Есептер:
1.23 науқас, жатақханада тұрады, 6 қаңтар күні аурудың 3 күні басының ауыруымен, енжарлық, ыстық, аздап жөтел, мұрының бітуі шағымдарымен. Ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамаған, дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Барлық ауру күндері дене температурасы 38,9ºС сақталған. Бүгін тамағының жыбырлауымен, аздап жөтел, катаральды белгілер болған. Объективті: Дене температурасы 39,2ºС, жағдайы орта ауырлықта. Беті қызарған, склералары иньецирленген, мұрыны біткен. Аңқасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, көмейдің артқы бетінде фоликулдары үлкейген. Жүрек тондары анық, пульс-110 соққы, АҚ-90/60 мм рт ст. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші қалыпты, ауырсынусыз. Бауыры мен қара бауыры үлкеймеген. Дәреттері қалыпты.
Болжам диагнозыңыз
Зерттеу мен ем шараларын тағайындаңыз.
2. Науқас А.19жаста, ауруының 1 күні ауруханға түскен. Жіті ауырған: қалтыраумен қоса температурасы 40ºС көтерілген, бас ауруы пайда болған. Кешкісін денеде бөртпе пайда болғанын аңғарған, жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызылған. Түскен кездегі шағымдары: бастың ауыруы, енжарлық. Жағдайы өте ауыр, дене температурасы 39ºС. Есі анық, айқын демікпе, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі байқалады. Дене терісінде көп мөлшерде, дұрыс емес пішінді жұлдызшалы, гемораргиялық бөртпе, некроз аймақтарымен. Пульсы әлсіз толуымен,130 соққы,АҚ -80/60 ммрт ст,Іші ауырсынусыз, бауыры пальпацияланбайды.Менингиальды белгілері теріс. Қан анализінде : : эр.- 3,7 х 12/л, Ни – 110 г/л, л. – 31 х 10 9/л. П – 30%,С – 50%, ЛИ – 18%, МОН – 2%, ЭТЖ – 42 мм в час.Зәр анализі- уд. вес – 1015, белок – 0,066%, эритр. выщел.- 2-3 в п/в, цилиндры зернистые – 0-4 в п/в.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз
1. Тақырыбы №6: АИВ-инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы және алдын алуы.
2. Мақсаты: АИЖВ-инфекциясы эпидемиологиясын, эпидемиологиялық диагностикасын, емдеу принциптерін, күту және алдын-алу негіздерін студенттерге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |