ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет4/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

1.Тақырыбы №3: Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері. Эпидемиялық ошақ: анықтамасы, эпидемиялық ошақтың шекаралары. Ошақты эпидемиологиялық тексеру.
2. Мақсаты: студенттердің алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар, эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздерін анықтау туралы білімін жетілдіру. Эпидемиялық ошақтың анықтамасы, эпидемиялық ошақтың шекаралары, аймақты эпидемиологиялық тексеру туралы білімін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар, эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздерін анықтауды үйрету

  • Эпидемиялық ошақтың анықтамасы, эпидемиялық ошақтың шекаралары туралы білімін жетілдіру

  • Ошақты эпидемиологиялық тексеру туралы үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Алдын алу және оның түрлері

  • Эпидемияға қарсы шаралар түрлері

  • Эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері

  • Эпидемиялық ошақтың анықтамасы

  • Эпидемиялық ошақтың шекаралары

  • Ошақты эпидемиологиялық тексеру

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
7. Бақылау (тесттер):

  1. Алдын алу шараларын жүргізеді:

а) жұқпалы аурулар жағдайына байланысты емес
б) жұқпалы аурулардың санаулы жағдайында
в) жұқпалы аурулардың көптеген жағдайында

  1. Эпидемияға қарсы заттарға жатады...

а) вакциналар;
б) бактериофаг;
в) эритроцитарлы диагностикум;
г) ратицидтер.

  1. Медициналық емес күштердің жүргізетін эпидемияға қарсы шаралар...

а) изоляциялау;
б) жануарларды вакцинациялау;
в) ас суды залалдау;
г) шұғыл профилактика;
д) санитарлы тазалау населенных мест

  1. Медициналық емес күштер жүргізетін эпидемияға қарсы шаралар:

а) жұқпалы ауруларды емдеу;
б) бактерия тасымалдаушыларды анықтау;
в) қадағалаусыз жүрген жануарларды ұстау;
г) радиоактивті қалдықтарды көму;
д) халықты вакцинациялау.

  1. Инфекция көзін активті түрде анықтауға жатады...

а) эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жоспарлы түрде қоғамдық тамақтану қызметкерлерін тексеру;
б) жұмысқа түсерде дәрігерлерді, кіші және орта медперсоналды медициналық зерттеуден өткізу;
в) шақыруға байланысты науқасты үйде қарау;
г) жоспарлы госпитализация алдында антигентасымалдаушылық және бактериятасымалдаушылық анықталған жағдайда.

  1. Антропоноздар кезіндегі инфекция көзіне бағытталған шаралар:

а) ауырғандарды анықтау;
б) науқастарды изоляциялау;
в) жұқпалы науқастың төсегі мен киімін дезинфекциялау;
г) кеміргіштерді жою;
д) микробтық залалдануға сыртқы ортаны тексеру.

  1. Зооноздар кезіндегі инфекция көзіне бағытталған шаралар:

а) жануарларды профилактикалық вакцинациялау;
б) ет өнімдерін ветеринарлы-санитарлы экспертизалау;
в) жануарлар өнімдерін залалсыздандыру;
г) табиғи ошақта кеміргіштерді жою;
д) ауру жануарларды мәжбүрлі түрде сою.

  1. Жұқпалы науқастарды госпитализациялауға эпидемиологиялық көрсеткіштер:

а) барлық ауырғандар;
б) аурудың ауыр түрімен;
в) гигиеналық қолайсыз жерде тұрушылар;
г) декреттелген топтар.

  1. Жұқпалы науқастарды клиникалық көрсеткіштеріне қарап госпитализациялау:

а) барлық ауырғандар;
б) аурудың ауыр түрімен;
в) гигиеналық қолайсыз жерде тұрушылар;
г) декреттелген топтар.

  1. Антропонозды инфекциялардың берілу механизміне бағытталған шаралар:

а) науқасты анықтау және изоляциялау;
б) науқастың заттарын және бөлмесін дезинфекциялау;
в) науқаспен қатынаста болғандарға шұғыл түрде алдын алу шараларын жүргізу;
г) жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылардың санының азаюы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет