Ситуациялық сауалдар:
1. Терапевттік стационарда 12 жатын орындық реанимация және интенсивті тарапия бөлімін ашу жоспарлануда.
Қанша дәрігер және мейірбикелік пост қажет?
2. 40-литрлік баллонда 150 атм. оттегі бар. О2 газының 2 л/мин жылдамдықта берілген кезде қанша уақытқа жететінін есептеңіз?
2 сабақ
1. Тақырыбы: Терминалды жағдай. Агонияалды, агония, клиникалық өлім. Жүрек – өкпелік реанимация. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Студенттерге «реанимация» және «терминальді» жағдай туралы ұғымды түсіндіру, терминальды жағдайда реанимациялық шаралардың кешенін ұғыну. Шұғыл және жедел медицинада мейірбикелік үрдістің ұйымдастырылуын ұғыну. Жүрек-өкпелік реанимация шараларын жасау дағдыыларын және реанимациялық шаралардың тиімділік критерийлерін ұғынып, нықтау.
3. Окыту максаты:
Студент білуі қажет:
терминальді жағдай кезіндегі мейірбикелік үрдістің ұйымдастыру ерекшеліктерін;
терминальды жағдай түрлерін
реанимация сауалдарын;
клиникалық өлім белгілерін;
биологиялық өлім белгілерін;
тынысалу жолдары бітелуінің себептерін және белгілері;
реанимациялық шараларын жасаудағы тиімділік критерийін;
Студент істей білуі тиіс:
терминальды жағдайларда мейірбикелік үрдісті жоспарлап және ұйымдастыруды;
жүрек тоқтауын анықтауды, тынысалу жолдары бітелу белгілерін анықтауды;
өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» әдістерін жасауды;
жүрекке тікелей емес массаж жасауды;
құжаттарды сәйкес тәртіппен толтыруды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Терминальді жағдай кезіндегі мейірбикелік үрдістің ұйымдастыру
Терминальды жағдайдағы науқастың жағдайын бағалау;
Агония алды жағдай немен білінеді?
Терминальді пауза дегеніміз не?
Агонияға тән клиникалық қандай белгілермен сипатталады?
Агония кезеңінің ұзақтығы?
Түрлі әдістерді қолданып тынысалу жолдарының өтімділігін қалыптастыру
Өкпенің жасанды вентиляциясын өткізу техникасы
Жүрекке тікелей емес массаж жасау техникасы
Реанимациялық шаралар жасаудағы тиімділік критерийлері
Жүрек жұмысының тоқтауы салдарынан клиникалық өлім белгілері
Биологиялық өлім белгілері
Реанимациялық шаралардың тоқтату критерийі.
Достарыңызбен бөлісу: |