Күтімі.
Науқасты толық емдеу мақсатында барлық қолайлы жағдай жасалуы қажет. Вирусты гепатитпен ауырған науқастың жағдайы оның этиологиясына байланысты емес. Және де ең маңыздысы емдік-қорғау режимі – науқастардың активтілігі максималды түрде азаюы керек. Өйткені бұл кезде бауырдың тіндерінің репарациясы әлде қайда жылдамырақ жүреді. Науқастар аурудың жеңіл түрінде – жартылай төсектік, ал ауыр түрінде – төсектік режим сақтау керек.
Вирусты гепатитпен ауырған науқастардың клиникалық көрінісінің диапозоны өте кең болғандықтан медбике оны есепке алуы қажет. Бұл кезде науқаста кешкі және түнгі уақытта тері қышынуы мүмкін, көбінесе вирусты гепатиттердің холестатикалық түрінде байқалады. Қышынуды азайту мақсатында 1-2% ментол ерітіндісі және камфорлы спирт, 3% тағамдық уксус ерітіндісі қолданылады. Вирусты гепатитпен ауырған науқастарда сонымен қатар геморрагиялық синдром байқалуы мүмкін, бұл теріде қан құюлулар мен мұрыннан және басқа да қан кетулермен байқалады. Инъекция жасалған жерлерде геморрагиялар өте жиі кездеседі. Мұны болдырмау үшін күре тамырға инъекция жасау барысында өте мұқият болып, бір тамырға бірнеше рет жасамау керек. Гепатитті бөлімшеде жұмыс атқаратын медбикелер күнделікті ағымды дезинфекция жасауы қажет және санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы керек.
Ауруханадан шығару ережелері
ВГА-мен ауырған науқастарды сарғаю белгілері жоғалғаннан кейін, пигментті алмасулардың көрсеткіштерінің қалыптасуынан кейін және бауыр көлемінің кішіреуінен кейін ауруханадан шығарылады.
Алдын-алу шаралары
ВГА-ның алдын-алу мақсатында бірнеше шаралар қолданылады. ВГА созылмалы вирустасымалдаушылық болмағандықтан ауру көзі типті және атипті түрімен ауыратын науқастар болып табылады.
Диспансерлік бақылауды стационарлы гепатологиялық кабинетте өткізу қажет. Осындай кабинетті ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда учаскелік дәрігер бақылау жүргізеді.
Ауруханадан шықаннан кейін алғаш рет 15-30 күннен кейін қарайды, қайталап 3 айдан кейін, қалдық көрсеткіштері жоқ болғанда реконвалесцент диспансерлік есептен шығарылады. Қатаң клиникалық көрсеткіш бойынша арнайы санаторияларға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |