ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет18/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. 18 жасар студентке «қызылша» диагнозы қойылды. Онымен қатынаста болғандардың ішінде медициналық бақылаудан өткізілуі керек...
а) ата-анасы (қызылшамен балалық шағында ауырған)
б) інісі 5 жаста, қызылшаға қарсы егілген, қызылшамен ауырмаған
в) іңлісі 3 жаста, қызылшамен ауырмаған, медициналық көрсеткіштерге
қарағанда егілмеген
г) топ студенттері
2. Жедел дизентерияның ауыр формасымен ауруханаға түскен 2 жасар балада 5-ші күні қызылша анықталған. Баланы қайда орналастыру керек?
а) мельцер боксына емдеу үшін көшіру қажет
б) сол палата қалдырып емді жалғастыру қажет
в) сол бөлімшенің жеке палатасына көшіру
г) үйге шығарып, жеке қарау
д) сол бөлімшенің жартылай боксына көшіру
3.5 жасар бала, кенеттен ауырып , температурасы 38,50С дейін көтерілген, жөтел, мұрнынан көп көлемді шырышты бөлінділер бөлінген. Көз конъюктивасы қызарған, жарықтан қорқу байқалады. Қарағанда: беті ісіңкі, ауыз қуысында өте майда папулалар, айналасы қызарған.
Қандай тексерулерден кейін болжам диагноз қойылады?
а) ИФА IgM қызылша қоздырғышы анықталған
б) қанның жалпы анализі
в) ИФА IgG герпес қоздырғышы анықталған
г) ИФА IgG қызылша қоздырғышы анықталған
д) ИФА IgM қызамық қоздырғышы анықталған
4. Қызамық кезінде перифериялық қанда болады...
а) лейкопеноия, салыстырмалы
лимфоцитоз, плазматикалық клетка (10-30% дейін)
б) анемия
в) агранулоцитоз
г) лейкоцитоз
д) ЭТЖ-ң жоғарылауы
5. 1 жасар сәби. Ауыруы дене қызуының көтерілуімен 37,50С, жөтел және мұрынның бітелуімен басталды. Қарағанда: денесінің барлық бөлімінде майда дақты бөртпелер анықталды, конъктивит, мойнының артқы лимфатүйіндерінің ұлғаюы байқалады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
а) қызамық
б) желшешек
в) қызылша
г) псевдотуберкулез
д) жәншау
6. Науқас кенеттен ауырып, дене қызуының 380С көтерілуі және катаральді белгілер пайда болуымен басталды. Науқастың түрі: беті ісіңкі, біржақты конъюктивит. Ауыз қуысында миндалиннің ұлғаюы, жұмсақ таңдайдың қызаруы, шырышты ұртта Филатов-Коплик белгілері анықталған. Аталғандардың ішінде қайсы диагноз нақты болуы мүмкін:
а) қызылша
б) желшешек
в) тұмау
г) аденовирусты инфекция
д) менингококты инфекция
7.Қызылша кезінде инкубациялық ағымның ұзақтығы:
а) 21 күнге дейін
б) 18-20 күн
в) 10-21 күн
г) 21 күннен жоғары
д) 5-10 күн
8. қызылшаның анықтамасына ... кіреді:
а) жедел инфекциялық ауру, қызбамен, жоғарғы тыныс жолдарының және шырышты қабықтардың бөртпесіз сипатталуы
б) созылмалы жұқпалы ауру, қызбамен, улану белгілерімен, дақты папулезді бөртпелермен сипатталады
в) инфекциялық емес ауру
г) жедел инфекциялық ауру, ауыр уланумен және везикулезді-пустулезді бөртпелердің дамуымен сипатталады
д) жедел инфекциялық ауру, уланумен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен дақты –папулезді бөртпелердің пайда болуымен сипатталады
9. Қызылша кезінде инфекция тасымалдаушы:
а) қызылшаның тек манифест формасымен ауырған науқас
б) науқас, вирустасымалдаушы
в) қызылшаның манифест немесе инаппаратты формасымен ауырған
науқас
г) туа пайда болған қызылшамен және қоздырғыш тасымалдаушымен жаңа туған сәби
д) субклиникалық формамен және қоздырғыш тасымалдаушы науқас
10. Қызамық қоздырғышының кіру жолы:
а) ауыз қуысының шырышты қабықтары
б) жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары
в) ағзаның тері жамылғысының бұзылуы
г) жоғарғы тыныс жолдарының және ауыз қуысының шырышты қабықтары
д) ауыз қуысының шырышты қабықтары және тері жамылғысының бұзылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет