8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)
Менингококты инфекция, күл этиологиясы, инфекция көзі
Берілу механизмдері
Патогенез, алдын алу шаралары
Емдеу, арнайы профилактика
Менингококты инфекция, күл эпид.ерекшеліктері
Ақпараттық-дидактикалық блок
Менингококты инфекция – жедел респираторлы, бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы жолмен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатын зақымдаумен сипатталатын және инфекцияның жайылмалы түріне өтуге бейім болып келетін жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Neisseria meningitidіs, қозғалмайтын, грамм теріс, спора және капсула түзбейтін, морфологиялық тұрғыда «кофе дәндеріне» ұқсас микроорганизм. Беткейлік антигендеріне байланысты А, В, С, D, N, X, Y, Z және басқа да серотоптарын ажыратады, адам ағзасына А және В серотоптары аса уытты болып табылады. Менингококк жойылғанда эндотоксин бөледі, сыртқы ортаға төзімсіз, көптеген антибиотиктерге және дезинфекциялық ерітінділерге аса сезімтал.
Эпидемиологиясы. Менигококты инфекция – антропонозды жұқпалы ауру. Инфекция көзі болып ауру адам немесе бактериатасымалдаушы табылады. Аурудың берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы ауа-тамшылы, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде сөл тамшыларымен сыртқы ортаға бөліну арқылы жұғады. Маусымдылығы күз- көктем айлары.
Патогенезі. Қоздырғыш адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы еніп, сол жерде жергілікті қабыну дамиды. Сирек жағдайда қоздырғыш жергілікті қорғаныс тосқауынан өтіп аурудың жайылмалы түрінің дамуына алып келеді. Ішкі ағзаларға, теріге және кілегей қабаттарға қан құйылулар менингококкемиядағы айқын бактеремияның салдарынан, эндотоксин бөлінуінен қан тамыр қабырғаларының эндотелидің зақымдануынан болады. Өте көп мөлшерде эндотоксин бөлінуден инфекциялық токсикалық шок пайда болады. Егер менингококтар гематоэнцефалдық тосқауылдан өткен жағдайларда ми қабатына шоғырланып, қабыну үдерістерін тудырады. Кейбір сирек жағдайда қоздырғыштың гематогенді диссеминациясы өкпеде, эндокарда, буындарда және көздің тор қабатында қабынуға алып келуі мүмкін. Инфекцияның жайылмалы түрінде леталды шешімге 10% немесе оданда жоғары болады. Өлімге әкелудің негізгі салдары жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі, бас миының және өкпенің ісінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |