7. Бақылау (сұрақтар, тесттер):
Сұрақтар:
Эпидемиялық процесс дегеніміз не?
Эпидемиялық процесс қандай тармақтардан тұрады?
Жұқпалы ауруларының эпидемиологиялық жіктелуінің қағидалары қандай?
Эпидемиялық процестің дамуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардың рөлі қандай?
Инфекция қоздырғыштарының берілу механизмінің қандай негізгі түрлері бар?
Табиғи ошақ теориясының негізгі маңызы неде?
Эпидемиялық процестің көрінісін бағалауда қандай терминдер қолданылады?
Тесттер:
Эпидемиялық процесс дегеніміз:
А) Жұқпалы аурулардың адамдар популяциясында таралуы
Б) Жұқпалы аурулардың жануарлар арасында таралуы
В) Қоздырғыштардың қан сорғыш жәндіктер арасында таралуы
Г) Адам немесе жануардың залалдану жағдайы
Д) бактериатасымалдаушының эалалдану жағдайы
Эпидемиялық процестің көрінуі – бұл:
А) аурудың созылмалы түрі
Б) аурудың жедел түрі
В) аурушаңдықтың спородиялық түрі
Г) тасымалдаушылық
Д) аурудың атипті түрі
Спородиялық аурушаңдық термині:
А) адамдардың жұқпалы аурумен бірлік жағдайда ауруы
Б) осы аймаққа тән емес жұқпалы аурулармен адамдардың ауруы
В) адамдардың жұқпалы аурумен топтық ауруы
Г) адамдардың аурудың абортивті түрімен ауруы
Д) бірнеше елді мекендерде адамдардың топтық ауруы
Инфекциялық процесс – бұл:
А) тасымалдаушылық
Б) ауру, тасымалдаушылық
В) елде тұмаудың эпидемиясы
Г) кеміргіштер арасында жұқпалы аурулардың өршуі
Д) үй жануарлары арасында жұқпалы аурулардың өршуі
Эпидемиялық процестердің буындары:
А) қоздырғыш күші, берілу механизмі, қабылдағыш ағза
Б) жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, науқас адамдар
В) қоздырғыш күші, таратушы факторлар
Г) ауа, су, топырақ, тұрмыстық факторлар
Д) медициналық құрал жабдықтар
Қоздырғыштың өзіндік берілу механизмі анықталады:
А) залалданған ағзаның иммундық қасиетімен
Б) жұқпалы ағымының ауырлығымен
В) инфекция көзінің тұрмыстық жағдайымен
Г) қоздырғыштың этиологиялық құрылымымен
Д) заладанған ағзада қоздырғыштың локализациясымен
Вертикальді механизм дегеніміз - қоздырғыш беріледі:
А) заладанған тағам арқылы
Б) заладанған топырақ арқылы
В) тұрған жердегі шаң арқылы
Г) анадан балаға
Д) залалданған су арқылы
Экзотикалық инфекциялар дегеніміз:
А) белгілі аймаққа тән жұқпалы аурулар
Б) белгілі аймаққа тән емес жұқпалы аурулар
В) буынаяқтылар арқылы таралатын вирусты жұқпалы аурулар
Г) ауа – тамшылы жұғатын аурулар
Д) тағам арқылы жұғатын инфекциялар
9. Л.В.Громашевскийдің өңдеудегі еңбегi негiзделген:
А) эпидемиялық процесс туралы іліміне
Б) табиғи ошақ туралы іліміне
В) эпидемиялық барыстың әлеуметтік-экологиялық концепциясына
Г) қоздырғыштардың қасиеті туралы іліміне
Д) паразитарлық жүйенің өзіндік реттелуі туралы іліміне
10. Қоздырғыштың берілу механизмі анықтайды:
А) залалданған ағзада қоздырғыштың орналасуын
Б) ауру ағымының ауырлығын
В) қоршаған ортада қоздырғыштың төзімділігін
Г) аурудың клиникалық түрін
Д) қабылдаушылардың иммундық статусы
Достарыңызбен бөлісу: |