Күтім ерекшеліктері. Менингококты инфекция ауа-тамшылы жұғу себебінен бөлімшеде жұмыс атқаратын медицина қызметкерлері үнемі бет пердеде жүру міндетті. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырған науқастар қатал төсектік режимде болғандықтан үнемі дұрыс күтімді талап етеді. Менингококкемия кезінде терінің трофикасының зақымдалу салдарынан терінің ойылулары пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты медбике науқастың төсектегі жағдайын үнемі ауыстырып, терісін жылы сумен және спирт ерітіндісімен өңдеп тұруы керек. Құрғақ некроз ошақтары анықталған жерлерге құрғақ стерилді байлама таңылады. Теріде ойылулар анықталған жағдайларда камфорлы спирт ерітіндісімен өңделеді. Сонымен қатар ауыз қуысын өңдеуді де ұмытпау керек. Осындай терінің және кілегей қабаттарының күтімін менингитпен ауырған науқастарда талап етеді. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырған науқастарда жоғары сезімталдық болғандықтан, палатада қорғау режимін қадағалау керек.
Науқастарға дезинтоксикғация мақсатында құйылатын сұйықтықтардың көлемін тәуліктік диурез арқылы жасалатындықтан, медбике шығарылып жатқан сұйықтықты үнемі өлшеп отыру керек. Егер несеп шығару кедеріп жатса, қуықтың толуын болдырмау үшін, уақытысымен науқасқа катетр қойылады.
Менингококты инфекцияның жайылмалы түрінде болатын асқынуларды ескере отырып, біріншілік клиникалық белгілерді емдеуші немесе кезекші дәрігерге тез арада хабардар ету керек. Бұл мақсатта аса көңілді мынындай белгілерге аударамыз: тері қабатының бозаруы, цианоз, құсу, пульс жиілігінің өзгеруі, қан қысымына, сананың бұзылуына, қозудың пайда болуына.
Менингококты инфекциямен ауырған науқастарды күту барысында қатал санитарлы-гигиеналық тәртібті сақтауды және ағымды дезинфекцияны жүргізуді бақылау қажет.
Емі. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрі тек қана ауруханада емделетінін есте сақтау қажет. Менингококкемия кезінде науқасты жансақтау бөліміне жатқызылып, ол жерде үнемі аурудың үдеуін алдын алатын үздіксіз бақылау жүргізіледі.
1.Режим (қатал төсектік)
2. Этиотропты ем.
Левомицетин натрий сукцинаты 25 мг\кг, пенициллин (бензилпенициллиннің калий тұзы) 300 мың\ кг.
3. Патогенетикалық ем.
Реополиглюкин 15-20 мл\кг, 10% альбумин, плазма, полиионды ерітінділер.
4. Симптоматикалық ем. (анальгин, димедрол, пипольфен, седуксен)
ИТШ алдын алу үшін глюкокортикостероидтар (преднизалон) 2-3 мг\кг.
Дегидратация мақсатында зәр айдайтын препараттар – лазикс, диакарб, глицерол, триампур.
ИТШ: оксигенотерапия, преднизалон 10-30 мг\кг.
Достарыңызбен бөлісу: |