиологиялық белгілері бойынша іріктелген тұрғындар топтарының сырқаттанушылығын талдау.



2. Мақсаты: студенттердің сырқаттанушылықтың жылдық динамикасы , эпидемиологиялық белгілері бойынша іріктелген тұрғындар топтарының сырқаттанушылығы туралы білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдауды үйрету

  • Эпидемиологиялық белгілері бойынша іріктелген тұрғындар топтарының сырқаттанушылығын талдауды үйрету.

  • Эпидемиялық ошақтың анықтамасы, эпидемиялық ошақтың шекаралары туралы білімін жетілдіру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасы

  • Эпидемиологиялық белгілері бойынша іріктелген тұрғындар топтарының сырқаттанушылығы

  • Эпидемияға қарсы шаралар түрлері

  • Эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері

  • Ошақты эпидемиологиялық тексеру

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, эпидемиолог маманына қажеттіліктер көлеміндегі науқастардың курациясы, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер):

1. Аурудың жылдық динамикасына қандай эпидемиологиялық көрсеткіштер

сипатталады:

| маусымдылық

| эпидемиялық тенденция

| циклді тербелу

| ретсіз тербелу

| маусым аралық кезең

2. Сырқаттылықтың маусымдылығының басталу және аяқталу шекарасын

анықтайтын сипаттамасы:

| жылдық сырқаттылықтың жоғарғы көрсеткіші

| көрсеткіштердің өсу қарқыны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет