7. Бақылау (сұрақтар):
Эпидемиялық процесс ретіндегі эпидемиология қандай ғылым?
Медициналық паразитология дегеніміз не?
Эпидемиология қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
Жұқпалы аурулармен күресуде эпидемиологияның негізгі жетістіктері қандай?
Жұқпалы аурулармен күресудегі негізгі проблемаларды атаңыз;
Жұқпалы аурулармен күресудегі қандай негізгі мақсаттарды эпидемиология шешеді?
Эпидемиология ғылымының дамуында шетелдердің және өз еліміздің ғалымдарының қосқан үлестері.
1. Тақырыбы №2: Эпидемиялық процесс туралы ілім, құрылымы және эпидемиялық процестің факторлары. Эпидемиологияның негізгі теориялары. Эпидемиялық процестің даму механизмі. Эпидемиялық процестің көрінуі.
2. Мақсаты: студенттердің эпидемиялық процесс туралы ілім, құрылымын, эпидемиялық процестің факторларын, эпидемиологияның негізгі теорияларын оқып үйрету. Эпидемиялық процестің даму механизмі, эпидемиялық процестің көріну формаларын үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Эпидемиялық процесс сипаттамасы, процестің құрылымы, факторларын оқып үйрету
Эпидемиологияның негізгі теорияларын анықтауды үйрету
Эпидемиялық процестің даму механизмін үйрету
Эпидемиялық процестің көріну формалары туралы
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Эпидемиялық процесс туралы ілім, оның құрылымы
Эпидемиялық процестің факторлары
Эпидемиологияның негізгі теориялары
Эпидемиялық процестің даму механизмі
Эпидемиялық процестің көріну формалары
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |