Ақпараттық-дидактикалық блок
Гепатит А (ГА) –бауырдың зақымдалуымен жүретін және қатерсіз ағыммен сипатталып, толық айығып кететін , РНК-құрамды вируспен шақырылатын жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы. ВГА (НАV) - бұл көлемі 26-28 нм болып келетін майда қабығы жоқ бөлік, электронды микроскоппен зерттегенде “бос” немесе “толық “ болып келеді. РНК-геном- бұл сызықтық, біреулік дөңгеленген молекула .
Вирустың жұқпалылығы 20 градус температурада жылдар бойы сақталады. Эфирге, қышқылдарға тұрақты. 1атм. (119-120 гр.) 20 мин. ішінде суда қайнатқанда, құрғақ ыстықта 180 С 1сағ. ішінде жойылады және 1мин. ішінде УФ –сәулесімен, 3 тәулік ішінде формалинмен (1:4000), 30 мин. ішінде 370С-та хлормен жойылады.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы. Жұғу механизмі фекалді-оралді, берілу жолдары алиментарлы, тұрмыстық қарым-қатынас. Плацента арқылы вирус өте алмайды.
ГА – жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Таралу дәрежесі бойынша ЖРВИ және жедел ішектік инфекциялық аурулардан кейін үшінші орын алады. Балалардың ауру жұқтыру саны 60% - ке жеткендіктен ГА балалар инфекциясы болып саналады. Көбінесе 3 – 7 жас аралығындағы балалар ауырады. Бір жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың қанында анасынан қалған трансплацентарлы антиденелер болады.
Аурудың өршу кезеңі күзгі – қысқы маусым. ГА – мен ауырып, айыққаннан кейін өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі.Тағаммен немесе сумен ВГА (НАV) асқазан-ішек трактіне түседі, жіңішке ішектің қабығын қамтып қанға өтеді, одан кейін гепатоциттерге фиксирленеді.Осының әсерінен клетка мембраналарымен араласып,(НАV) липидтердің тотығу процестерінің активациясын иницирлейді.Бұл биомембраналардың гидрофобты қабатындағы липидтердің дезорганизациясына алып келеді, яғни липид қабаттарында тесіктер пайда болып олардың өткізгіштігі жоғарылап кетеді.Цитолиз нәтижесінде қан сарысуында әр түрлі бауыр-клеткалы ферменттер пайда болып , зат алмасу процестері бұзылады; альбумин синтездеу қабілеті, ұю факторы, байланысқан билирубинді экскрепциялау бұзылады (“клеткалық регургитация” синдромы).
Биомембраналардың өзгергіштігінің нәтижесінде K – Na насосысының функциясы бұзылады, клеткаішілік ацидоз дамуы мүмкін. Гепатоцит мембраналарының құрылысы бұзылысынан, клеткаішілік рН қышқыл ортаға жылжуы қышқыл гидролазалардың пайда болуына алып келеді. Осының әсерінен некрозға ұшыраған бауыр клеткалары гидролизденеді, нәтижесінде ақуыздық комплекс ажырайды да, ауто – антиген ретінде гепатотропты вируспен бірге қызмет атқарады.
ГА патоморфологиялық өзгерістері бауырдың барлық ұлпалық компоненттерінде көрінеді: паренхима, дәнекер тінді строма, ретикулоэндотелий, өт шығару жолдары. Органның зақымдану дәрежесі ұлпаның эпителиалді бөлігіндегі дистрофиялық және некротикалық өзгерістерге байланысты болады. Клиникасы. ГА типтік ағымының бес кезеңі бар: 1. Инкубациялық 10 – 45 күн. 2. Продромалды 2 – 6 күн. 3. Өршу 7 – 14 күн. 4. Сарғаюдан кейін. 5. Реконвалесценция 2 – 3 ай.
Продромалды кезеңніің клиникалық көрінісі:
Дене температурасы субфебрильді немесе фебрильді (38 – 390С)
Жалпы жағадайы нашарлайды (бас ауру, тәбеттің төмендеуі, сандырақ)
Жүрек айну, құсу, іш ауру (оң жақ қабырға аралықта немесе белгісіз локализациямен)
Сонымен қатар қысқа диспепсиялық өзгерістер көріністер береді: метеоризм, іш қату, іш өту. Жеңіл катаральді құбылыстар : мұрын бітелуі, жұтқыншақ гиперимиясы.
Ауру басталғаннан бір – үш күннен кейін температура төмендейді. Бірақ, жалпы әлсіздік, іш аймағындағы ауырсынулар, диспепсиялық симптомдар сақталады. Осы кезде гепатомегалия байқалады. Пальпация кезінде бауыр ауырсынады. Продромалды кезеңінің соңында несеп түсі қараяды, ал нәжіс түссізденеді.
Диагностикалық тексеру тәсілдері:
Бауыр - клеткалық ферменттің активтілігі – АлАТ және АсАТ жоғарылайды.
Тимол сынамасы жоғарылайды
β – липпротеид жоғарылайды
уробилин, содан кейін өт пигменттері
Типтік ағымдағы ГА сарғаю кезеңдерінің симптомдары. ГА сарғаю кезеңінің ерекшелігі болып науқаста сарғаюдың пайда болып, оның жағдайының жақсаруы болып саналады, яғни интоксикация симптомы төмендейді, тәбеті жақсарады, қозғалу активтілігі артады. Сарғаю кезеңінде бауыр өлшемдері максимальді үлкейеді, оның шекарасы қатайған, дөңгеленген, пальпацияда – ауырсыну. Ахолия және холурия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |