5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
3. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.
7. Бақылау (есептер, тесттер):
№1 жағдайлық есеп
Иммунизацияға арналған иммунобиологиялық препараттардың
жарамдылығын анықтау:
№2 жағдайлық есеп
Балалар емханасы деңгейінде «бір қалыпта суық дәрежеде сақтау»-ды бақылауда
алгоритмді құру.
№3 жағдайлық есеп
Педиатрдың қарауында 3 бала болды:
бала 3,5 ай, дамуында ауытқулар жоқ, дене қызуы 37,3°С;
бала 4 ай, мазасыз, нәжісі күніне 10 рет қоспасыз, табиғи тамақтандырылуда, дене қызуы қалыпты;
бала 3ай 21 күн, қан анализінде лейкоциттер.
Педиатр қандай шешім қабылдауы керек:
а) вакцинациялау;
б) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
в) егуге жібермеу туралы құжатты толтырып, қайта тексеру;
г) егуге жібермеу туралы құжатты 3 аптаға толтыру.
№4 жағдайлық есеп
Егу жұмыстарын жүргізу үшін педиатрға 4 бала шақырылды:
бала 3 ай 18 күн, дені сау; пәтерде қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болды;
бала 5 ай, АКДС вакцинасын 3,5 айлық кезінде алған, 1апта бұрын ЖРВИ мен ауырған;
2 жасар бала АКДС вакцинасчын 3,5; 5 және 7 айлық кезінде алған. 1апта бұрын қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болған және гамма-глобулин алған (қызылшаға қарсы егуін алмаған);
ребёнок 5 лет из семьи беженцев, прививочный анамнез неизвестен.
Педиатрдың тактикасы:
А) егуді тағайындау;
Б) керекті уақытқа егуге жібермеу туралы құжатты толтыру;
В) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
Г) арнайы иммунитеттің жағдайын бағалу мақсатында зерттеу жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |