Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті Терапия бакалавриат кафедрасы «ЖҰҚпалы аурулар курсымен ішкі ауру»



бет5/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#124551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Есептер:

1. Науқас И. 58 жаста, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген, 5 жылдан бері артериалдық гипертензиямен ауырады.

Об-ті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозарған, жүрек шекарасы - бұғанаортаңғы сызығымен солға қарай сыртқа 1 см. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 110 рет минутына. ЭКГ-де синусты тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., ЭОА сол жаққа ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы.

Сұрақтар:

Диагноз қойыңыз?

Қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізуге болады?

Емдеу принциптері.

2. Науқас М. 60 жаста. Ентігуге тыныштық жағдайда, балтырының ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырлық сезіміне, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Анамнезінде: науқас көп жылдар бойы артериалдық гипертензиямен ауырады, 50 жасында трансмуралды миокард инфарктын басынан өткізген.

Объективті: Гиперстеник. Акроцианоз. Мойын веналары ісінген. АҚ 140/100 мм с.б. III қабырғааралықта төстен солға пульсация анықталады. Салыстырмалы шекарасы: оң жаңы төстің оң қырында, сол жаңы бұғанаортаңғы сызықтан 2 см сыртқары. Аускультативті I тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясы үстінде II тон акценті,ТАЖ - 26 рет/мин. Өкпенің төменгі дөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы. Белінде және аяқтарында ісінулер. Диурез 800 мл/тәул.


12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

  1. Артериялық гипертонияға анықтама беріңіз.

  2. АҚ бастапқы сатысында науқастар қандай шағым білдіреді?

  3. Емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау мақсаты үшін қандай әдістер қолданады?


13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 1;

Н-2 бөлім 8

5 Сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: ЖИА, стенокардия.

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге ЖИА, стенокардия аурулары кезіндегі этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентерге ЖИА, стенокардия аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - ЖИА, стенокардия аурулары кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5. Оқыту әдісі: Интеллектуалды футбол

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Дидактикалық және көрнекті құралдар; Қағазбен басып шығарылған тесттер; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.
Қосымша:

1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 12,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

Жүректің ишемиялық ауруы - тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.

Этиологиясы.

1. Тәж артериясының атеросклерозы.

2. Тәж артериясының түйілуі.

Жүрек ишемиялық ауруларына стенокардия және миокард инфарктісі жатады.



Стенокардия

Стенокардия (жүрек қыспасы) - миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитын клиникалық синдром.

Стенокардияның басты бөлгісі - төс артының, әсіресе жоғарғы бөлігінің қысып, ашып ауыруы. Ауырсыну сол иыққа, әрі қарай білекке, қол ұшына және шынашақтың, алақанның бетіне тарайды. Кейде ауырсыну мойынға, жақ астына, бетке, (әсіресе сол жақбетке), құлаққа беріледі. Ангинальдік синдромның тағы бір ерекшелігі – ұстама кезінде вегетативтік, эмоциялық күбылыстардың болуы: үрейлену, өлім қорк-ынышы билеуі, куқылдану немесе тері жамылғысының кызаруы, тахикардия, АҚ-нын уакытша биіктеуі немесе төмендеуі, ентікпе және аритмия, маңдайдың шып-шып терлеуі.

Жіктелуі.

Күштемелік стенокардия.

Түрақты (стабильді) күштемелік стенокардия.

Үдемелі күштемелік стенокардия.

Спонтанды (вазоспастикалық) стенокардия (ерекше варианттык, Принцметал стенокардиясы).

Түраксыз (стабильді емес) стенокардия.

Стенокардия емінің басты дәрмектері — антиангинальдік дәрілер:

• нитраттар мен сиднониминдер;

• В-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және кордарон;

• кальций антагонистері;

• калий каналдарының активаторлары.



Миокард инфаркты - тәж қанағымының миокардтың мүқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.

Миокард инфактымен сырқаттанатын науқастардың 1000 адамға шаққан саны 2,87 – 3,08 құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақан дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктының жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.



Этиологиясы .Миокард инфарктының негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркты дамуының тікелей себептері:

1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының оккюзиясы.

2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі.

3) критикалық стеноздың үстінде тәж артериясының түйілуі.

4) тәж артериясның критикалық стенозы үстінде миокардтың оттегіге сүранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызыметінең симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынаң).

Аталған тікелей себептерімен бірге миокард инфарктының дамуында келесі бейімдеуші факторлардың манызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар .



Миокард инфарктының клиникасы:

Ангиноздық түрі миоакрд инфаркты ангиноздық статустан басталады –төстің немесе жүректің тұсыедағы ауыру устамасынан. Көбіне ауырсынудын сипаты аса қатаң салмақ батқандай кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі. Ауру сол қолқа иыққа сол жауырынға мойынның сол жақ бетіне жақтын сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен женілдік болмайды. Ауыру стенокордияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі беилеп, салқын тері басады .

Астмалық түрі – миокард инфаркты ауырсынусыз, бірден жүрек астымасынан басталады. Миокард инфарктының мұндай бастамасы жүрегінде бірнеше постинфакттың аыртығы немесе диффузды кардиосклерозы бар қарт адамдарға және папиллярлық бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп орпопноэ күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсақ көпіршікті, кейін орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар алыстан естілген қырылды тыныс пайда болады. Өкпе артериясянда 1 тонның акценті естілді. Шулы қырылды тыныс кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктының астмалық түрі өте ауыр болғандықтан, көбіне өлімге алып келеді.

Аритмиялық түрі – миакард инфаркты пароксимзмдік ырғақ бұзылысынан (жыбыр аритмия, атриовентрикулалық блокададан) басталады. Мүндай жағдай өткізу жүйесінің некрозға немесе ишимияға ұшырауынан болады.

Абдоминальдік түрі инфаркттың бұл түрінде ауырсыну эпигастрий кіндік мықын және қабырға асты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуды іш қуысы ағзалаының патологиясымен байланыстырары. Клиникалық көрінісі асқазан мен онекіелішектің жара ауруына панкреатитке, жедел холециститке, аппендицитке ұқсайды. Диогноз қате қойлылғанда науқас ихирургиялық емге алынуы ықтимал. Сырқаттың белгілерін сүрыптағанда ауырсынудынң іш қуысында басым орналасқанымен, оның диафрагма күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысында тарауын ескерген жөн.

Диспепсиялық түрі. Абдоменальдік түрден айрықша, инфаркттың бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі – тағамдық интоксикацияға ұқсас дтспепсиялық бұзылыстар; жүрек айнуы, құсу .Бұл вариант мезентериялық артериялардың артеросклерозы және ас қорту жолдарының ілеспелі аурулары бар қарт науқастарда кездеседі .

Коллапстық түрі. Миокард инфаркты жедел тамыр шамасыздығынан басталады, артериялық және веналық қысымдар күрт төмендейді, науқастын әлі құрып тері басады, терісі бозарады, есі кіресілі – шығасылы болады ағыл - тегіл терлейді веналары жасырынады. Әрі қарай диурез азаяды және микроциркуляциялық бұзылыстар аса көлемді некроздын дамуында кездеседі.

Церебральдік түрі. Миокард инфаркты неврологиялық белгілерден басталады. Онын белгілері ми қанайналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды. Миокард инфарктының бұл түрі ауыр церебральдік атеросклерозы бар науқастарда байқалады.

Шетік (перифериялық) түрі. Бұл түрі жүрек тұсында, төс маңында, тіпті кеуде сарайында аурсыну болмайды. Ауырсыну иррадиация аймақтарында
ғана (иықта, жақта, мойында т.б.) сезіледі. Ауырсыну деңгеиі әртүрлі, бірақ көбіне айтарлықтай емес. Инфарктің бұл түрі көбіне егде, қарт, ауыр атеросклерозға шалдықан адамдарға тән.

Симптомсыз, ''мылқау'' түрі. Миокрад инфаркты жасырын дамиды. Көрінісінде себепсіз әлсіздік бастын аздап ауруы мен ауыруы мен айналуы, шамалы ентікпе, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфебрильдік қызба байқалуы мүмкін. Науқас өз жағдайын жағымсыз ауа райымен, салқындаумен байланыстырып, бұл белгілерге мән берместен аяқ устінде жүре береді. Симптомсыз миокаард инфаркты кездесоқ тексерілгенде немесе ЭКГ-да қалған тыртықтық өзгерістерден анықталады. Миокрд инфарктының симптомсыз түрі кенет өлім себебінің бірі болып табылады.

Оң қарыншаның жедел шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфаркты оң қарыншаның жедел шамсыздығынан басталады. Бұл жағдайда оң қабырғалықта асты өткір ауырады , бауыр тез ұлғаяды, жүрек айнуы, құсу байқалады және 18-20 сағаттан кейін ісіну пайда болады. Бұл оң қарыншаның жәке инфарктыда (өте сирек) немесе төменгі артқы инфаркттың оң карыншаға таралуынан болады. Оң қарыншалық инфаркт кеуденің оң жартысынан түсірілген кеуде тіркемерілнен анықталады.

Тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфарктының бұл түрінде ауырсыну болмайды. Сол және оң қарыншаның қатар көлемі некрозға ұшырауынан іркілес екі шенберде бір уақытта дамиды. Сол қарынша шамасыздығы журектік астма және өкпенің ісінуімен, оң қарынша шамасыздығы үлкен шенбердегі жетіп дамитын іркіліспен білінеді (бауырдың тез ұлғайып, қатты ауырсынуы, журек айнуы, құсу т.б.)

Шартты түрде миокард инфарктының астмалық коллапстық, церебральдік, диспепсиялық аритмиялық симптомыз және оң қарыншаның жедел шамасыздығымен, тотальді жүрек шамасыздығы мен дамитын түрлері жатады. Инфаркттың типті түріне қарағанда бұлардың барысы ауыр және өлімге жиілеу алып келеді. Өлімнің жиілігі бір жағынан кеселдің уақытылы анықталмай, науқастың ауруханаға кеш түсуінен де болады.



Миокард инфаркыының ауырсынусыз түрлері көбіне жас ұлғайған шақта, жүйелі атеросклероздың ауыр түрінде ,миокард инфарктымен бірнеше рет ауырған адамдарда, ЖИА артериялық гипертониямен, қантты диабетпен қатар жүргенде, яғни ауырсынуға сезімталдық төмендеген жағдайларда дамиды. Бұдан басқа барысына қарай миокард инфарктының рецидивтеуші, созылыңқы және қайталамалы түрлерін айырады.

Рецидивтеуші миокард инфаркты – инфаркттың өткір және өткірлеу кезендерінде (3-4апта ішінде) жаңа некроз ошақтарының дамуы. Егер жаңа некроз ошақтары 8 аптадан (бұрынғы инфаркт тыртықтталғаннан ) кейін пайда болса, оны қайтатамалы миокард инфаркты атайды. Миокард инфарктының созылыңқы барысы – некроз ошағындағы репарация процесінің бояу жүруі. Бұл жағдайда лабораторриялық, ЭКГ–лық көрсеткіштердің динамикасы қалынқы. Инфаркттың барысы ұзарып, науқастың сауығуы көпке созылады. Мұндай барыс әлсіреген, ілеспелі аурулары, ауыр стеноздаушы коронароскллерозы бар кәрі адамдарға тән.

Миокард инфарктының негізгі клиникалық синдромдары:

1. Ангинальдік синдром .

2. Ошақты ЭКГ – лық өзгерістер синдром .

3. Резорбциялық – некроздық миокард инфарктын дәлелдейтін басты синдром. Бұл синдром некроз ошағынан бөлінген заттардың қанға өтуінен және асептикалық қабынудан болды. Оның басты белгілері:


  • Дене қызуының 37-38 С шамасына дейін биіктеуі:

  • Нейтрофильдік лейкоцитоз

  • 5-7 –ші күндерде лейкоцитоздың төмендеуінен және ЭТЖ-ның жоғарылауынан болатын қайшылық белгісі .

  • Кардимоциттердің өлуін көрсететін лабораториялық белгілердің болуы. Кардиомиоциттер некрозының маркерлеріне бір қатар ферменттер – аспартататаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа креатинфосфокиназа, гликогенфосфорилаза және миозин, миглобин, Т,І кардиотропониндер жатады. Ферменттердің қандағы концентрациясы, некроздың көлеміне, инфаркт басталуынан кейін қан алу уақытына және некроз ошағынан ферменттердің шайылып шығу жылдамдығына тәуелді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 34,5 мин (35%)

1. ЖИА қауіп факторларына ... жатпайды.

а) тұқым қуалауға бейімділік

б) салқындау

в) темекі

г) семіздік

д) гиподинамия

2. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы:

а) бірнеше секундтан 1 минутқа дейін

б) 30 минуттан 1 сағатқа дейін

в) бірнеше сағат

г) 1 минуттан 10 минутқа дейін

д) бірнеше күн

3. Стенокардияның электрокардиографиялық белгілері ... тіркеледі.

а) ұстамадан кейін

б) тұрақты түрде

в) ұстама кезінде

г) бірнеше күн көлемінде

д) бір ай көлемінде

4. Стенокардия ұстамасы кезіндегі дене температурасы:

а) субфебрильді

б) фебрильді

в) субнормалды

г) төмендеген

д) қалыпты

5. Стенокардиялық ауырсынудың орналасу орны:

а) төс артында

б) эпигастрий аймағында

в) сол жауырын аймағында

г) сол қолда

д) сол қабырғаастында

6. Стенокардиялық ауырсынудың сипаты:

а) төс артында орналасады, қысып, басып ауырады

б) шаншып ауырады

в) жүрек ұшы аймағында орналасады

г) корвалолды қабылдаған соң басылады

д) оң жауырынға беріледі

7. Жүрек бұлшықетінде бір немесе бірнеше некроз ошағымен байланысты туындайтын жіті ауру – бұл ...

а) стенокардия.

б) миокард инфаркті.

в) миокардит.

г) артериалды гипертензия.

д) жүрек жеткіліксіздігі.

8. Миокард инфаркті жиі … кездеседі.

а) әйел кісілерде

б) жастарда

в) ер кісілерде

г) балаларда

д) ерлер мен әйелдерде

9. Миокард инфарктіндегі ауырулар ... болады.

а) қарқынды күйдіретін, басып тұратын сипатта

б) сыздап ауыратын сипатта

в) тұйық, екі жақты

г) толғақ тәрізді

д) айналдыра ауыратын

10. Ауырсыну төс артында, жүрек аймағында орналасқан, сол қолға, иыққа беріледі – бұл ...

а) жүрек ақаулары

б) бронхиалды астма

в) миокардит

г) миокард инфаркті.

д) диафрагмалды жарық

11. Стенокардияның патогенетикалық белгісі:

а) төс артының басып, қысып ауыруы

б) тыныштық күйдегі жүрек аймағының шаншып ауыруы

в) жүрек аймағындағы тұрақты шаншып ауыруы

г) физикалық жүктемеден кейінгі қарыншалық экстрасистолия

д) жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауыруы

12. Миокард инфарктінің атипиялық түріне ... жатады.

а) tumor

б) аnginosus

в) жүректік түрі

г) абдоминалды (гастралгиялық) түрі

д) аритмиялық

13. Төс артындағы ауырсыну миокард инфарктінде ... беріледі.

а) сол қолға, иыққа, мойынға

б) оң қолға, иыққа, мойынға

в) дененің екі бөлігіне де

г) ешқайда берілмейді

д) аяқтарға

14. Миокард инфарктінің асқынуына ... жатпайды.

а) кардиогенді шок

б) жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік

в) жүрек аневризмасы

г) миокардит

д ) жүрек ырғағының бұзылуы

Есептер:

Есеп №1

49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.

Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

2. Тексеру жоспары.

3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.



Есеп №2

Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.

Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

2. Тексеру жоспары.

3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

1. Өкпе текті жүректің емі.

2. Плевралық сұйықтықтың құрамын анықтау.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1 бөлім 1;

Н-2 бөлім 8

6 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі.

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі аурулары кезіндегі этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентерге миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі аурулары кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5. Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Дидактикалық және көрнекті құралдар; Қағазбен басып шығарылған тесттер; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.

Қосымша:


1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 13,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

Жүректің ишемиялық ауруы - тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.

Этиологиясы.

1. Тәж артериясының атеросклерозы.

2. Тәж артериясының түйілуі.

Жүрек ишемиялық ауруларына стенокардия және миокард инфарктісі жатады.



Миокард инфаркты

Миокард инфаркты - тәж қанағымының миокардтың мүқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.

Миокард инфактымен сырқаттанатын науқастардың 1000 адамға шаққан саны 2,87 – 3,08 құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақан дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктының жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.



Этиологиясы .Миокард инфарктының негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркты дамуының тікелей себептері:

1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының оккюзиясы.

2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі.

3) критикалық стеноздың үстінде тәж артериясының түйілуі.

4) тәж артериясның критикалық стенозы үстінде миокардтың оттегіге сүранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызыметінең симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынаң).

Аталған тікелей себептерімен бірге миокард инфарктының дамуында келесі бейімдеуші факторлардың манызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет